99
- Сонымен, командалар жұмыс істеп жатқанда, мен Сіздерге «Кітап»
сөзіне ұйқас таңдауды ұсынамын. Соңғы сөзді кім атаса, сол жеңеді.
9-конкурс «Көркемсурет мұражайы» (ең көбі 5 балл)
- Қатысушылар қазір танымал суретшілердің картиналарын жандандыруы
керек. Қарсыластар суреттің атауын және оның авторын білуі керек. Тұспал:
суреттер әйгілі ертегілердің негізінде жазылған. (қатысушылар сурет атаулары
бар конверттерді ашады).
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Міне, конкурсымыз да соңына келіп жетті.
Енді құрметті қазылар алқасына сөз береміз (қорытындылау, қатысушыларды
марапаттау. Жеңімпаздарға медальдар, мақтау қағаздарымен марапатталады
- Достар, біздің байқау аяқталды. Кітаппен шынымен дос екендіктеріңізді
білу көңілімізге қуаныш ұялатады.
Зейіндерің ашылып, білімдеріңіздің
толығуына тілектеспіз!
Негізгі орта білім беру деңгейіне ұсынымдар мен әзірлемелер
5-6 сыныптарда отбасы бала үшін әлемдегі ең жоғары құндылық
тұрғысынан адам өмірі мен тәрбиесінің негізі идеялары ретінде қалыптасады.
Орта мектеп жасындағы білімалушыларға отбасылық міндеттері туралы
айтып берген жөн; отбасының рәміздерін отбасылық фотосуреттер альбомын
жасау бойынша жобалық қызметті жүзеге асырған дұрыс. Рухани-адамгершілік
тәрбиенің маңызды құралдарының бірі ретінде «Біздің ата-бабаларымыз»,
«Біздің әкелеріміз», «Ата-ана шаңырағы – өмір бастауы» тақырыптарында
мерекелер жүйесін құру;
7-8
сыныптарда
білім
алушылар
адам
өмірінің
әлеуметтік
құрылымынадағы негізігі құндылықтарға ие болады. Қалай табысты болу
керек? Қалай бақытты болуға болады? Адамдар әлемінде өмір сүруді және
олармен қарым-қатынас орнатуды қалай үйренуге болады? Осы сұрақтарға
жауап іздеу жасөспірімдерді бей-жай қалдырмайды. Сонымен қатар, жұмысқа,
өзіне, қоғамға деген
қарым-қатынасы қалыптасады, эстетикалық талғамы
дамиды. Ата-аналар осы жастағы жеткіншектер үшін құрдастарына қарағанда
аз беделді болады. «Мен есейдім, мен Азамат болдым», «Бәрін өзім шешемін,
өзім білемін» деген өзбеттілік позицияны ұстанады. Оларда өзара әрекеттесу
дағдарысы пайда болады. Мектептің міндеті – балалар мен ата-аналар
арасындағы
қарым-қатынас
мәдениетін
қалыптастыру, ата-аналардың
қоғамдағы және мектептегі беделін көтеру. Жеткіншектердің бойында ұлттық
құндылықтарды сіңіруді жалғастыруда отбасылық тәрбиенің қүші маңызды, ал
мектепте мұғалімдер мен мектеп психологінің көмегі, қолдауы ауадай қажет.
Мектепте тәрбие процесінде жеткіншектерді мектеп педагогтері мен
психологтері, ата-аналардың ынтымақтастығында
бірлесе отырып тәрбиелеу,
қоғамда кездесетін келеңсіз жағдайлардан қорғау:
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, сексуалдық
және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
- Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана
әсер ету, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, қорқыту, бопсалау және өмірге
немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикасының, дене бітімінің
100
және тұлғалық дамуының бұзылуына әкеп
соғатын құқық бұзушылықтар
немесе іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлейтін теріс мінез-құлықтардың алдын алу;.
- Жыныстық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық бостандығына қол
сұғатын қасақана құқыққа қарсы әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға
қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерден сақ болуға тәрбиелеу;
- Отбасы мен мектептің өзара байланысы зорлық-зомбылықты, суицидті
насихаттайтын интернет желісіндегі белгілі бір сайттарға балалардың қол
жеткізуін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс;
- Суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүйелілік пен үздіксіздікті талап
етеді. Ол
тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналар
жиналыстары, сурет көрмелері, эссе конкурстары сияқты нысандарды
қамтулуы тиіс;
- Ұжымды біріктіруге, оның моральдік ахуалын жақсартуға, құрдастар
арасындағы салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар салауатты жеке
тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету;
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқы мектептерде үлкен мәселе
болып табылады. Девиантты мінез-құлқтағы
балалардың пайда болуының
негізгі себебі отбасынан: балаларға назар аударылмауы, қақтығыстар, ата-
аналардың тәрбие бере алмауы, авторитарлық тәрбие т.б. салдарынан балалар
тәрбиесі назар тыс қалып жататыны жиі кездеседі. Осыған байланысты
мектепте арнайы тәрбие іс-шаралары ұйымдастырылуы керек.
- білім алушылардың денсаулығының, оның барлық аспектілерінің
(адамгершілік, физикалық,
психикалық, әлеуметтік) жүйелі түрде төмендеуі;
- кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі;
-
алкогольді, темекі шегуді теріс пайдалану, жасөспірімдерге
нашақорлықтың өсуі;
- отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлеуметтік жетімдік,
балаларды жалғыз басты аналар ғана емес, жалғыз басты әкелердің тәрбиелеуі
немесе әкенің бала тәрбиесіне мүлдем қатыспауы және т. б. Осы мәселелер
шешімін табатын, жасөспірімдерге қолдау көрсететін іс-шаралардың
әдістемелік базасы құрылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: