Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет50/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

5. «Мінсіз емес» әңгімесі
Бір су тасушының екі үлкен саз құмырасы болды. Олардың бірі жарық 
болды, сол себепті ішіндегі судың жартысы бұлақтан ауылға барар жолда ағып 
кететін, ал екіншісі мінсіз болатын. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына 
тек бір жарым құмыра су жеткізіп жүрді. Әлбетте мінсіз құмыра өзін мақтан 
тұтатын. Жарық құмыра болса өзінің кемшіліктерінен ұялып, өзін бақытсыз 
санайтын. Себебі өзінің жасай алатын дүниесінің тек жартысын ған 
орындайтын. Бір күні ол су тасушыға былай дейді:
– Мен сенің алдында ұяттымын. Және сенен кешірім сұрағым келеді.
– Не үшін? Неден ұяласың?
– Мендегі жарықтан судың көп бөлігі далаға ағып кетеді. Сен өз 
жұмысыңды жасайсың, алайда менің кемшін тұсым үшін тек жартылай 
нәтижеге қол жеткізесің.
Су тасушы оған не деп жауап берді?
– Жол бойындағы гүлдерді қарашы. Ол гүлдер тек сенің жолында өсетінін 
байқадың ба? Сенің кемшілігін маған аян.


112 
Күн сайын сен бұлақтан ауылға жеткенше гүлдерді суаратынсың. Екі жыл 
бойы мен сол гүлдерге қызығып қарап жүремін. Сен болмасаң, дәл осы әдемілік 
болмас еді!
Талқылау:
- Бұл әңгіменің астарында не жатыр?
Балалар да дәл осындай: әртүрлі, әрқайсының өзіндік жарықтары бар. Тек соны 
сезініп, түсіну керек.
6. Қорытынды
Ата-ананың еркі бойынша келесі ойлардың бірін аяқтау: «Бүгін менің 
түсінгенім», «Бүгін менің білгенім», «Мен үшін маңыздысы...»
(Кейін ата-аналарға жаднамалар таратылады)

Сұрақ мазмұны
Ата-ана 
жауабы
Баланың 
жауабы
1
Сүйікті жануары
2
Сүйікті түсі
3
Сүйікті ертегісі
4
Сүйікті кейіпкері
5
Сүйікті әні
6
Достарының есімі
7
Сыйлыққа не алғысы келеді
 
2. «Тактильді лото» ойыны  
Ойын барысы: ата-аналарға 9 түрлі шар беріледі. Ол шарлардың ішінде 
әртүрлі заттар (күріш, мақта, түймелер, моншақтар, ұнтақ жарма, қыстырғыш, 
помпон, асқабақтың дәнегі, қарақұмық) салынған. Қатысушылар тактильді 
сипап сезу арқылы шариктің ішінде қандай зат бар екендігін табулары керек.
Тактильді лото - бұл ұсақ моториканы, логикалық ойлауды, сипап сезуді 
дамытатын, көру және тактильді бейнелерді салыстыру дағдыларын үйрететін 
ойын түрі. Осының арқасында бала топтасуды үйренеді, ойын барысында және 
заттарды қолмен ұстағаннан ләззат алады.
3. «Сандарды тану» ойыны
Ойын барысықатысушылар арасынан екі ата-ана шығады. Екі ата-ана екі 
үстелде жазылған көп сандардың ішінен тек қана 1 санын өшірулері керек. Қай 
ата-ана ертерек бітірсе, сол ата-ана жеңіске жетеді. Бұл ойын балалардың назар 
аударуын, ойлау қабілетін және шапшандығын арттыруға септігін тигізеді. 
4. «Күн» сенсорлық панелімен жұмыс  
Ойын барысы: Қатысушыларды «Күн» атты сенсорлық панельмен 
таныстыру. Сенсорлық панельде әлеуметтік-коммуникативті, танымдық
физикалық, 
сөйлеу 
тілі, 
шығармашылық-эстетикалық, 
психикалық 
функцияларын дамытуға арналған жаттығу, тапсырма, ойын түрлері бар.
Ол балалардың фонематикалық есту, дыбысты-әріптік талдау, сөздердің 
грамматикалық құрылысы, дыбыс айтылуы, логика және назар аударуын, 
сондай-ақ қоршаған орта, оқу, математикалық дағдылар, қол моторикасы, 
әлеуметтік-тұлғалығын дамытады. 


113 
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығын арттыруда ата-аналармен 
бірлескен жұмыс түрлерін іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 
 
- Білім алушы өміріндегі отбасының рөлін айқындау; 
- Тұлғалық құндылықтарды бала бойына сіңіру отбасында жүзеге
асыру; 
- Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығында ұлттық тәрбие  
жандандыру; 
- Отбасында аға ұрпақ – ата мен әже бала тәрбиесінде дәстүрлі түрде
үлкен рөл атқарады. Қарт адамдар отбасылық дәстүрді сақтаушы ретінде және 
оны жас отбасыларға ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді дәріптеу;. 
- «Әже тәрбиесі», «Ата тәрбиесі» – отбасылық, ұлттық және рухани 
құндылықтарды жеткізуші мектеп. Ертегілер, аңыздар, дастандар мен 
жырларды жеткізу арқылы тәрбиелеу; 
- «Әке тәрбиесі» – ұлдарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды ат
құлағында ойнауға үйрету, атқа отырып мал бағуға, отын-суын дайындауға, ер 
азаматтың бойындағы қасиеттер мен мінез-құлыққа тәрбиелеу; 
- «Ана тәрбиесі» – қыз балаларды анасының жанында тағам әзірлеу,
кесте тігу, киім тігу, тоқыма тоқу сияқты үй шаруасымен айналысуға 
тәрбиелеу; 
- Жеңге тәрбиесі, аға тәрбиесінің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру;
- Отбасылық ұлттық тәрбие үлгілерінің негізгі құндылықтарын бала
тәрбиесінде қолдану; 
- Қоғамдық құндылықтар – отбасын қоғаммен байланыстырып,
отбасылық өмірді жаңа мән-мағынамен толықтыруға дәнекер болу;.
- Отбасы үшін қоғамдық құндылықтарды толықтырып отыратын
қандай да бір қызығушылық қажет, ондай болмаған жағдайда отбасылық өмір 
тұтынғыштық, пасықтық және зерігушілік тұйығына тіреледі. Сондықтан да 
отбасында бос уақытты ұймдастыруға әдістемелік көмек көрсету; 
- Қашанда ұлттық ар-намысты жоғары ұстаған халқымыз елін, руын,
отбасындағы әр баланы ұятты істерден алдын-ала сақтандырып, ар-ұят, 
намыстың туын биікке көтеріп, тәрбиеде қолдану;. 
- Отбасында ар-ұжданға тәрбиелеуде ең адал және сенімді тәрбие ата
мен әже тәрбиесі болған. Атасы мен әжесі немерелеріне шынайылықты 
түсінуге көмектесті. Әже мен немере арасында ерекше өзара сенімділік қарым-
қатынасты орнату; 
- қазақ отбасында жеті атаны білу, өз шежіресі мен елінің, туған
жерінің тарихын білу, туыстық қатынастарды сақтап, аға-әпкелерінің атын 
атамай, «аға», «әпке» деп сыйластықпен атауға үйрету;
- қазіргі заманғы отбасы заманауи жаһандық мәселелерге (қаржылық 
қауіптер, әлеуметтік күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар) бағытталған, бұндай 
отбасыларын баланың дамуына назар аударуға жетелеу; 

мәдениетті, отбасы құндылықтарын сіңіру арқылы ұлттық 
құндылықтарды сақтауға және өзін-өзі дамытуға жеткілікті көңіл бөлу; 
- ата-аналар балалармен бейресми жағдайда (табиғатта серуендеу, 


114 
театрға, көрмелерге, концерттерге бару және т. б.) жиі уақыт өткізу;
- білім беру жүйесінде «Отбасы» вакумы және отбасылық тәрбие 
мәселелері бойынша педагогикалық қауымдастықпен өзара ынтымақтастық 
процесінде отбасының рөлін қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет