Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет36/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жетекші субъектілерінің (отбасы, 
мектеп, қоғамдық ұйымдар) педагогикалық күш-жігерін үйлестіру мынадай 
бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 
- Тәрбие процесінің осы субъектілерінің әрқайсысының функцияларын 
нақты бөле отырып, мектептің, ата-аналар комитетінің, алдын алу кеңестерінің, 
клубтардың, кітапханалардың, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау 
органдарының педагогикалық ұжымының тәрбие жұмысын үйлестіру. 
- Ата-аналар мен қоғам өкілдерін балаларды тәрбиелеудің ең тиімді 
әдістері мен тәсілдеріне жүйелі түрде оқыту бойынша мектептің күш-жігерін 
үйлестіру.
- Тәрбие жұмысының барысы мен нәтижелерін мұқият зерделеуді және 
бірлесіп талқылауды, анықталатын кемшіліктердің себептерін анықтауды және 
жоба барысында оларды жою бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруды 
үйлестіру. 


82 
- Ата-аналар бірлестіктерінің жұмысын үйлестіруші әртүрлі комитеттер, 
кеңестер, конгрестер, қауымдастықтар, қоғамдар және т.б. нысандар, олардың 
әрқайсысының өз жарғысы (ережесі, регламенті), қызметтің басты бағыттары, 
тәрбие процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады. 
«Отбасы - орта мектеп» жобасының негізгі талабы мектеп қызметінің барлық 
бағыттарын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жұмысты үйлестіру әрекеті кезіндегі мектеп пен отбасының өзара қарым-
қатынас реттілігі
Мектеп 
Отбасы 
Отбасына жұмыс жоспарын таныстырады Осы жұмыстың балаға әсерін бағалайды
Күрделі мәселелелерді шешеді 
Олардың шешу әрекетнің өлшемін 
анықтайды 
Іс-шараға қатысуға шақырады 
Шақыруға көңіл бөледі, қатысады 
Көмек қажеттігін хабарлайды
Көмек көрсетеді, ұсыныс жасайды 
Ортақ жұмыстарды ұйымдастырады 
Ортақ жұмыстарға қатысады 
Педагогикалық- психологиялық ағарту 
Педагогикалық-психологиялық – білім беру бағытында отбасымен өзара 
ынтымақтасу бүгінде өзекті. Қазіргі заманғы жас ата-аналар балаларды тиімді 
тәрбиелеу үшін арнайы педагогикалық ағарту кеңестерінен өтуі тиіс, өйткені 
психологтердің пікірінше, «баланың дамуына мектеп емес, ең бірінші ата-анар 
әсер етеді». 
Ата-аналардың 
педагогикалық-психологиялық 
ағартылуын 
ұйымдастыруда нені білуі керек? 
1.Педагогикалық-психологиялық, 
әлеуметтік-экономикалық, 
медициналық-экологиялық және басқа да сауаттылық ата-аналарға қанша 
көлемде қажет? 
2.Сабақтарға 
арналған 
материалды 
таңдау 
шарттары 
(кіріс 
диагностикасының нәтижелері бойынша ата-аналардың сұранысы): материал 
ата-аналарға қызықты және олардың қабылдауына қол жетімді болуы, олардың 
сұраныстарына жауап беруі; отбасының жеке ерекшеліктері ескерілуі керек. 
Ата-ана сауаттылығын арттыру үшін жалпы тақырыпқа кейстер әзірлеу 
(ата-аналардың таңдауы бойынша). Мысалы, төменде практикада қолдануға 
болатын 8 тақырыптық жағдаят келтірілген. 
№1-кейс 
Отбасылық құндылықтар 
мен отбасылық қарым-
қатынас 
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды тұрақты 
қалыптастыру мен танымал етуге бағдарланған 
қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық 
материалдар мен бағдарламаларды енгізу. 
Кейс жоспары: 
1. Отбасы дағдарысының себептері
2. Отбасылық құндылықтар мектебі 
3. Ойын тренингі «Баланы отбасы дәстүрлерінің 
құндылық 
қатынастарына 
қалай 
үйретуге 
болады?» 


83 
№2-кейс 
Мектеп пен отбасының 
өзара әрекеті. Білім беруді 
басқаруға 
ата-ананың 
қатысуы 
Мақсаты: Серіктес мекемелер базасында жүзеге 
асатын отбасылық тәрбие мен ата-аналардың 
ағарту жұмысын дамыту.
Кейс жоспары: 
1. 
Білім 
беруді 
басқаруға 
ата-ананың 
қатысуының формасы. Топтық жұмыс. 
2. Жұмыс тәжірибесі.
3. Шеберлік сынып «Мектептің даму жоспарын 
әзірлеу» 
№3-кейс 
Отбасы мен ат-ананың 
бала 
тәрбиелеудегі 
қызметі мен ролі 
Мақсаты: бала тәрбиесіне отбасының жағымды 
ісерін көтеру, ал жағымсыз әсерін барынша 
төмендету
Кейс жоспары: 
1. Отбасы тәрбиесінің әртүрлі тәсілдері 
2. Өмірлік жағдаяттарды талдаумен ойын 
жаттығулары 
3. «Отбасылық жанжалсыз қарым-қатынасты 
қалай құру керек?» Ата-аналарға жадынама 
№4-кейс 
Отбасы және ата-тегінің 
тарихы, 
отбасылық 
дәстүрлер 
Мақсаты: Өзінің отбасы тарихына, отбасылық 
дәстүрлеріне, ата-тегіне деген қызығушылығын 
дамыту 
Кейс жоспары: 
1. Отбасылық дәстүр дегеніміз не және ол не 
береді? 
2. Қандай отбасылық дәстүрлер болады? 
3. Отбасылық қызықты дәстүрлерді талдау 
4. Отбаслық дәстүрді қалай құруға болады? 
5. Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер. 
№5-кейс 
Отбасының 
қаржылық 
сауаттылығы 
Мақсаты: Бала бойында қаржылық сауаттылық 
дағдының қалыптасуына қатысатын ата-ана 
санынын өсіру 
Кейс жоспары: 
1. Отбасының экономикасы және қаржылық 
жоспар 
2. Тренинг. Отбасылық бюджетін құру 
2. 
Оқушының және оның ата-анасының 
қаржылық мақсаттары 
№6-кейс 
Отбасының 
ақпараттық 
мәдениеті 
Мақсаты: Тиімді отбасылық тәрбие үшін білім 
алушының ата-анасында ақпараттық мәдениетті 
қалыптастыру.
Кейс жоспары: 
1. Балалардың виртуалды кеңістіктегі ойынға 
тәуелділігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет