Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
1) «Отбасы – орта мектеп» 
2) «Оқуға құштар мектеп» 
3) «Дәстүр мен ғұрып» 
4) «Құқықтық сана – қауымға пана» 
5) «Еңбек – елдің мұраты» 
6) «Үнем – қоғам қуаты» 
7) «Экологиялық мәдениетті ерте жастан бастап қалыптастыру»  
8) «Қоғамға қызмет» 
9) «Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметтерін 
ұйымдастыру» 
10) «Мектеп өмірінің бір күні» 
 
Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік 
кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен 
қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. 
Бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен
басқа да әлеуметтендіру объектілері – білім беру ұйымының әлеуметтік 
серіктестерімен өзара тұрақты байланыста және тығыз ынтымақтастықта іске 
асырады. 
2 ТӘРБИЕНІҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ 
 



«ОТБАСЫ – ОРТА МЕКТЕП» ЖОБАСЫ 
 
КІРІСПЕ 
 
Отбасы – қоғамның негізгі шарттарының бірі, өйткені ол барлық 
әлеуметтік байланыстарды біріктіреді және әлеуметтік процестерге тікелей әсер 
етеді. Ата-аналар – баланың алғашқы және өмірлік ұстаздары. Отбасылық 
ортада адамның негізгі әлеуеті – еңбекқорлық, мәдениет, әлеуметтену 
дағдылары, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарға деген 
көзқарасы қалыптасады. Алайда, отбасы жеке тұлғаның жан-жақты тәрбиесін 
әрдайым және толық түрде қамтамасыз ете аламайтындығын ескермеуге 
болмайды. 
Жылдам өзгеріп жатқан қазіргі заманда жалпы дүниетанымдық 
көзқарастар мен мүдделердің өзгеруі, әлеуметтік-психологиялық бейімделу 
деңгейінің төмендеуі аясында отбасылық тәрбие отбасының әлеуметтік 
проблемаларына айналды: 

басты отбасылық құндылықтарды тәрбиелеудің құндылыққа 
бағдарланған жүйесінің тапшылығынан көрінетін құндылық дағдарысының 
проблемасы;
- жауапты ата-ана, отбасылық қарым-қатынас мәдениеті, отбасылық 
дәстүрлер, ментальді жад (ұрпақтық), «отбасылық өзектің» болуы (тығыз 
туыстық байланыстар);
– балаларда білім беру стандартымен және әлеуметтік тапсырыспен орта 
мектеппен бірлесіп берілген басым құзыреттердің қалыптасу проблемасы – 
азаматтылық пен патриотизмді (азаматтық борыш, өз мемлекеті үшін 
мақтаныш); әлеуметтік жауапкершілікті (неғұрлым әділ қоғамға және неғұрлым 
таза қоршаған ортаға өз еркімен үлес қосуға дайындық); еңбек құзыреттерін 
(физикалық, зияткерлік еңбекке, шығармашылық дамуға және еңбектің 
практикалық дағдыларын өзін-өзі дамытуға дайындық); мәдени құзыреттерді 
(ана тілін, тарихын, дәстүрлерін, әдебиетін, өнерін және т.б. білу) 
қалыптастыру; денсаулықты сақтау (салауатты өмір салты нормаларын білу 
және сақтау, темекі шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың қауіптілігін білу, 
эмоциялық тұрақтылық дағдыларын білу); 
- уақыт талабына сәйкес келетін отбасы мен мектеп, отбасы және қоғам 
(әр түрлі құрылымдар мен ұйымдар атынан) арасындағы нақты байланыстың 
болмауы және қарама-қайшылықтар проблемасы. Ата-аналардың балалардың 
бойында доминантты дәстүрлі құндылықтарды, этномәдени құндылықтарды-
оқуға және өзін-өзі жетілдіруге тұрақты қызығушылықты; біздің «ертеңімізді» 
айқындайтын мәдени дағдылар мен өмірлік құндылықтарды; өз халқының ең 
ұлы құндылығы ретінде ана тілін; өзіндік әлеуметтік және мәдени ерекшеліктер 
мен қасиеттерді, отбасылық негіздерді қалыптастыруға және дамытуға 
толыққанды қосуына бағытталған өзара әрекеттің жаңа моделі сұранысқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет