268
барлығы бір-бірін құттықтайды, көкпар сияқты дәстүрлі жарыс міндетті түрде
ұйымдастырылады.
Жол-жоралғы – қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар.
Бұл – әр адамның еңбегіне, ата-тегіне, туыстық қатынастарына сай жасалатын
алыс-беріс, сый-сыяпат ретінде берілетін тарту-таралғы. Мұндай жол-жоралғы
әр-түрлі жолдарман жасалады. Мысалы, алғаш рет келген құрметті қонаққа,
батырға, ақынға, ел ағаларына, құда-құдағиларға көрсететін жол-жоралғы бар.
Мұндай тарту-таралғыда ат-шапан,
кісе белбеу, ер-тұрман, қару-жарақ, қалы
кілем, құндыз бөрік, домбыра, күміс қамшыт.б сыйға тартқан.
Жолды ұстай білу – биік адамгершіліктің, ұлттық парасаттылықтың берік
тұғыры.
Жөн-жосық – мыңдаған жылдар бойы халқымыз өмір тәжірибесінде салт
пен сананың, әр істің реті мен әдебін, жөні мен жолын сақтап ұрпақтап ұрпаққа
беріп отырған. Осыдан ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғрып, ырымдар, ұғымдар,
тыйымдар қалыптасқан. Осының бәрінің басын құрайтын әдептер жиынтығы –
ұлтымыздың жөн-жосығы туындаған. Бұл ұлттық сана-сезім, мінез-құлық, діни
сенім, рухани қазына мен қағидалар байлығы, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие
ережесіне негіз бола отырып, жыл сайын дами түскен. Осындай тағылымдық
мәңгі өнеге жолдары мен жөн-жосықтар халқымыздың бірлік, ерлік,
отансүйгіштік, мәрттік,
жомарттық, жауапкершілік, намысқойлық, шеберлік
қасиеттерін ұрпақ бойына сіңіріп, сол жолда қызмет етуге үйретті. Қандай ауыр
жылдар, кезеңдер болса да халқымыздың қанына сіңіп, зердесінде ұйып, таза
қазақылық қалыпқа, адамдық асыл қасиеттерге жетелеген де, жеткізген де
ағайынды адастырмас жөн сілтерсара жолымыз да осы жөн-жосығымыз
болатын. Біздің ұлттық кескін-келбетіміз де, абырой –беделіміз де осы жол
арқылы көрінеді. Жосық - әділет, шындық, адалдық ережесі.[33].
Білім алушылардың бойында еліміздің өткенін ешқашан ұмытпауды,
халқымыздың терең тарихын білу және құрметтеу керек екендігін саналарына
сіңдіре білуіміз қажет. Әлемнің әрбір халқына тән ерекшеліктерді ұлттық
музыка, қолөнер, әдет-ғұрып және салт-дәстүр арқылы анықтауға болады. Осы
ерекшеліктерді зерттей отырып, өмірлік принциптерді, халықтың жан дүниесін
түсінуге болатынын, сондай-ақ, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтардың
байланысы мен сабақтастығы қалыптасатын алтын көпір екенін ұғындыру
басты міндет.
Отбасында үлкендерді құрметтеуді үйренген адам оны мемлекеттік
деңгейге көтереді және отбасындағы сияқты өз отандастарына құрметпен және
сүйіспеншілікпен
қарайды,
қызметтік
міндеттерін
орындайды,
ата-
бабаларының өткені мен дәстүрін терең құрметтейді. Мықты,
дені сау
отбасында ғана мемлекет бірдей қасиеттерге ие бола алады. Отбасылық
дәстүрлердің ішіндегі ең маңыздылары – үлкендерге деген адалдық пен құрмет
ғасырлар бойы қалыптасқан, отбасылық және рулық байланыстардың ерекше
жүйесін қалыптастырған әдет-ғұрыптар.
Отбасында ата-аналардың балаларға, балалардың әкесі-анасына, әжесі
мен атасына деген қарым-қатынасы арқылы адамның рухани қалыптасуы,
адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық дәстүрлер
мен құндылықтарды
269
құрметтеу жүреді.
Қазір қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан кейбір
дәстүрлері ұмытылған, оларды жандандыру тек біздің қолымызда. Бірақ,
әділдігін айта кету керек, олардың көпшілігін жас ұрпақ бүгінгі күнге дейін
қолданып келеді. Ғасырлар қойнауынан бастау алған қазақтардың әдет-
ғұрыптары мен дәстүрлері тамаша. Олар біздің тегімізге тән үлкендерді
құрметтеу, ақсақалдарды қадірлеу, кішілерге құрметпен қарау, ана мен әкеге
ерекше құрмет.
Қалай болғанда да, дәстүр мен ғұрып әр кезеңдегі ұрпақтарды біз өмір
сүріп жатқан әлемге қарамастан біріктіруі тиіс. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
үнемі қайталанатын рәсімдер. Әдетте, оларды әр отбасы ұстанады және бұл
барлық туыстарды біріктіруге мүмкіндік береді, және әр түрлі ұрпақтарды
шынымен байланыстыра алатындығына сөз жоқ.
Қазіргі Егемен Қазақстан өзінің ұлттық жаңғыру кезеңін бастан кешуде.
Өз халқының тарихына, өзінің ұлттық мәдениетіне, этностың қалыптасу
бастауларына және оның жалпы әлемдік өркениет жүйесіндегі эволюциясына
деген қызығушылықтың артуы – ғасырлар тоғысындағы бүкіл
посткеңестік
кеңістікке тән. Бұл процесс толығымен қазақ этносына да қатысты, өйткені ХХ
ғасырдың ішінде мәдени дәстүрлерді саналы түрде жою бұрын орын алған,
яғни, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды саналы түрде жою жүргізілді.
Қазақстанда жетпіс жылдық кеңестік кезеңде дәстүрмен «өткеннің жәдігерлері»
ретінде күресті.
Алайда ешқандай қоғамдық-саяси процестер қазақ этносының этностық
даралық пен ұлттық өзін-өзі көрсетуін «тежей» алмады. Қазақтар сол кездің
өзінде де, бүгін де асқан тұрақтылықпен және табандылықпен бұрынғы өмір
салтының үзінділерін сақтап қалды.
Қазіргі Қазақстан ұлттық жаңғыру кезеңін бастан кешуде. Ұлттық-мәдени
жаңғыру процесі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы
тұжырымдамаларды қайта қарау, ұмытылған салт-дәстүрлерді, әдет-
ғұрыптарды қайтару – қазіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән белгілер.
Ұлттық жаңғыру үдерісі тек қазақ тарихына деген қызығушылықтың
артуымен ғана емес, сондай-ақ өзіндік салт-дәстүрлердің
жандануымен қатар
жүреді. Қазақ салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының жандануы бүгінде
Қазақстанда тарихи сабақтастықты қалпына келтіру ретінде қабылданады.
Қазақ халқы үшін бұл өте маңызды мәселе.
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрыптары ежелден келе жатқан ырым-тыйымдары тәрбиелік жағынан
болашақ ұрпаққа маңызы өте зор. Біздің міндетіміз сонау ата-бабамыздан келе
жатқан осы салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарды, ырым-тыйымдарды өз
деңгейінде насихаттап, мағызын жоғалтпай келешек ұрпаққа жеткізе білу.
Достарыңызбен бөлісу: