Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет107/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Қазақ халқының дәстүрлері мен ғұрпы 
Өзге халықтардың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сияқты қазақ 
халқының да ұлттық дәстүрі, мәдениеті, өнері, салты мен ғұрыптары ерекше 
және жас ұрпақтың тәрбиесінде алатын орны маңызды. Кез – келген халықтың 
салт-дәстүрлер жүйесі оның ғасырлар бойғы тәрбиелік күш-жігерінің нәтижесі 
болып табылады. Осы жүйе арқылы әр халық өзін-өзі, рухани мәдениетін, 
мінез-құлқы мен психологиясын бір-бірін алмастыратын ұрпақтар қатарында 
жаңғыртады. Сондықтан дәстүрлер сабақтастығы – қоғамдық өмір заңы. Ал 
«сабақтастық» деген не? «Сабақтастық – даму процесінде жаңа мен ескінің 
арасындағы объективті қажетті байланыс. Дәстүрлер автоматты түрде бір 
ұрпақтан екінші ұрпаққа өтпейді, оларды сақтау керек, шынайылықпен 
байланыстыру керек, содан кейін ғана олар жеке тұлғаны қалыптастырудың 
тиімді құралына айналады. Олар өздерінің әлеуметтік және өзіндік 
маңыздылығын бірнеше рет растаған қызмет түрлерінің негізінде қалыптасады.


245 
Дәстүрлер ұрпақтар сабақтастығын біріктіреді, сондықтан халықтардың 
рухани-адамгершілік өмірі осыған байланысты. Өткен және келер ұрпақтың 
сабақтастығы дәстүрлерге негізделген. Дәстүрлер неғұрлым әртүрлі болса, 
соғұрлым халық рухани бай болады. Халықты дәстүр ғана шынайы біріктіреді. 
Дәстүр мен қазіргі заман арасындағы келісімге қол жеткізу ғылымның өзекті 
мәселесіне айналуда. Дәстүр қазір жоғалған мұраны қалпына келтіруге ықпал 
етеді, мұндай ескі мұраны қалпына келтіру адамзат үшін нағыз тәрбие құралы 
болып табылады. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрлерге деген 
көзқарас жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтар мен оларды жылдам 
өзгеріп жатқан бүгінгі әлемге ене алу мүмкіндіктерін ашады. Бұл ғылыми-
техникалық прогрестің қазіргі сатысына жеткен халықтың іргелі капиталы 
болып табылатын ұлттық сананың ішкі тарихи тереңдігінен шыққан дәстүрлер. 
Осы дәстүрлер арқылы қазақ халқының ұлттық-моральдық талаптарын атауға 
болады: 
- туған жерге, халыққа, Отанға деген сүйіспеншілік талабы. 

әділеттілікке, 
адалдыққа, 
мейірімділікке, 
сүйіспеншілік 
пен 
жомарттыққа, ар-намыс пен өзін-өзі бағалауға, шындықты қорғауға, әлсіздерді 
қорғауға, қиыншылықта жанқиярлық көмек көрсетуге, жанашырлық танытуға 
деген талап. 
- еңбексүйгіштік пен бейбітшілік, достыққа адалдық, қонақжайлылық, 
жомарттық, үнемділік, еңбек адамдарына, үлкендерге, кішілерге, әйелдерге 
деген құрмет талаптары [20]. 
Қазақ халқы үшін баланың дүниеге келуі аса үлкен қуаныш, мереке. Бала 
тәрбиесіне ерекше мән берген қазақ дәстүрлер мен ғұрыпты қалт жібермей, 
толық сақтаған. Балаға қатысты дәстүрлер мен ғұрыптар бүгінгі күнге дейін 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке 
салу, шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, ашамайға мінгізу, тоқым қағу, қыз 
баланың құлағын тесу, т.б
Сүйінші сұрау дәстүрі – қуанышты хабар айтып жеткізген адам 
«Сүйінші, Сүйінші!» деп қуанып келіп, сүйінші сұрайды. Қазақта сүйінші 
сұраған адамға міндетті түрде сүйіншісін беру дәстүрі қалыптасқан. Сүйіншіге 
«Қалағаныңды ал!» деп қазақ қуанғанын білдіріп, сыйлығын береді.
Балаға ат қою дәстүрі – нәресте дүниеге келгеннен кейін оған ат қою 
рәсімін жасайды. Балаға құрметті, атақты, өнерлі, ақылды, батыр адамдарға 
лайықты болсын деген ниетпен, сондай адамдардың атын ырымдап қояды. 
Сондай-ақ, ер балаға да қыз балаға да жыл мезгілдеріне байланысты, табиғатқа 
байланысты да атттар қойылады. 
Бесікке бөлеу дәстүрі – Бесік жыры айтылып, баланы ауылдың киелі, 
сыйлы бәйбішесіне (құрметті әже) бесікке бөлетеді. Бесікке бөлеген адамға 
сыйлық беріледі. Осы тұста қазақ ұлан-асыр думандатып бесік тойын жасаған.
Алдын-ала бесіктің құралдары даярланады, ер бала мен қыз балаға қатысты 
бесікті безендіреді. «Бесікте бала таза, жылы жатады, бесік баланы барлық 
жаманнан нәрседен қолғайды, ұрпағым осы бесікте тербеледі, бесіктегі балаға 
бесік жыры айтылады» деп қасиетті бесікті де құрметтеген. 
Шілдехана дәстүрі – нәресте дүниеге келгенде «жарыс қазан» жасалады, 


246 
содан кейін ол шілдеханаға жалғасады. Шілдеханаға жастар жиналады, 
жиналған жұртқа қошемет көрсетіледі. Жастар таң атқанша айтыс өнерін 
тамашалау, домбыра құлағында ойнау, ән салу, би билеу өнерлерін көрсетіп, 
көңіл көтеріп, той-думанға ұластырады. 
Тұсау кесу дәстүрі – баланың ең алғашқы қадамы, туған жерінің 
топырағын басып, қаз тұрған кезі. Ұядан ең алғашқы тіршілігін бастайды. Қазақ 
халқы баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер тойын жасайды. 
Баласының қадам басып, ер жеткендігін ырымдап, тілекші болған ағайын-туыс, 
ел-жұртқа дастархан жайылып, үлкен той-думан жасалған. 
Ашамайға мінгізу дәстүрі – ұл балаға жеті жасқа келгенде ашамайға 
мінгізу дәстүрін жасайды. Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады 
да оған көрпеше салып, оны жуас атқа ерттейді, баланы атқа отырғызады. 
Балаға аттың тізгінін ұстатып, жетектей отырып атқа мінуді үйретеді. Бұл 
баланың ер жеткендігін, мал-шаруаға араласа алатындығын білдіреді. 
Тоқым қағу дәстүрі – ашамайға мінген бала бірінші рет үйінен алысқа 
жолға шыққанда әке-шешесі бір малын сойып, ақ ниетпен балаға жүрек жарды 
тілектерін айтып келген ағайын-туған-туысқа тоқым қағар жасайды. Қазақ 
балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан, 
яғни ат әбзелдерін дайындап, баланы еңбекке баулу, отбасы шаруасына араласу 
т.б тәрбиеге үйрете бастайды. 
Қыз баланың құлағын тесу дәстүрі – үш жасқа толып, қуыршақпен ойнай 
бастаған қыз баланың құлағын тесіп, сырға салу дәстүрі жасалады. Қыз балаға 
әдемі көйлек, кестелі камзол, үкілі тақия кигізеді. Ауыл әйелдері түгел 
жиналып, ең қолы жеңіл деп танылған әйел қыз баланың құлағын тесіп сырға 
салады. 
Қыз ұзату дәстүрі – ата-анасы қызын ұзатарда барлық кәде-жоралғысын 
жасап, «сыңсу» айтысып ұзатқан. Сыңсу халқымызда тұрмыс-салт 
жырларының ең көп тараған түрлерінің бірі. Қыз өз босағасынан аттанар 
алдында ағайын туғандарын аралап, аяулы ата-анасын, туысқандарын 
қимастығын білдіріп, өлеңдетіп сыңсу айтып жеткізген.
Құда түсу, сырға салу, құйрық бауыр жегізу дәстүрлері де бүгінгі күнге 
дейін жеткен салт-дәстүрлер бүгінгі күнге дейін де сақталып, кеңінен таралған. 
Қазақ халқы өте мейірімді, қонақжайлылығымен танымал болған ел. 
«Қонақ келсе, құт келеді» деп қазақ үнемі қонақ келеді деп барлық тәтті-
дәмдісін қонағына сақтаған. Қонақты қарсы алу, шығарып салуға аса мән 
берген. Отбасыда бала-шаға түгел дерлік қонақ күту рәсімімен айналысқан. 
«Құдайы қонақ» ол қазақтың кез-келген үйіне түсетін жолаушы жүрген адам. 
Оны қазақ ерекше қонақ етіп күтіп, сый-сияпатымен шығарып салған.
Қазақ отбасында ұл бала, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берілген. 
Үлкенге құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, ата-анаға 
деген құрмет, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, сияқты дәстүрлерінің 
тәрбиелік мәні және «Малым – жанымның садағасы, Жаным – арымның 
садағасы» деп ар-ұят, намысты жоғары бағалаған қазақ адамгершілік, 
жауапкершілік, табандылық пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен ізеттілік, 
құрмет пен сыйластық т.б құндылықтарды әрқашан биік ұстаған [21].


247 
Айтыс өнері – ежелден келе жатқан, бүгінгі күнде де өзінідік ерекше 
орны бар халық ауыз әдебиетінің жанры. Айтыс поэзия жанрының ішіндегі ең 
күрделісі, ең қиыны. Қазақ халқының рухымен, жанымен тараған дәстүрлі өнер.
Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы», қазақ халқының әдеби мол 
мұраларының бірі деп айтысқа баға береді. Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, 
сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер. Өзінің білімін 
шыңдайтын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды 
жақсы ұғынып, үлкен дайындықпен келетін болған.
Айтыстың түрлері: бәдік айтысы, жар-жар, жануар мен адамның айтысы, 
өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы, қыз бен жігіт айтысы, 
ақындар айтысы, қазіргі заман айтысы. 
Ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні зор. 
Ұлттық ойындар бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, 
түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін 
ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
«Көкпар», «Қыз қуу», «Қазақша күрес», «Алтыбақан», «Аударыспақ», 
«Теңге алу», «Ақсүйек», «Аламан бәйге» т.б
Қазақтың ұлттық ойындарының негізгі мақсаты дене тәрбиесін дұрыс 
жолға қоюға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға 
бағытталған. Сондай-ақ бұл халқымыздың жауынгерлік тарихын, ерліктің 
өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыруға, өз 
жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі ұрпақты 
тәрбиелеуге жол ашады.
Ұлттық мерекелер: Наурыз, Ораза айт мерекесі, Құрбан айт мерекесі, 
«Тәуелсіздік күні» мерекесі тойланатын болды. Ұлттық мерекелерде қазақтың 
ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы дәріптеліп, ұлттық ойындар, ұлттық ән-би, 
күй ойналып, ұлан асыр той тойланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет