198
Егер оған дым тиіп, күн жылытса,
Жан кіріп, шөп шығады гүл-жапырақ.
Өлген шөптің көлі еді тозған тозаң
Онан тағы не шықты, байқа, бірақ.
Әлемде жоғалатын ешбір зат жоқ
Өзгертіп, түрленеді, ойла, шырақ.
Бұл соңғы шөп — өлген шөп емес дерсің,
Шөп-жанынан білдің, бе оны сұрап?
Дене — киім сияқты, күнде ауысар,
Жан ауысты деуіңіз қиынырақ!
«Математика» оқу пәнінде
«Геометриялық фигуралар туралы түсінік» тақырыбын зерделеу
барысында «Дұрыс немесе дұрыс емес мәлімдемелер», «Сенесіңдер ме?»
тәсілін сабақтың басында қолдануға болады. Негізгі ақпаратпен танысқаннан
кейін (параграфтың мәтінін оқығаннан кейін немесе мұғалімнің түсіндірмесін
тыңдағаннан кейін) келесі мәліметтердің дұрыш
немесе дұрыс еместігін
анықтау ұсынылады:
- Доғал бұрыш – бұл ұшы жоқ қарындашпен салынған бұрыш.
- Бұрыш – бұл геометриялық фигура.
- Бұрыш қиылысатын екі түзу сызықтардан тұрады.
- Бұрыштар тапқыр және топас болып бөлінеді.
- Бұрыш бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұрады.
- Тең бұрыштар – бұл бүйірлері бірдей бұрыштар.
- Биссектриса – үш жағы бар бұрыш.
- Тік бұрыш болады.
- Бұрыш арық болуы да мүмкін.
- Үшкір бұрыш – бұл тік бұрышқа қарағанда кішкентай болатын бұрыш.
№2 есеп.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет – төрт терезесі бар оқу кабинетінің
қабырғаларын сырлау керек. Жөндеу жұмыстарына (жұмыс бағасын қоса
алғанда) 125000 теңге бөлінді.
Тапсырмалар
1. Егер:
- төбенің биіктігі 320 см;
- бөлменің ұзындығы 800 см;
- ені 600 см;
- терезелердің мөлшері 200 см х 180 см;
- есіктің мөлшері 200 см х 100 см
екендігі белгілі болса, сырлауға
арналған қабырғаның ауданын анықтау қажет.
2. Оқу процесіне неғұрлым қолайлы әсер ететін бояу түс таңдау (1-кесте).
3. Неғұрлым қауіпсіз бояу таңдау сыр (2-кесте).
4. Бояудың қажет болатын мөлшерін есептеу.
199
5. Шығатын қаражат мөлшерін анықтау (сырлаушыға 55000 теңге
төленетінін ескеру қажет).
Түс адамның денсаулығы мен психологиясына әсер етеді.
Сондықтан
бөлме қабырғаларын бояйтын сырдың түсін өте мұқият таңдау қажет.
Ғалымдар бөлме қабырғаларын таза түсті сырмен боямауды ұсынады – бұл
адамның психикасына ауыр тиетін жағдай жасайды. Сондықтан да
қабырғаларды қанық таза түстермен өте сирек бояйды. Әдетте бояуларды ақ
түспен араластырады немесе түс гаммасына
қарама-қайшы бояуды қосумен
бейтараптандырады.
Достарыңызбен бөлісу: