244
Орыс салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары шексіз, жан-жақты. Дәстүрлері
мен ғұрыптары көптеген Ресей зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылды.
Олардың ішінде келесі авторларды атауға болады М. Забылин, А. В.
Терещенко, А. Коринфский, м. М. Громыко, Е. Авдеева, А. Платонов, Л. С.,
Лаврентьева және т. б.
«Масленица» - бір апта бойы атап өтілетін Ресейдегі дәстүрлі мереке.
Ежелгі уақытта «Масленица»
көңілді мереке емес, қайтыс болған ата-
бабаларды еске алу рәсімі болған.
«Пасха» - бұл мереке қасиетті түрде құрметтелді және жалпыға бірдей
теңдік және мейірімділік күнімен байланысты болды. Мереке қарсаңында
қыздар торт пісіреді (бәліш),
жұмыртқаны бояу, үйлерді безендіру дәстүрлері
жалғасын тауып жатады.
Жаңа жыл. Мереке барлық отбасыларда отыз бірінші желтоқсанға
қараған түні тойланады. Қонақтар сыйлықтармен алмасып, жаңа жылдың
басталуымен құттықтайды. Алдымен қонақтар
ескі жылды шығарып салады,
содан кейін жаңа жылды қарсы алады.
«Рождество» - қайта тірілу немесе өмірге оралуды білдіретін жарқын
мереке. Салтанатты дәстүр жасалынады, ол мейірімділікке, жылулыққа,
шығармашылыққа толы. «Рождество» әдет-ғұрыптары рухани дүниені
жеңуді
білдіреді. Адамдар он екі тағамнан тұратын дастархан жаяды. «Рождество»
қарсаңында мерекелік дастарханға отыруға аспанда бірінші жұлдыз пайда
болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. «Рождество» барлық туыстары жиналатын
отбасылық мереке болып саналады[18]. Ресей мектептерінде бала тәрбиесіне
ерекше көңіл бөледі. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-
ақ олардың дарындылығына назар аудару дәстүрлі ерекшелік. Балабақшаларда
сабақтар сурет салу, ән салу,
модельдеу, би және т.б бойынша өткізіледі.
Балаларды ұлттық дәстүрлер мен ғұрыпта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарыды
жоғары қою, адамгершілік қастиеттерді сіңіру мәселелері басты назарда
ұстайды. Мектеп оқушылары өз пікірлерін айтуда еркіндікке тәрбиеленеді.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне баса назар аударады[19].
Достарыңызбен бөлісу: