Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет41/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 
Тәрбие процесінде «Отбасы-орта мектеп» жобасыніске асыру бойынша 
сынып жетекшісінің жұмысына әдістемелік ұсынымдар 
 
- Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайтуда бірлескен іс- 
әрекетті жандандыру; 
Ұлттық құндылықтар мен отбасындағы идеялық құндылықтарды 
қалыптастыру; 
- Мектпетегі оқу процесінде, сыныпта және сыныптан тыс
жүргізілетін іс-шаралардың мазмұнында айқындау; 
- Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың,
мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауын қамтамассыз 
ету; 
- Отбасындағы психологиялық ахуалды қалыптастырудың  
ерекшеліктерін анықтау; 
- Отбасына психологиялық көмек беру; 
- Отбасында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру; 
- Ешбір елдердің отбасы тәрбиесінде айтылмайтын «ар», «намыс»,
«ұят» ұғымдары қазақ отбасы тәрбиесінде ғана айтылып, оны тәрбиенің жоғары 
деңгейіне қойған. Балалардың теріс әрекеттеріне «ұят болады» деген сөздер жиі 
қолданылып, олардың тәрбиесіне дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың ұятты 
әрекеттері тек ата-анасының ғана емес, оның барлық туыстарының, елінің, 
руының ар-намысына нұқсан келтіретіндігі туралы айтылып, алдын-ала өсиет-
өнегесін бере отырып тәрбиелеу; 
- Қазақтың әр отбасындағы осы «Өлімнен ұят күшті» деген ұлы сөзі
намысты қорғау идеясын уағыздау; 
- Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы
құндылық. Ұят – жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсіну; Намысқа кір 
келтірушілік, моральдік рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық 
жағымсыз қасиеттерден арылуға тәрбиелеу;. 
- Ұлы Абай, Шәкәрім сынды даналардың айтқан ұлағатты сөздерін
дәріптеп, күнделікті мектеп өмірінде арнайы айдармен насихаттап отыру; 
- Адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана- 
сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдік-этикалық 
жиынтығы. Қазақтың адалдық, пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді 
қасиеттерін нормаға сай қалыптастыру.
 
Бастауыш білім беру деңгейіне ұсынымдар мен әзірлемелер 


96 
Оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға ұлттық және отбасылық 
құндылықтарды беруде олардың ынта-ықласымен ұштастыру, өмірлік 
тәжірибеге сүйеніп баяндауға, эмоциялық өң беріп, публистикалық 
мақалаларды пайдалану, қате, тоғышар ұғымдарды талдау болып табылады. 
Мұғалімнің алдын-ала практикалық тапсырмалар беріп (бақылау, дерекке ой 
жүгірту, талдау, сыни пікір қалыптастыру, сауалнама алу т.б.), осы нақты 
педагогикалық тапсырмалардың тиімді пайдаланылмауынан туындайды.
Сондықтан оқу процесінде түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалануға 
айырықша көңіл бөлуіміз керек. (әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен дербес 
жұмыс, өзіндік талдау жасау, сыни пікір алмасу) мүмкіндік болса, ережелерді 
білім алушыларға даяр түрінде ұсынбай, олардың осы ережелерді өздері 
жасауға жағдай жасауымыз қажет.
- Отбасылық құндылықтар ұл бала мен қыз баланың перзенттік 
борышына негізделгендігін түсінуге көмектесу;
- Рухани-адамгершілік өмірдің байлығы, қоғам мен отбасы мүдделерінің 
үйлесімді ұштасып келуі, отбасының тәрбиелеушілік мүмкіндіктерінің күшеюі, 
яғни балаларды тәрбиелеуде жауапкершіліктің артуымен сипатталады. Осы 
мақсатта білім алушыларға: адам мінезінің қалыптасып, шыңдалуына ең күшті, 
ең алдымен тікелей әсер ететін кітаптар ма, мұғалім бе, достары, отбасы, 
көркем фильмдер ме, әлде қоғамдық ұйымдар ма? деген сұрақтармен жетелеу.
- Балаларды еңбек және шығармашылыққа жетелеу
- Құрмет көрсету. Адамды құрметтемеу – қарым-қатынастың бұзылуына 
және тіпті зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Балаларды бастауыш кезеңнен 
бастап бір-бірін, ата-анасын, мұғалімдерін құрметтеуге үйрету;
- Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі өткір мәселе болып 
табылады, оның әртүрлі аспектілері ата-аналар жиналыстарында талқылануы 
керек. Сынып жетекшісі ата-аналардың балаларының тағдырына деген 
қызығушылығын көре отырып, бірлескен ынтымақтастықты орната білуі тиіс;
Оқу процесінде білім алушыларға отбасының еңбек жағдайын жасаудың 
қажетті шарты болып үлкендер жағынан да, кішілер жағынан да еңбекті сүйе 
білу керектігін көрсету керек. Балалардың еңбек сүйгіштігін бастауыштан 
бастап қалыптастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет