Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

АҚШ тәжірибесі. АҚШ-та қазіргі заманғы отбасылық тәрбие соншалықты 
тиімді және толық емес деп алаңдайды. Осы мақсатта ата-аналардың 
педагогикалық құзыреттілігін арттыру, отбасылардың түрлі топтарына көмек 
көрсету үшін мұғалімдерге, ата-аналарға арналған «Organizing a Successful 
Family Center in Your School» - «Сіздің мектебіңізде табысты отбасы орталығын 
ұйымдастыру», «100 Ways for Parents to be Involed in their child 's Education» - 
«Ата-аналардың баласын білім алуға тартудың 100 тәсілі» атты оқулықтар мен 
практикалық нұсқаулықтар әзірленуде. Олар мұғалімдердің, психологтердің, 
әлеуметтанушылардың, психотерапевтердің және басқа мамандардың бірлескен 
күш-жігерімен жасалды. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін кеңестер
әңгімелер, нұсқаулықтар, тренингтер, курстар мен семинарлар, бейнетехника 
қызметтері, шіркеу қауымдастықтарындағы іс-шаралар және т.б. әртүрлі ресми 
және бейресми іс-шаралар өткізіледі. Мектептерде құрамына оқушылардың 
ата-аналары кіретін ата-аналар комитеттері немесе мектеп кеңестері бар
Тәрбиесі қиын жасөспірімдердің ата-аналары мектеппен үнемі тығыз 
байланыста бола бермейді. 
АҚШ-тың әр ірі мектебінде ата-аналар мен мұғалімдедің ұлттық 
қауымдастығының филиалы бар. Ата-аналар мектеп реформаларының белсенді 
қатысушылары. Кейбір мектептерде оқу процесін ұйымдастыруда ата-аналар 
комитеттерінің пікірі оқу бағдарламалары мен әдістерін бекітуге дейін 
басымдық рөл атқарады. Мектеп қоғамдық өмірдің эпицентрі болып табылады: 
ата-аналар комитеттерінің отырыстары, ата-аналар жиналыстары, мұғалімдер 
мен әкімшіліктің жеке ата-аналарды қабылдауы үнемі өткізіліп отырады; ата-
аналарға арналған білім алушылар қоржынында білім алушыларға кездесетін 
мәселелер туралы ақпарат жиналады. Бірақ көптеген мектептер ата-аналармен 
тікелей жиі қарым-қатынас орнатуға тырысады: мысалы, «телефон байланысы» 
жедел сөйлесуге және кеңес алуға мұқтаж ата-аналарға арналған мектеп 
телефонындағы тәжірибелі мұғалімдердің кезекшілігі. 
АҚШ-та ата-аналардың сабаққа қатысуы құпталады. Егер сыныпта 
отырғысы келетіндер тым көп болса, кесте жасалады. Ата-аналар балалармен 
серуендеуге, түскі ас таратуға көмектеседі, оқушыларды экскурсияға апарады, 
үй шаруашылығы бойынша сабақтар өткізеді, қайырымдылық шараларын 


15 
ұйымдастырады, жәрмеңкелер, дәрістер ұйымдастырады. Іс-шараларға түрлі 
әлеуметтік топтардың ата-аналары қатысады: дәрігерлер, бағдарламашылар, 
ғалымдар, сатушылар және т.б. 
Кездесулерде балалар нашақор немесе жалқау болудан гөрі жұмыс істеу 
жақсы екенін ұғынады. 
АҚШ-та мектеп пен оқушылардың ата-аналарының қарым-қатынасы мінсіз 
емес деуге болады. Көптеген ата-аналар мұғалімдер балаларға үй 
тапсырмаларын көп бермеу керек деп санайды, өйткені олар білім деңгейіне 
мән бермейді. Егер оқушы тиісінше жоғары баға алмады деп есептесе ата-
аналар мұғалімге шағым жаза алады. 
Мектеп пен отбасының тәрбиелік күштерін біріктіру келесі мазмұнды 
қамтиды:
- мектеп жұмысына оқушылардың отбасы мен қауым мүшелерін тартудың 
жалпы принциптері;
- қазіргі кезеңдегі отбасы институтының жұмыс істеу ерекшеліктерін білу; 
- мектептің отбасылармен және қауымдастық өкілдерімен қарым-қатынас 
формалары мен әдістері; 
- балаларды оқыту процесіне ата-аналарды тарту түрлері мен әдістері; 
- отбасылар мектепке қалай көмектесе алады; 
- мектеп отбасын қалай қолдай алады және қоғамның дамуына қалай 
ықпал ете алады; 
7) ата-аналар мен қоғам мүшелерінің білім беруді реформалауға қатысуы. 
АҚШ орта мектебінің міндеттеріне балалардың академиялық, әлеуметтік 
және эмоционалды дамуы бойынша жұмысқа қосу арқылы ата-аналармен 
серіктестікті кеңейтуді қамту кіреді. 
Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен және 
мектепте сәтсіз оқу ықтималдығы жоғары балалармен өзара әрекеттесуді 
ұйымдастыру міндеті өзекті. Мұндай балалардың ата-аналары мұғалімдермен 
бірге баланың жеке даму жоспарларын жасауға қатысады, оны бағалайды және 
бекітеді. 
Мектеп практикасында өзара әрекеттің мынадай нысандары мен әдістері 
ерекшеленеді: ата-аналар үшін оқыту шеберлік-сыныптарын қаржыландыру 
және ұйымдастыру; ата-аналарды баланың даму мәселелері
бойынша 
ақпаратпен қамтамасыз ету; ата-аналар үшін кітаптардың, бейнефильмдердің, 
компакт-дискілердің және т.б. арнайы жалға берілуін ұйымдастыру; 
отбасылардың қажеттіліктері мен олардың мәселелерін
анықтау мақсатында 
зерттеулер жүргізу, отбасылық кеңестік орталық құру; арнайы отбасылық 
қоғамдастықтарды 
ұйымдастыру; 
ата-аналар 
үшін 
сараланған 
үй 
тапсырмаларын әзірлеу; мұғалімдердің ата-аналармен немесе қоғамдастық 
өкілдерімен жеке қарым-қатынасы, «кеңсе сағаттары»; электрондық және 
дауыстық пошта, сыныптың немесе мұғалімнің интернет-парақтары
электронды хабарлама тақталары және басқа да заманауи байланыс құралдары; 
шіркеу қызметінің басталуына дейін немесе аяқталғаннан кейін қауымдастық 
орталықтарында, үйде, шіркеу ғимаратында ата-аналар жиналыстарын өткізу; 


16 
мектептер негізінде білім беру кешендерін, отбасылық орталықтар мен 
халықты «жан-жақты тарату» еріктілік және тьюторлық
орталықтарын құру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет