Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет34/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Оқу-тәрбие процесіне отбасы мен мектеп ынтымақтастығы негізінде мектеп 
директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына 
әдістемелік ұсынымдар 


78 
Мектептің ата-аналармен өзара ынтымақтастығы білім алушыны 
тәрбиелеудегі өзара қызығушылық, сенім, құрмет, шыдамдылық және бір-бірін 
қолдау қағидаттарына негізделу; 
- Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін 
реттеу мақсатында олардың арасында міндетті түрде үлгі шарт жасау; 
- Ата-аналар білім беру ұйымымен білім алушыны тәрбиелеу және оқыту 
мәселелерінде өзара ынтымақтастық жасау; 
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген 
шеңберінде оқу-тәрбие процесін іске асыруға қатысу; 

Ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар 
жиналыстарының шешімдерін ескеруге, ата-аналар комитеттері арқылы білім 
беру ұйымының басқару органдарының жұмысына қатысу; 
- Ата-аналар мен балалардың азаматтық-құқықтық нормаларын сақтауы 
және олардың құқықтық мәдениетін арттыру; 
 
Отбасы – адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі және ерекше 
әлеуметтік тәрбие институты. Отбасы неғұрлым жақсы болса және ол тәрбиеге 
жақсы әсер етсе, тұлғаның физикалық, моральдық, еңбек тәрбиесінің 
нәтижелері соғұрлым жоғары болады. 
- Ата-аналардың жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыруы; 
- Ата-аналардың құзыреттілік деңгейін, ата-аналардың өзін-өзі
тәрбиелеуі қажеттілігін арттыру; 

Мектепте ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық
оқулар, семинарлар, кеңестердің жүйелі өткізіп, талдау; 

Мектепте «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге
асыру; 

Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адам
құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік 
үлес қоса алатын тұлғаны тәрбиелеу; 

Орта мектеп бағдарламасы білімалушылардың «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық 
жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті 
дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен 
экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және 
мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін 
қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;. 

Өз елінің және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-
бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, 
ойлау, коммуникативтік дағдыларды дамытуды жүзеге асыру; 
- Отбасының қоғаммен, мектеппен ынтымақтастықта тығыз байланыста 
болуын қамтамассыз ету; 
- Білім алушылардың функионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі 
бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен педагогикалық 
кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру; 


79 
- Білім алушылардың мектепте білім алып қана қоймай, алған білімдерін
өмірде қолдану дағдыларына баулуды басты міндетке айналдыру; 
- Функционалдық сауаттылығын арттыру бүгінгі мектептің өзекті 
мәселесі. Функционалдық сауаттылықты біліммен, іскерлікпен және 
дағдылармен ғана шектемей, алған білім, тәжірибесінің негізінде өзінің бойына 
сіңірген құзыреттіліктерімен анықтау; 
- Отбасының және білім алушылардың оқу сауаттылығын кітап оқу, түрлі 
әдеби жанрларды оқып оны өз ортасында талдауды, пікір алмасу, ой 
қорытындылау, осы арқылы олардың ұлтына, еліне, халқына деген 
сүйіспеншіліктерін арттыру, тұлғалық әлеуетін дамыту;
-Мектеп отбасы мен жұртшылықтың күшін біріктіретін негізгі орта. 
Мектеп отбасына тікелей педагогикалық басшылық жасайтын маңызды 
әлеуметтік институт. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығында баланың 
жеке тұлғалық құндылықтарын бойына сіңіруіне, білім, білік, дағдыларын 
қалыптастыруға, қоғамда өз орнын табуына көмектесу; 
-Ұлттық құндылықтар мен отбасындағы идеялық құндылықтарды
қалыптастыруда сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің міндетін айқындау;
- Отбасында идеялық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет