101
ауылдық жердің мәдениетімен таныстыруға, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді
құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған. Жазғы әлеуметтік практиканың
міндеттері:
ауыл халқының мәдениетін тану, түсіну, өмір салтына баулу
арқылы қоғамға қатыстылығын, бірегейлігін қалыптастыру; қазақ тілін меңгеру
практикасы, еңбек дағдыларын, ересектермен,
құрдастарымен қарым-қатынас
тәжірибесін дамыту; тұрмыстық және коммуникативтік кедергілерді еңсеру
арқылы денсаулықты, өмірлік тұрақтылықты қалыптастыру жүзеге асырылады.
3. Білім алушылар ата-бабасының тарихын зерттеу әдістерін меңгеру
жұмысын жоспарлай алуы керек. Өз жұмысын жоспарлау мүмкіндігі кез-келген
қызметті жеңілдетіп қана қоймай, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл
әсіресе білім алушылар үшін өте маңызды.
Балаларға уақытты ақылмен
басқаруды үйрету. «Менің отбасымның шежіресі» зерттеу жұмысы
I. Шежіре құрудың мақсатын анықта.
- жеке қызығушылықты қанағаттандыру;
- отбасылық пайдалану;
- өз ата-бабасының тарихына деген қызығушылығын дамыту және
зерттеуді жалғастыру;
- отбасы тарихын ел тарихы немесе «кіші отан» тарихы контексінде қайта
құру;
- алынған материалдарды ұрпақтан
ұрпаққа сақтау мақсатында
баспасөзде жариялау.
II. Мақсатқа жету кезеңдерін анықта.
1-ші кезең. Материалдардың барлық түрлерін жинау;
2-ші кезең. Жиналған материалдарды өңдеу және жүйелеу;
3 кезең. Жеті атаны анықтау, зерттеу;
4-ші кезең. Шежіре байланыстарын құру;
5-ші кезең. Ресімдеу жұмыс;
III. Әр кезеңнің міндеттері мен оларды шешу әдістерін анықта.
1-ші кезең. Материалдардың барлық түрлерін жинау.
1-тапсырма. «Өз жұртың» «Жеті атаң» бойынша барлық материалдарды
жинақта.
Шешуші әдістер:
- зерттелетін тұлға бойынша құжаттарды, хаттарды, фотосуреттерді, жеке
заттарды, жәдігерлерді, марапаттарды және т.б. таңдау;
- туыстың өзі немесе оны білген адамдар туралы естеліктерді оның
туылуы мен өміріне байланысты оқиғалар туралы ой-пікірлерді диктофонға
жазу;
- шежірені құрастырудың бастапқы кезеңіне
арналған сұрақтар тізімін
қолдана отырып, өмірбаяндық немесе өмірдеректік материалдарды жазу;
- тарихи маңызды ең көне фотосуреттерді және т.б. барлық
фотосуреттерді таңдау.
- отбасылық мұрагерлерді таңдап, оларға төлқұжат жасау.
- мұрағат мекемелеріне іздеу салу.
2-тапсырма. «Нағашы жұрт» бойынша барлық материалдарды жинау.
Шешуші әдіс: аналогиялық.
102
3-тапсырма. Ру өкілдері өмір сүрген уақыт
туралы тарихи мәліметтер
жинау.
Шешуші әдістері:
- кітапханада немесе интернетте сөздіктермен, энциклопедиялармен,
анықтамалықтармен, басқа да анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасау.
- өлкедегі, елдегі тарихи оқиғалардың хронологиясын зерттеу.
- мұрағат мекемелеріндегі жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: