242
Жапон ұлттық әдет-ғұрыптарын ұқсастықтарын байқауға болады. Қытай әдет-
ғұрыптары Батыс әлемінің өкілдері үшін ерекше.
Шай рәсімі. Шай рәсімі қытай халқының өмірінде ерекше орын алады.
Олар үшін шай ішу тек сусынды тұтынуды ғана емес,
сонымен қатар ішкі
үйлесімділік пен бақытқа жетудің жолы. Қытай тілінде «шай» сөзі «барлық
өсімдіктердің ең ақылдысы» дегенді білдіреді, ал әрекеттің өзі «Гун Фу Ча»
шай ішудің жоғары шеберлігі. Шайдың дәмі мен хош иісін толық ашу үшін оны
қайнатудың белгілі бір тәсілдері, сондай-ақ көңіл-күй мен ерекше атмосфера
қолданылады: нәзік әуенді музыка, жайлы атмосфера, әсем кішкентай ыдыс-аяқ
[14].
Сандарға қатынасы. Қытайлықтар өздерінің ырымшылдығымен танымал
және сандарға өте ерекше мән береді.
Біріншіден, олар тақ сандарды сәтсіздік пен бақытсыздықтың белгісі деп
санайды. Мысалы, олар ешқашан тақ санға үйлену күнін тағайындамайды. 9
санының ерекшелігі –
тіршілік пен бақыттың символы, бірақ кейде 9 санын
бақытты да, бақытсыз сан ретінде де қарастырады.
Екіншіден, қытайлар жұп сандарды өте жақсы көреді. Қытайдағы
мерекелер үшін олар әдетте заттардың жұп санын береді. Бұл ереже ақшалай
сыйлықтарға да қолданылады, сондай-ақ ол
жерлеу рәсіміне арналған
қайырымдылықпен де байланысты. Қытайлықтар 6 санын өте жақсы көреді,
бұл бақыт пен сәттілік дегенді білдіреді. Біздің қазақ ұлтының да ұлттық
дәстүрлерінде сандарға қатысты дәстүрлер бар. Олар 7,9,12,40 сандарына
қатысты салт-дәстүрлер.
Қытай мәдениеті, әлемдегі ең көне мәдениеттердің бірі —
бұрын өзінің
ойшылдары мен философтарымен әйгілі болған ұлы Империя, ал қазір Қытай
халық Республикасы, оның сұлулығы мен ұлылығымен әлемді таң қалдырды.
Қытай ежелгі мәдениеті мен сәулет ескерткіштерінің алуан түрлілігімен ғана
емес, сонымен бірге қытай ұлтының өзімен де танымал. Бұл таңғажайып және
ерекше ұлт, өте еңбекқор, өз идеясына және құндылықтарының берік екендігіне
сенімді. Қытай халқының тағы бір көрнекті ерекшелігі – әлемнің басқа да
көптеген халықтары үшін дәстүрлері қасиетті болып саналатындай, бұл елде де
ата-бабаларының ежелгі дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұстану қасиеті басым.
Қытайдағы ең көп таралған дәстүрлердің бірі – отбасылық құндылықтар.
Бұл
біз ойлағандай, қоғамның бірлігі ғана емес, сонымен бірге өмірде
тыныштық табуға, тіпті басқа әлемде де сәтті болуға арналған міндетті қадам –
отбасылық құндылықтар. Қытайлық нанымдарға сәйкес, отбасы басшысы
өзінің үздіксіздігіне қамқорлық жасауы керек. Отбасы үшін
міндетті, талап –
бұл баланы дүниеге әкелу. Мұның бәрі Конфуцийдің ежелгі ілімінен басталды.
Баланың дүниеге келуіне деген ұмтылыс конфуцийизмнің патриархалды
негіздерімен тікелей байланысты. Жаңа туған нәрестенің үйіне келген қонақтар
қуаныш пен мерекені бейнелейтін тек қызыл түсті сыйлықтар сыйлады. Оның
туған күнінде «кішкентай» балаға есім берілді — Фу (байлық), Гуй (тектілік),
Си (Бақыт), Лэ (Қуаныш). Егер отбасында қыз бала дүниеге келсе, онда ол
қуаныш немесе бақыт болып саналмады. Қытайлықтар үшін қыздың дүниеге
келуі сәтсіздік деп саналды. Қыздарға көбінесе До-цо (үлкен қателік), Сан-до
243
(артық) сияқты есімдер берілген. Ал қазір Қытайда қыздардың есімдері көбелек
немесе құстарға теңеп, оптимистік сипатқа ие [15].
Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемелекеттердің бірі ретінде
тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан
пайымдауға алғашқы қадамдар
жасаған ел. Ежелгі қытайда педагогикалық ой-пікірлердің дамуына Конфуций
және оның ізбасарлары ерекше ықпал еткен. Қазіргі уақытта Қытай
мемелекетінде бастауыш мектепте қоғам мен табиғат туралы пәндер көбірек
оқытылады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып,
әрбір оқушының
бойындағы патриоттық сезімді оятуға көп көңіл бөлінеді.
А
на тілі, математика,
адамгершілік пен этика, музыка, шет тілі сынды пәндеріне ерекше назар
аударылады. 4 сынып оқушылары жылына 2 апта фермаларға, шеберханаларға
барып жұмыс істейді. Барған жерлерінің тыныс-тіршілігімен танысады.
Мұнымен қатар, әрбір оқушыға аптасына бір күн қоғам өміріне қатысты
мерекелік кештерге, мәдени шараларға қатысу міндеттеледі.
Орта
мектеп
бағдарламасы екі сатыдан тұрады. Ол толымсыз орта білім және толық орта
білім. Одан кейін оқушылар арнайы техникалық және кәсіби білім беру
мектептерінде білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: