183
Бастауыш сынып білім
алушыларының оқу дағдыларын
қалыптастырумен қатар, мұғалімдердің алдында бастауыш білім беру
деңгейінде жүзеге асыратын басқа да міндеттер бар, олар:
- сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу;
- оқылған мәтіннің (дауыстап және іштей оқығанда) мазмұнын түсіну;
- өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу кезінде тыныс белгілеріне сәйкес
кідіріс жасау, интонациясын (дауыс ырғағын) келтіру;
- шығарманы іштей көз жүгіртіп оқу;
- оқылған мәтінге сұрақтар қоя білу;
- оқылған шығармадан қажетті ақпаратты табу;
- сын тұрғысынан бағалай алу біліктерін қалыптастыру.
Білім алушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу
басымдық болып табылады. Оқуға үйретудің біршама
тиімді резервтерін атап
айтуға болады.
1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.
Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға
отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады,
екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше
бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың
тиімділігі бір
сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.
2. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде
сыныптастарына
кедергі
келтірмес
үшін
күбірлеп,
әрқайсысы
өз
жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық білім алушылардың оқуы.
Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.
3. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы
оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8
сағат
бойы сол әсерде болады.
4. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса). Бала бір-екі жолды
оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Мұндай режим бала
диафильм қарап отырса қиындықсыз орындалады. Бала кадрдың астындағы 1-2
жолды оқып, суретті көреді де демалады. Содан соң келесі кадрды, солай үзіп-
үзіп оқу тиімді. Балалары оқығысы келмейтін ата-аналарға осы тренингті
ұсынуға болады. Көптеген эксперименттер көрсеткендей, оқуды ұнатпайтын
жоғары сынып білім алушысы да аялауыш оқу арқылы әдебиет оқуға үйренген
[10].
«Білім ағашы» тәсілі. Сабақта тақырыпты
зерделегеннен кейін
оқулықтың материалы бойынша бақылау сұрақтарын құрастыру тапсырмасы
беріледі. Әр білім алушы өз сұрағын «білім ағашына» жапсырады. Келесі
сабақта білім алушылар «білім ағашындағы» сұрақтарды оқып, оларға жауап
береді (әр оқушы өз сұрағына немесе сыныптасының
сұрағына жауап беруіне
болады).
«Дұрыс немесе дұрыс емес мәлімдемелер» тәсілі. Математика
пәнінде «бұрыш» ұғымын таныстыру барысында қолдануға болады. Мұғалім
балалардан сабақта алынған ақпаратты қолдана отырып, мәлімдемелердің
дұрыстығын бағалауды сұрайды. Мысалы:
184
доғал бұрыш – доғал қарындашпен сызылған бұрыш;
бұрыш – бұл геометрикалық фигура;
бұрыштар тапқыр және
мылқау болады;
тік бұрыштар болады;
сүйір бұрыш – ол тік бұрыштан кіші болады;
доғал бұрыш – тік емес бұрыштың бір түрі.
«Сәйкестікті тап» тәсілі. Балалар есептің мәтінін оқиды. Одан кейін
білім алушыларға сандар, атаулар, жыл мезгілдері, түстер және т.б.
ауыстырылған мәтін беріледі. Білім алушылар қателерді тауып,
кестені
толтырады немесе диаграмма салады. Бұл сабақ барысында білім алушыларды
қолда бар дереккөздерді қолдану арқылы ақпаратты табуға үйретудің бір жолы.
«Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінде:
«Жасырын әріптер» тәсілі
Білім алушылардың сөздерді болжау қабілетін дамыту оқу техникасын
жақсартуға ықпал етеді. Бұл үшін келесідей тапсырмалар ұсынуға болады:
дақтары бар сөздер – текшеде сөз жазылған, оның бір бөлігі (бір буыны)
дақпен жабылған (құ ; шан);
әріптері түсіп қалған сөздер – текшеде бірнеше әріпі жоқ сөз жазылған
(мысалы: ба__лар; оқ__ы);
кесілген сөз – сөз жазылған текшені екі бөліп қияды, балаларға сөзді
жоғарғы немесе төменгі бөлігіне қарап оқу ұсынылады (текшені қайшымен
қимай, жоғары немес төмен жағын сызғышпен жабуға да болады);
бұл жаттығудың неғұрлым күрделі түрі – жетіспейтін сөзді болжау. Ол
үшін қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ертегілердің немесе
тақпақтардың белгілі
үзінділерін қолдануға болады (мысалы: Оқу білім ________.).
«Найзағай» тәсілі
Білім алушыларға өте қысқа уақыт аралығына (2-3 секундқа) сөз
көрсетіледі, балалар сөзді оқып үлгерулері тиіс. Бұл жаттығу үшін сөздер
жазылған текшелер немесе арнайы презентация әзірлеуге болады.
Халықаралық зерттеулерде оқу сауаттылығын тексеруде кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: