Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет42/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

1-4 сынып оқушыларында келесі жұмыс түрлерін қолдана отырып:
- ата-аналардың қатысуымен тақырыптық сынып сағаттарын («Менің 
отбасымның мамандықтары», «Менің тату отбасым») өткізу;
- шағын жобалар (Менің отбасылық шежірем», «Менің әжем – ең асыл 
жан!»; «Менің інім бар!», «Біздің отбасымыздың туған күндері». «Отбасылық 
мерекелерді қалай атап өтеміз?», «Ата-баба дәстүрі», «Әке көрген оқ жонар, 
шеше көрген тон пішер» және т. б.) тәрбие сағаттарын, кездесулер, дебат, 
бірлескен шығармашылық кештер, мерекелер, экскурсиялар және т. б. өткізу;
-
«Отбасы 
шежіресі», 
«Біздің 
отбасымыздың 
тарихы», 
«Отбасымыздың дәстүрлері», «Әжемді (атамды) тыңдсам..», «Менің отбасым 
Отанды қорғауда», «Менің туыстарым майданда және тылда жеңіске жетті» 
(мысалы, ата-әжелері болуы мүмкін, олар өз отбасыларының тарихын 
баяндайды, дәстүрлермен таныстырады және т. б.);


97 
-
«Менің отбасымның фотосуреттегі шежіресі», «Менің атам» 
отбасылық фотоконкурстар , «Қымбатты қарттарым!», «Әкем, анам және мен» 
«Менің отбасым» сурет байқаулары, табиғи материалдан – «Күз сыйлықтары» 
моншақ, кесте, оригами, ағаш ою, күйдіру және т.б. отбасылық шығармашылық 
қолөнер көрмелерін ұйымдастыру. 
 
«Оқуға құштар отбасы» конкурсы 
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің (ата, әже, әке, ана, бала) кітап оқуға 
деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктерін дамыту. 
Міндеттері:
1. Отбасылардағы кітап оқу жағдайын зерттеу, балалар оқуының 
шеңберімен танысу; 
2. Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, балалар мен ата-аналарды оқуға 
тарту; 
3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту; 
4. Ең көп оқитын отбасын анықтау.
Залды безендіру
Зал қабырғаларында әдеби кейіпкерлердің суреттерін; плакаттарды ілу: 
«Көп оқыған адам көп нәрсені біледі», «Кітап оқу – өміріңді қызықты өткізу», 
«Кітапсыз ақыл, қанаты жоқ құс», «Ежелден бері адамды кітап өсіреді», 
«Кітабы жоқ үй жаннан айырылған денеге ұқсайды» (Цицерон) 
Іс-шара барысы 
Мұғалім: - Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Сіздермен жүздесіп 
отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгін біз кітап туралы, оның әр адам үшін 
құндылығы туралы сөйлесеміз, сонымен қатар біздің сыныптың ең көп оқитын 
отбасыларымен танысамыз. 
(Оқушылар кітаптар туралы өлең оқиды).
Мұғалім: Ия, біз үшін әлемдегі ең жақсы досымыз – кітап. Ал 
кітаптардың адал достары – оқырмандар. Бірақ бүкіл отбасы кітаппен дос болса 
бұл одан да жақсы.
Астық жерде өссе, бала отбасында жетіледі. Ал егер отбасы кітап 
оқығанды ұнатса, сонда бала тез дамиды. Бүгінгі ұйымдастырылып өткізгелі 
отырған байқауымыз қай отбасының кітапты көп оқитындығын білуге 
көмектеспек.
«Оқуға құштар отбасы» байқауының ашық деп жариялаймыз.  
Ал қазір теледидарлар мен компьютерлер ғасырында кітаптан 
ажырамайтындарды қошеметпен қарсы аламыз. 
(Көңілді әуен қойылады, қатысушылар өз орындарына орналасады). 
Ортаға Ахметовтар отбасын шақырамыз: Оразқан Қонысұлы, Айман 
Маратқызы және олардың ұлы Серік. 
Байбосыновтар отбасын шақырамыз: Айдос Айдарұлы, Сәния 
Батырханқызы және қыздары Әлия.
Асановтар отбасын шақырамыз. Саламат Қуанышұлы, Рабиға Советқызы 
және қыздары Дария.


98 
Сонымен, барлық қатысушылар дайын! Енді құрметті қазылар алқасының 
мүшелерін таныстыратын уақыт келді: (Қазылар алқасын таныстыру).
Мұғалім: Таныс кітаптарды ашып, беттерін парақтап, сүйікті 
кейіпкерлерімізбен кездесу әрдайым көңілге қуаныш ұялатады. Оқиғаның 
немен аяқталатынын білмесек те, жақсы кітаптар қашанда қызық екені белгілі.  
Ал енді, байқауды басталық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет