Әдет-ғұрып. Ғасырлар бойы тарих белестерінен өтіп келеді. Атадан
балаға, әулеттен-әулетке, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып, жалғасын
табуда. Қазақ ұрпағын үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға бүлдіршін
кезінен бастап үйретеді. Қарттарды аса құрметтейді. Отбасылық мәселелер
бойынша қарияларға жүгінеді және олардың айтқанын тыңдап әрекет етеді.
Үлкендер отырған жерде бос әңгіме, орынсыз күлкі естілмейді. Үлкендердің
алдын кесіп өтпеу, ашық-шашық жүрмеу, көздеріне тіке қарамау сәби
кездерінен ақ саналарына сіңіріп өсіреді.
Ғұрып. Халқымыз әрқашан да ата-баба ұлы істерінің жақсы үрдісін
сақтауды және оны дамытуды көздеген, мақсат еткен. Бұл – ғұрып. Адам
баласы санасы мен тәрбиесіне ғұрыптың орны ерекше. Сол себепті ел ішінде
ғұрыптың сақталып ұрпақ санасына сіңірілуіне аталарымыз мен билеріміз, ел
ағалары, дін өкілдері, аузы дуалы шешендеріміз елеулі рөл атқарған.
Ұлттық мәдениет бала үшін әлемдік мәдениеттің байлығын игерудегі,
жалпыадамзаттық құндылықтарды иемденудегі, өзіндік жеке мәдениетін
қалыптастырудағы алғашқы қадам болып табылады.
Біздің қоғамды күтіп тұрған ең үлкен қауіп – экономиканың күйреуінде
де, саяси жүйенің өзгеруінде де емес, жеке тұлғаның күйреуінде.
Қазіргі уақытта материалдық құндылықтар рухани құндылықтардан
басым, сондықтан балаларда мейірімділік, жомарттық, патриотизм туралы
түсініктер бұрмаланған.
Халық дәстүрлерінің құндылығы өте зор және олардың жоғалуын кез-
келген материалдық игіліктер алмастыра алмайды. Дәстүрлер – халық
мәдениетін сақтаушылар. Егер барлық халықтық дәстүрлер, халықтық өнер
толығымен жоғалса, онда ол халықтың бар екендігіне күмән келтірілуі мүмкін.
Халықтық дәстүрлер тарих, мифология философиясымен тығыз
байланысты. Олар адамның өмір, қоршаған орта туралы жинақталған
идеяларын, сондай-ақ халықтық педагогика мен халық шығармашылығының
жетістіктерін көрсетеді.
1. Баланың тууына және тәрбиесіне байланысты дәстүр мен ғұрыптар
Бала тәрбиесі. Қазақ халқы ұрпағының жалғасы ретінде бала
тәрбиесіне ерекше мән берген.
Достарыңызбен бөлісу: |