493
Мұғалім: Балалар, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің осы әңгімесінен не
ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуді, мейірімділікті.
- Иә, жарайсыңдар, еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі –
береке» тақырыбында болмақ.
Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын.
Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын.
Мен барлығыңды
жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
(оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл,
Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған,
Қиындықты жеңіп кіл,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Мұғалім: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз бе әлде мақал
– мәтел ме): «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз
өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді».
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек
етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің.
Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.
Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады.
Өйткені олар
еңбектеніп, оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен
тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер, балалар.
Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине, жоқ. Сол сияқты
еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның
еңбегі елеусіз қалған
емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп
еңбектеніп, аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің
арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болған.
Хор: Әңгелек.
Шуағында көктемнің,
Қауын дәнін еккенмін.
Өзім күтіп баптадым,
Жаздай тыным таппадым.
Қайырмасы:
Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
Сап – сары боп сабағы,
494
Иісі мұрын жарады.
Тіл үйіріп, бал татып,
Қойды бізді тамсантып.
Қайырмасы:
Пісіп қапты әңгелек
Доптай болып дөңгелек. 2 рет
(Оқушылардан тақпақтарын сұрау)
Жаңагүл: Еңбекті сүй құрметте,
Береке болар еңбекте.
Еңбек
етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
Әсемжан: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жарамайды қатты болу тікенектей.
Білімің болсадағы ұшан – теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Қасиет: Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра
алмас дәмдіден дәмді іздемей,
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ.
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей,
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
Айдана: Еңбек – өлім жан қанатын қиятын,
Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю,
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Достарыңызбен бөлісу: