Қазіргі уақытта ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлер:
Сыралғы. Қазақ аң аулаумен де айналысқан. Қанжығаларын майлап, аң
аулаудан қайтқан аңшыға «майлансын» деп айтқан. Ал сол тілек тілеген адамға
атып алған аңын сыйға тартқан. Аңшының сыйын «сыралғы» деп атаған.
Көгентүп, жиенқұйрық – қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын
салт. Жиен немеренің де нағашы ата-әжесі үшін қадірлі екенін байқатады. Ата-
анасымен бірге еріп келген кішкентай жиендеріне бұзау, құлын, қозы-лақ
атайды. Бұл – көгентүп беру деп аталады.
Бәсіре атау – ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап ен
салған жас төлді «бәсіре» деп атайды. Бәсірені сол баланың қажетіне, тойына
жаратып жатады.
Нәзір – халық бір күрделі жұмыс бастағанда (мысалы егін салғанда, су
келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) «тәңірім, ісімді ондай көр», «қайырлы
ете көр» деп нәзір жасаған. «Нәзір» дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір
малын сойып өзінің бастағалы отырған ісінің мән-жайын айтып әруақтарға дұға
оқытып көпшіліктен бата тілейді. «Көп тілегі көл» дегендей жиналғандар оған
«алла риза болсын», «тілегін қабыл болсың», «ісің оңға бассын», деген сияқты
ізгі, баталы, аталы сөздерін айтып ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне
248
ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен танытатын халықтың осы ізгі жолы
ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдет-салтының қасиетін айқындай түседі.
Үме. Қазақта «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал бар.Үлкен,
ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдарды «бір жеңнен қол шығарып» бас
қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Сонның бірі – үме. Әсіресе, қысқы
мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады.
Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. Үмеге бала-
шағалар да көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп өнер көрсетіп,
жұртты серпілтіп тастайтын. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен
ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды.
«Сірге мөлдіретер» - бұл «Бие ағытар күні берілген қымызды «сірге
мөлдіретер» дәстүрі дейді. Бұған ауылдың ақсақалдары мен аналары
шақырылады. Олар риза болып, алғыс айтып, бата береді. Кей жерлерде мұндай
дәстүрді «сіргежияр» деп те атайды. Бұл да қазақтың жомарттық салтын көтере
түсетін қасиетті дәстүр. [22]
Данышпан Абай Құнанбаев қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,
мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі өлеңдері мен қара сөздерінде мол мұра
қалдырды. Оның «Жаз», «Ескілік киім», «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»,
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» т.б. көптеген өлеңдері ұлттық
ерекшелігіміздің жанды көріністерін бейнелейді.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз елінің, жұртының тұрмысы мен
әдет-ғұрпын зерттеп, бірнеше ғылыми-танымдық еңбектер мен шығармалар
жазған үлкен этнограф-ғалым. «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда тұсу,
қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» еңбегінде ұлттық дәстүр мен
ғұрыпты сипаттайды.
Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті мен өнері, ғылымы саласында
орасан еңбектер жазды. Халық ауыз әдебиеті мен мәдениетіне аса зор көңіл
аударып «23 жоқтауын» құрастырып және «Қазақ мәдениеті» деп аталатын
күрделі еңбк жазған.
Белгілі ғұлама тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан, қазақ даласының
мәдиниет ескерткіштерін, архиялогиялық, этнографиялық қазыналарын терең
зерттеп, «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан»,
«Орталық Қазақстанның ежелгі мәдиниеті», «Хандар жарлығының тарихи -
әлеуметтік мәні» т.б. жүздеген еңбектері мен мақалаларында халықтың қол
өнері мен мәдениеті, өнері, әдет-салты, тұрмыс дәстүрлері жөнінде мағынасы
зор деректер мен жаңалықтар ашты.
Шоқан Уәлиханов «Қазақтар туралы жазбалар», «Көне замандағы
қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Қазақтың көші-коңы» т.б. көптеген
еңбектері мен очерктерінде қазақ даласының саяси-әлеуметтік, мәдени-
тұрмыстық, тәлім-тәрбиелік, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы туралы жазба мұраларын
қалдырды.
Қазіргі уақытта дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалыптастыру процесі
күрделі және алуан түрлі: ол стихия мен сананы, мақсаттылық пен бірізділікті
біріктіреді. Сондықтан тәрбие басты факторға, бүкіл педагогикалық
стратегияның өзегіне айналды. Оны қоғам және оның барлық әлеуметтік
249
институттары: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, әлеуметтік
қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырады.
Орта мектеп тәжірибесінде балалардың отбасымен ынтымақтастықта
адамгершілік тәрбиесіне бағытталған «Наурыз» мерекесі сияқты ұлттық
мерекелер мен ұлттық ойындар өткізуде салт-дәстүрлерді қолданатынымыз
анық. Мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы орта мектептерде тәрбиенің
арнайы бағдарламалары құрылуы керек. Онда жергілікті жердің жағдайларын,
қолданыстағы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ескере отырып, балалар
жасөспірімдердің жас ерекшелігіне байланысты айналасатын (мақта
өсірушілер, мал өсірушілер, бағбандар, егін егу мен бау-бақша салу және т.б.)
еңбек қызметімен, қоғамдық құбылыстармен, мерекелермен, қоршаған табиғат
ерекшеліктерімен және халық тәжірибесін қоғам, мәдениет, техника туралы
заманауи біліммен үйлестіре отырып танысуға мүмкіндік туды. Бұл міндетті
шешуге тәжірибесі бай және жоғары кәсіби дайындығы бар ғалымдар, алдыңғы
қатарлы бастауыш сынып мұғалімдері және мектепке дейінгі мекемелердің
тәрбиешілері қатысады.
Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың өмір салты мен тәжірибесінің
басым бөлігін ұзақ жылдар бойы бойына сіңген, берер өсиеті мол тұлғалармен
кездесу өткізудің мәні ерекше. Ұлттық дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың табиғи
тасымалдаушысы бола отырып, олардың әр ойы мақал-мәтелдерден,
афоризмдерден, әдебиет классиктерінің өлеңдерінен, жеке өмірінен бастау
алады. Бұл қазіргі заманғы қажеттіліктер тұрғысынан ұлттық дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың тиімділігін анықтау, зерттеу тек танымдық қана емес,
сонымен қатар отбасындағы, мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі
балалардың адамгершілік тәрбиесін жақсарту үшін үлкен практикалық маңызы
бар.
Бала тәрбиесінде мақал-мәтелдердің де ұлттық тәрбиелік мәні зор.
Халықтың тарихи тәжірибесінің нәтижесі ретінде мақал-мәтелдер отбасында,
мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте үнемі қолданылады (бастауыш сынып
оқулықтарына көптеген халық дәстүрлері, мақал-мәтелдер, нұсқаулар, мақал-
мәтелдер енген). Ата-аналар мақал-мәтелдерді тапсырмаларды, педагогикалық
жағдаяттарды, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып кеңінен
қолданады.
Балалардың ерте жастан бастап мақал-мәтелдерді тыңдап, түсініп қана
қоймай, оларды өмірде қолдануға үйретуіміз керек. Мақал-мәтелдер қазақ
халқының прогрессивті дәстүрі ретінде балалардың адамгершілік тәрбиесінде
қолдану ұрпақтан-ұрпаққа берілетіндігін көрсетеді.
Тәрбие барысында ертегілер, мақал-мәтелдер балалардың моральдық
сезімдеріне, санасы мен мінез-құлқына ауызша әсер етудің құралы ретінде өте
маңызды.
Халық мақал-мәтелдерінде, аңыздар мен ертегілер, әндер мен ұлттың ана
тілінде жасалған эпостар, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер,
ойын-сауықтар мен той-думанда да адамгершілік-этикалық, патриоттық терең
идеялар жатыр, еңбек, дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие, оларды
жасаушылардың этнопедагогикалық мәдениеті мен менталитеті көрініс табады.
250
Бұл туралы біз халық шығармаларын зерттейтін ғалымдардың зерттеулерінен
«ежелден бері фольклор халық тарихының, философиясының және халық
педагогикасының маңызды құрамдас бөлігі» болғандығын біле аламыз.
Қазақ фольклорында ұлттық тәрбиенің ерекшелігі, оның әлеуметтік
маңызы табиғилық сипатқа ие. Онда халық тәрбиесінің негізгі бағыттары:
- түрлі аспектілердегі еңбек тәрбиесі;
- рухани-адамгершілік тәрбие;
- азаматтық міндеттерді орындауға дайындық;
- отбасылық өмірге дайындық;
- ақыл-ой дамуы және т. б. дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
ұлттық тәрбиенің негізгі құралы, ал фольклор оларды құрайтын интегралдау
компоненті. Ол білімді жинақтау мен таратудың, халықтық тәрбие рухын
білдірудің және ұрпақтан-ұрпаққа берудің құралы. Әрине, фольклорлық
материалдарды бере отырып, ұлттық дәстүрлер арқылы тәрбиелеу жас
ұрпақтың мүмкіндіктерін ашады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік тәрбиелеуде мейірімді,
сыпайы сөздерді қолданудың ерекшелігі және ол баланың эмоционалды
жағдайына жағымды әсер етуі қуанышты көңіл-күйді, басқаларға деген
сүйіспеншілік сезімін, нәзіктікті, қамқорлықты, мінез-құлық нормалары мен
ережелерін, адамгершілік сезімдер мен идеяларды игеруде қажетті күштер мен
мүмкіндіктерге деген сенімді оятады.
Қоғамдық, отбасылық, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау
және қолданыстағы қоғамдық, отбасылық, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
жетілдіру арқылы жағымсыз өмір салтымен байланысты әдеттер мен идеяларды
жеңуде балалардың санасы мен сезімдеріне әсер ету маңызды. Олар қоғамдағы,
отбасындағы, тұрмыстағы адамдардың қарым-қатынасын жаңа деңгейге
көтереді, жақсы өмір сүруге, рухани және материалдық жағынан бай болуға,
балаларды моральдық нормалар мен қағидаттардың жоғары деңгейінде
тәрбиелеуге көмектеседі [23].
Қоғамда дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерттеу және дамыту тек
этнографтар мен мәдениеттану, философия мамандарының міндеті деген пікір
бар. Алайда, бұл дұрыс емес. Мектеп пен отбасы қоғаммен бірлесе отырып,
зерттеуге, дамытуға қатысуы тиіс, өйткені олар қоғамның маңызды
міндеттерінің бірі – болашақ, кемелді ұрпақтың жеке басын тәрбиелеу мен
дамытумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |