Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет7/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Америка Құрама Штаттарында оқу орындарында жұмыс істейтін 
әлеуметтік тәрбиешілер түрлі әдістерді қолданады: отбасына бару, ата-аналар 
мен оқушыларға жеке және топтық кеңес беру, дағдарыс жағдайындағы 
делдалдық, отбасылық мәселелерді шешу үшін қоғамның қаражатын 
жұмылдыру және үйлестіру, тәрбиеленушіні бақылау және оны қорғау.
Әлеуметтік қызметкерлер оқушылардың оқу орнының қызметкерлеріне 
деген көзқарасын талдайды, ата-аналардың білім беру процесіне қатысуын 
ынталандырады, оқушыларды болашақ отбасылық өмірге дайындау сияқты 
мәселелерді шешуге өз үлестерін қосады. АҚШ-та әлеуметтік тәрбиешілер 
өздерінің бағытын немесе мамандануын өзгерте алатындығына қарамастан, 
олардың барлығы оқу жоспарының алты саласындағы негізгі элементтерге 
сәйкес келуі керек. Оқу жоспарының негізін алты білім мен тренинг саласы: 
әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық, әлеуметтік саясат, мамандықтың 
теориясы мен практикасы, зерттеу, құндылықтар мен этика, сондай-ақ практика 
құрауы тиіс. 
Франция тәжірибесі. Батыс Еуропада мектептердің отбасымен байланысы 
үнемі артып келеді. Бұған Франция мысал бола алады. Бірнеше жыл бұрын 
француз мектебі отбасынан бөлек болды. Ата-аналардың оқу процесіне 
араласуының орынсыздығы дәстүрлі идеялардың әсері және сонымен бірге 
баланың мінезін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде отбасылық тәрбие 
туралы пікір әсер етті.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың өмір сүру жағдайларына назар аударылуда. 
Педагогтің, ата-ананың және білім алушының ынтымақтастығына негізделген 
тәрбие процесі
үлкен мәнеге ие. Тәрбиенің ұжымдық формалары белсенді түрде 
жүзеге асырылуда, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қызметінің 
бірлескен сипаты жүзеге асырылуда. 
Жалпы білім беретін оқу орындары ата-аналарының үш жалпыұлттық 
бірлестігі бар: екеуі – қоғамдық салада және біреуі – жеке білім беру саласында. 
Мектеп оқушыларының ата-аналар қоғамдық Федерациясы ең танымал және 
ықпалды болып табылады. Еркін мектеп білім алушыларының ата-аналар 
ұлттық одағы шіркеудің бақылауындағы жеке оқу орындарын несиелеуді 
қолдайды. 
Ата-аналар бірлестіктерінің мүшелері әртүрлі білім беру құрылымдарына 
кіреді: мектеп және сынып кеңестері, стипендиялық комиссиялар және т. б. 
Кейбір мектептерде ата-аналар балалар үйірмелерін, клубтарын, 
кітапхананы басқарады, шет тілінде қосымша сабақтар, спорттық іс-шаралар 
өткізеді, оқу экскурсияларын ұйымдастырады және т.б. «Тәрбие беру өте 
маңызды іс, оны тек мұғалімдерге ғана тапсыруға болмайды» қағидатын 
ұстанады. 
Жас француз ұрпағының ұлттық сипаты мен рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің ерекшеліктері тарихи, табиғи факторлардың, саяси және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, білім беру жүйесінің ұлттық 


17 
дәстүрлері мен білім берудің инновациялық идеяларының әсерінен 
қалыптасқан. 
Франциядағы қазіргі заманғы рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі – жеке 
тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы. Алайда, бұл қарама қайшылықты 
процесс. Бір жағынан, білім беру және тәрбие процесінде авторитарлық 
Тұжырымдаманың негізгі дәстүрлері сақталады, ал екінші жағынан, белсенді 
даму дербестіктің, коммуникативтіліктің, тұлғаның мәдени және адамгершілік 
салаларының даму тенденцияларына ие. Педагогикалық авторитаризмнің 
басымдықтарына қарамастан, адамгершілік тәрбиенің тенденциялары күшейе 
түсуде. 
Сингапур тәжірибесі. Сингапурдағы білім беру адамның үйлесімді 
тәрбиесін – оның адамгершілік, зияткерлік, физикалық, әлеуметтік және 
эстетикалық дамуының жиынтығын білдіреді. Сингапур көпұлтты және 
көптілді мемлекет болып табылады, сондықтан оның қоғамдағы өркендеуі үшін 
адамдар мен балалардың әртүрлі ұлттар мен діндерге қатыстылығына 
шыдамдылықпен және тілектестік қарым-қатынас қолдау табады. Сонымен 
бірге балаларын мектепке жібере отырып, ата-аналар олардың өздерінің ұлттық 
мәдениетіне немқұрайлы қарамайтынына және олардың өз ана тілін 
үйренетініне сенімді. Бастауыш мектептің оқу жоспары кіші мектеп оқушысын 
оқыту мен тәрбиелеудің негіздерін қамтиды: негізгі құндылықтарға тәрбиелеу, 
Сингапурға деген сүйіспеншілік, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеуді 
дамыту, санауға үйрету. 
Сингапурда оқу орындары ата-аналармен өзара қарым-қатынасына, 
олардың «дұрыс тәрбиесіне» көп көңіл бөледі: отбасындағы атмосфера 
мектепте қалыптасқан құндылықтар мен моральдық нормаларға 
диссонансқа 
ұшырамауы 
керек. 
Сингапурдағы ата-аналар білім алушыларға біртұтас білім беруді 
қамтамасыз ету – негізгі серіктестер, мектеп бағдарламаларына бастамашылық 
етеді және қолдайды, мектептермен бірге білім алушылар үшін қолайлы орта 
жасайды. «Мінездемелер» және «Ойлау журналдары» қазірдің өзінде көптеген 
елдердің бастауыш мектептерінде енгізіліп, ата-аналарға балаларының 
әлеуметтік жетістіктерін бақылауға мүмкіндік берді. Орта мектепте «Іс-
әрекеттегі құндылықтар» бағдарламасы балаларға эмпатияны, әлеуметтік 
жауапкершілікті және белсенді азаматтық ұстанымды үйретеді. Сонымен бірге 
білімалушылар қарт адамдарға, мигранттарға және «қиын» отбасы балаларына 
көмектесетін жобаларға қатысады [23]. 
Сингапурда білім берудің әртүрлі кезеңдерінде мынадай бірқатар басым 
міндеттер шешілуде: әрбір оқушыны өмір бойы оқу үшін ынталандыру 
тетіктерін құру, жаңа білім мен дағдылар алу, технологияларды игеру, 
инновациялар мен кәсіпкерлік рухын дамыту, тәуекелге бару және өзіне 
жауапкершілік пен міндеттемелер алу; мектептерді бір мақсат төңірегінде 
біріктіру және еңбексүйгіштік мәдениетін құру. 
Бүгінгі таңда білім берудің мақсаты – позитивті, өзара сәтті 
ынтымақтастық жасай алатын және негізгі адами құндылықтарды түсінетін 
жастарды тәрбиелеу. 


18 
Үкімет бағалау шеңберінен тыс «жетістік» туралы кеңірек түсінік береді. 
Сингапур педагогтері құндылыққа бағдарланған оқытудың маңыздылығына 
назар аудару арқылы ата-аналар мен балалардың емтихан бағаларымен 
«алаңдаушылығын» жеңуге көмектеседі. Өнеркәсіптік секторлардан тартылған 
кеңесшілер білімалушыларға мамандық таңдауға көмектеседі және оларды 
табандылық пен мақсатқа жетуге тәрбиелейді [23]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет