Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет81/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

«Серуенде» деп аталатын тапсырма түрі: 
1-тапсырма. Мәтінді оқып шық. 
Жексенбі күні Кәрімовтер отбасы қалалық саябаққа серуенге барды. 
Кіреберістегі ақпараттық қалқанда саябақта 250 терек, 150 емен және 300 
қарағай өседі делінген. 
а) осы деректерге сүйене отырып төмендегі кестені толтыр 
Ағаштың атауы 
Ағаштардың саны 
ә) Тапсырманы орындау барысында қолданған әрекеттеріңді ретімен жаз. 
1. Саябақта өсетін ағаштар туралы ақпаратты оқыдым. 
2. _____________________________________________________________ 


185 
3. _____________________________________________________________ 
б) Кестеді деректерді қолдана отырып дұрыс пайымдауларды таңда және 
белгіле. 
○ Саябақта өсетін жапырақты және қылқанды ағаштардың саны бірдей. 
○ Саябақта өсетін жапырақты ағаштардың саны қылқандыға қарағанда 
көп. 
○ Саябақта өсетін жапырақты ағаштардың саны – 700.
○ Еменге қарағанда теректің саны 100 ағашқа артық. 
В) Әсел Кәрімова кестенің деректері негізінде диаграмма құрастыра 
бастады. Ағаштардың санын ол тік төртбұрыш ретінде бейнеледі. Тік 
төртбұрыштың ұзындығы бір немесе басқа ағаш түрінің санын білдіреді: екі тор 
– 50 ағаш. Диаграмманы сал. 
Маңызды! Диаграмма – бірнеше өлшемнің арақатынасын жылдам бағалауға 
мүмкіндік беретін, сандық деректерді ұсыну тәсілі. Диаграмма нүктелі, 
сызықты, кесінді, геометриялық фигуралар түрінде болуы мүмкін. 
Мәтіннің ең басты мағынасын белгілеуге бағытталған тапсырма үлгісі: 
Бақшада 
Тапсырма. Мәтінді оқып шық. 
Айымның анасы бақшаның жүйектеріне бірнеше көкөніс түрлерін септі. 
Ол интернеттен тұқымдардың көктеуіне қажетті температуралар туралы 
ақпарат тапты және бір аптаға арналған ауа райы болжамын қарады. 
Суреттерді мұқият қара. 
Тұқымдардың көктеуінің минималды температурасы 
+15... +17

С – қарбыз, қауын
+13...+15
0
С – баялды (баклажан) 
+8...+12
0
С – қияр, қызанақ, кәдіш 
+7...+10
0
С – жүгері 
+4...+5
0
С – қызылша, сәбіз 
+3...+4
0
С – түйебұршақ, ақжелкен 
+2...+3
0
С – орамжапырақ, пияз, аскөк 
+1...+2
0
С – бұршақ, қымыздық тұқымы көктейді 
7-мамыр мен 13-мамыр аралығындағы ауа райы болжамы 



10 
11 
12 
13 
+3
0
+1
0
+5
0
0
0
+9

+1
0
+11

-2
0
+11

+3
0
+5
0
0
0
+3

+2
0


186 
ә) Айымның анасы қандай қорытынды жасауы мүмкін екенін анықта
Тиісті торға «+» белгісін қой
○ Осы аптада баялды көктеп шығуы ықтимал. 
○ Осы апта қызылша мен сәбіздің көктеуіне қолайлы. 
○ Осы апта қарбыз бен қауынның көктеуіне қолайлы. 
○ Бұл уақыт түйебұршақ пен ақжелкеннің көктеуі үшін өте қолайсыз. 
Оқу - семантикалық оқудың бір түрі, онда мақсатқа байланысты толық 
және нақты ақпаратты іздеу және оны одан әрі түсіндіру жүзеге асырылады; 
▪ Рефлексивті оқу түріне арналған жаттығу үлгісі: 
 
Орманда
1-тапсырма. Жер планетасында биік таулар, терең көлдер, ыстық шөлдер 
тәрізді көптеген таңғажайып қызықтар жетерлік. Бірақ, солардың ішіндегі ең 
негізгі ғажайып – бұл орман! Картаға зер салсақ, әсіресе еліміздің шығысы мен 
солтүстігін жасыл теңіз тәрізді ормандар алқабының алып жатқанын көруге 
болады. Алайда, Қазақстанның әр бұрышындағы ормандар – әртүрлі. 
Ойлан, ол неге байланысты және «Қандай ормандар болады?» кластерін 
толтыр. 
2) Бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде 
 
Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ауызша, 
көрнекілік және практикалық әдістерді қолдана отырып сабақ барысында 
жүзеге асыруға болады. Бұл үшін келесідей тәсілдер қолданылады:
Мазмұндау. Бұл әдіс білім алушының мәтінді тәуелсіз және саналы түрде 
оқуын қарастырады. Оқырманның тәуелсіздігі оқуға деген қызығушылық 
критерийлерінің бірі болғандықтан, мазмұндау немесе әңгімелеу оқырман 
қызығушылығын арттырады деп айтуға болады. 
Суреттер (иллюстрациялар) құрастыру.
Мысалы, білім алушыға 
шығармадағы ең есте қалған сәттің суретін салуды ұсыну. Білім алушы 
шығарманы өз бетінше оқып шығады, ал оған ең жарқын әсер қалдырған 
оқиғаларды өз суреттерінде бейнелейді. Бұл әдіс бала бойында оқырманның 
тәуелсіздігін және кітапқа эмоционалды-құндылық қатынасын дамытады, бұл 
өз кезегінде білім алушының оқу қызығушылығын арттыру туралы айтуға 
мүмкіндік береді. 
Бағалау және пайымдау. Білім алушыға шығарма кейіпкерлерінің 
әрекеттеріне баға беру және жағымды немесе жағымсыз кейіпкер туралы 
қорытынды жасау ұсынылады. Бұл тәсілді қолдану барысында баланың 
Орман 


187 
бойында көркем шығармаға деген эмоционалды-құндылықтық көзқарасы 
дамиды, яғни оқырмандық қызығушылығы артады. 
Салыстыру. Мысалы, бір көркем шығарманың бірнеше кейіпкерін 
салыстыруға болады. Салыстыру үшін білім алушы кейіпкерлердің іс-
әрекеттері мен мінез-құлқын бағалауы керек. Бұл әдіс те баланың кітапқа деген 
эмоционалды-құндылықтық қатынасы мен оқырмандық қызығушылығын 
арттырады. 
Ойын-викторина. Көркем шығарманы оқымас бұрын білім алушыларға: 
«Мәтінді оқығаннан кейін біз оның мазмұны туралы шағын викторина 
өткіземіз» тәрізді оқуға бағыттайтын нұсқаулық беріледі. Бұл әдіс білім 
алушыларды ден қойып, мұқият оқуға итермелейді, олардың оқу тәуелсіздігі 
деңгейін және нәтижесінде оқырмандық қызығушылығын арттырады. 
Қасқыр, түлкі, қоян тәрізді әдеттегі ертегі жануарларын қарастырып, 
олардың бойынан адамның қандай мінез-құлықтарынымен ұқсастықтар бар 
екенін анықтау туралы тапсырма беруге болады. Бұл тәсілді жүзеге асыру 
барысында 
балалардың 
шығармаға 
деген 
эмоционалды-құндылықты 
көзқарасының деңгейі артады, себебі білім алушы ертегі жануарларының мінез-
құлқына талдау жасайды және олардың ерекшеліктерін бөліп көрсетеді, содан 
кейін оларды адамның мінез-құлқымен салыстырады. Мысалы: қоян тәрізді 
қорқақ, қасқыр тәрізді өжет, түлкі тәрізді қу [18]. 
Иллюстрациялар жасау, бағалау және пайымдау, салыстыру, ойын-
викторина тәсілдері балалардың бойында кітапқа деген қызығушылықты оятуға 
жағдай жасайды. 
 
«Математика» 
оқу 
пәнінде 
мағыналық 
оқу 
дағдыларын 
қалыптастыру жолдары: 
№1 есеп 
Тапсырманы орындау барысында сен, модельдеудің көмегімен ақпаратты 
өңдеуді, теңдеу құрастыруды және теңдеудің көмегімен есеп шығаруды 
үйренесің.
Ең бірінші теңдеуді кім және қашан ойлап тапқан? ... есімді алғашқы ана, 
... мүмкін оның есімі болмаған да шығар. Ол өзінің төрт баласына тең бөліп 
беру үшін, алма ағашынан 12 алма жұлып алды. Ол 12-ге дейін санамақ түгіл, 
4-ке дейін де санай алмауы ықтимал., сонымен қатар бір санды екінші санға 
бөле алмағандығы сөзсіз. Егер ол алмаларды барлық балаларына тең бөліп 
бергісі келсе былай істеуі мүмкін: алдымен ол балаларына бір алмадан беріп 
шығады, содан кейін екінші алмадан, осы ретпен алмасы біткенге дейін 
жалғастыра береді. ең соңында алманы тең бөліп бергенін байқайды. 
Егер бұр оқиғаны математика тілімен жазатын болсақ былай болады. Х – 
әр балаға берілген алма саны. Балалар саны – 4, ендеше жалпы алмалар саны – 
4х. Шарт бойынша бұл сан 12-ні құрайды, осыдан 4х = 12. Демек, х = 3. 
Яғни, ана ешқандай цифрсыз, әріпсіз және белгілерсіз-ақ теңдеу 
құрастыру бойынша есепті шығара алды. Демек, ең бірінші теңдеуді кім, қашан 
және қайда ойлап тапқаны белгісіз.
Тапсырмалар: 


188 
1. Алғашқы ананың балаларының арасында алмаларды бөлуі жағдайы 
моделінің суретін салыңдар. 
2. Теңдеуді қалай құрастыруға болады? Мәтіндегі деректерді қолдану 
арқылы кестені толтырыңдар. 
Барлық алмалар саны 
Төртеу 
Әр балаға неше алмадан беру керек? 
Теңдеудің жалпы түрі 
Теңдеуді шешу 
Үш алма 
3. Ерте заманғы осындай есепті ойша (ауызша) шешіңдер. Жалпы саны 
және оның төрттен бір бөлігі бірге 15 санына тең. Жалпы санын табу. 
2) Бастауыш және негізгі білім беру деңгейлерінде 
 
Бастауыш және негізгі білім беру деңгейлерінде оқу сауаттылығын 
қалыптастыра отырып білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын 
арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп, 4-кестеде «Мәтінге 
дейінгі» алдын ала жүргізілетін жұмыс түрлерін, мәтінмен алғашқы танысу 
кезеңіндегі іс-әрекет түрлерін;
оқылған шығарманы қорытындылау кезеңіндегі 
іс-әрекет түрлерін ұсынып отырмыз, әрине бұл кестені мұғалім өзінің 
қалауынша әлі де ірілендіріп, толықтыра алады. 
4-кесте 
– 
Бастауыш 
сынып 
білім 
алушыларының 
оқуға 
деген 
қызығушылықтарын арттыру жолдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет