Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет168/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

- жауапты мемлекеттік органдар: ҚР ӘМ, ҚР БҒМ, ҚР БП, ҚР ЖС, ҚР 
ІІМ, ЖАО 
- ҚР БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдары; 
- білім беру ұйымдары; 
- ҚР Халқы. 
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын қоғамдық басқару құрылымы 
Ата-аналар қауымдастығы бүгінде отбасы мен мектеп қарым-қатынасын 
қамтамасыз ететін әлеуметтік серіктестік деңгейінде құруды ұсынады: 
- білім беру мен мектепті басқаруға ата-аналар мен қалың 
жұртшылықтың қатысу дәрежесін мектептің білім беруге әлеуметтік және 
мемлекеттік тапсырыстарды орындауына жүйелі және тұрақты қоғамдық 
бақылауды қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру; 
- ата-аналар мен білім алушылардың тән топтарының қажеттіліктеріне
күтулеріне, ниеттеріне, тәрбиелік және экономикалық мүмкіндіктеріне қарай 
отбасы мен мектеп арасындағы өзара қарым-қатынастарды саралау; 
- әріптестердің заңды ұстанымдарының (рөлдерінің, құқықтары мен 
міндеттерінің) өзгеруі; 
- өз балалары үшін білім берудің типін, сипатын және қосымша білім 
беру қызметтерін таңдау мүмкіндіктерін кеңейту (әлеуметтік тапсырысты іске 
асыру); 
- ата-аналарға тән топтардың білім беру қажеттіліктері мен әлеуметтік 
ерекшеліктерін ескере отырып және жалпыға бірдей құқықтық оқытудың 
нысандарын, әдістері мен мазмұнын тиісті саралаумен қамтамасыз етілетін 
халықты педагогикалық құқықтық ағартудағы сапалы өзгерістер; 
- құқықтық білім беру сапасын және білім беру процесінің барлық негізгі 
қатысушыларының өзара қарым-қатынастарына қанағаттану дәрежесін 
арттыру. 


375 
Отбасы мен мектеп арасындағы серіктестік қарым-қатынастың 
құрылымдық және функционалды моделі 
Өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары: 
Жалпы құқықтық білім беру ұйымында: 
- жалпы білім беретін мектеп үшін дәстүрлі балалардың білім беру 
қызметінің құрылымы мен мазмұны; 
- балалардың құқықтық білім алуына әлеуметтік (қоғамдық) тапсырысқа 
сәйкес келетін қосымша білім беру қызметтері. 
Отбасы және жұртшылықпен жұмыста: 
- әлеуметтік - педагогикалық серіктестік деңгейінде құқықтық білім беру 
және тәрбиелеу саласында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы мен өзара 
әсерін зерделеу және ұйымдастыру жөніндегі ғылыми-зерттеу және 
тәжірибелік-эксперименттік қызмет; 
- құқықтық сауаттылықты арттыру саласында отбасы мен мектептің 
әлеуметтік-педагогикалық әріптестігін ұйымдастырушылық және ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету; 

халықтың тән топтарының құқық саласындағы білім беру 
қажеттіліктерін анықтау және есепке алу (балалардың білім алуына әлеуметтік 
тапсырыс); 
- қосымша, бейресми білім беру бағдарламаларын, элективті курстарды, 
оқу-әдістемелік кешенді (құқықтық білім беру мазмұны) талқылауға, бекітуге 
және құқықтық білім мен тәрбие сапасын бақылауға ата-аналар мен өзге де 
жұртшылықты тарту. 
Ата-аналарға құқықтық білім беруді ұйымдастыруда: 
- әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің құқықтық білім берудегі білім 
беру қажеттіліктерін зерделеу; 
- ата-аналарды құқықтық ағартудың дәстүрлі фронтальды формаларын 
қолдану; 
- анықталған білім беру қажеттіліктеріне сәйкес ата-аналарды сараланған 
құқықтық даярлауды ұйымдастыру; 
- ата-аналардың сараланған құқықтық дайындығын ұйымдастырушылық 
және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. 
Жоба жіберілген халықтың санаттары 
- жасөспірімдер, оқушылар, оқитын жастар; 
- ата-аналар; 
- педагогикалық кадрлар. 
Іске асыру кезеңдері мен тетіктері 
I кезең – дайындық
- Осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті 
атқарушы органдардың, білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді және 
өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 
- Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, білім беру 
ұйымдарының міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ олар көрсететін 
қызметтер сапасының стандарттарын, осы саладағы бақылау тетігін айқындау; 


376 
- Жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы 
органдардың, білім беру ұйымдарының бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге 
асыру; 
- Құқық, психология, педагогика, әлеуметтану, бұқаралық коммуникация 
теориясы, криминология және басқа да ғылымдар саласындағы әзірлемелерді 
пайдалана отырып, осы жобаны іске асыруды ғылыми және әдістемелік 
қамтамасыз ету; 
- Жобаны іске асыруға қатысушылардың өзара іс-қимыл нысандарын 
әзірлеу; 
- Жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысуды моральдық және 
материалдық ынталандыру және көтермелеу жүйесін құру. 
II кезең - мазмұндық
- мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің оқу бағдарламаларына білім алушыларды қатарластары және 
ересектермен өзара қарым-қатынастың қарапайым жалпы қабылданған 
нормалары мен қағидаларына (адамдарға ықыластылық, ынтымақтастық пен 
достыққа әзірлік, оған мұқтаж адамдарға көмек көрсету, айналасындағыларға 
құрмет көрсету) баулу міндеттерін енгізу, сондай-ақ жеке тұлғаның құндылық-
мағыналық саласын дамыту; 
- түрлі үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарында құқық негіздеріне 
оқыту практикасын дамыту, құқықтық білім берудің өңірлік модельдерінің 
әртүрлі нұсқаларын қолдау, құқықтық тақырыпты қамтитын оқу курстарын, 
тиісті білім беру бағдарламаларын, оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеу;
- қиын өмірлік жағдайдағы балаларға, қиын жасөспірімдер мен кәмелетке 
толмаған құқық бұзушыларға құқықтық білім беру мен тәрбиелеудің арнайы 
бағдарламаларын қолдану; 
- жобаны іске асыру бойынша педагогтердің, ата-аналардың және 
жұртшылықтың іс-қимылын үйлестіру және басқару; 
- ересектерге арналған қосымша құқықтық білім беру бағдарламаларын 
тарату;
- педагогтердің заңгерлік сауаттылық деңгейін арттыру; «Құқық 
негіздері» оқу пәнінің оқытушыларын даярлау, сондай-ақ құқықтық пәндер 
оқытушыларының кәсіби және әдістемелік даярлығын жетілдіру;
- құқықтық білім беру және тәрбиелеу саласында ата-аналармен (заңды 
өкілдермен) жұмыс жасауда педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру; 
- құқықтық білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу; 
- білім беру ұйымдарының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру 
саласындағы оң тәжірибені тарату. 
III кезең, жалпылау
- 1 жылдағы деректерді өңдеу және түсіндіру. Бағдарламаны іске асыру 
нәтижелерінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге арақатынасы.
- Тәрбие жүйесін одан әрі қалыптастырудың перспективалары мен 
жолдарын анықтау. 
 


377 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет