Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


-дәріс Тақырыбы:Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы



бет13/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
математика 1 к

6-дәріс

Тақырыбы:Математика сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы

Оқушылардың ұжымдық-үлестірімділік және өзіндік оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару технологиясы. Жаңа ұғым және әрекет тәсілін оқытып-үйретуге дайындық кезінде; жаңа ұғым және әрекет тәсілімен таныстыру барысында; білім, білік, дағдыларды бекіту және оқыту нәтижелерін тексеру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиясы. Сабақта түсініктер мен ұғымдар, терминдер мен деректер, әрекет тәсілдерін – білімді игеру; есептеу, алгоритмдік, өлшеу, геометриялық салулар орындау, есептерді шығару – білік пен дағды қалыптастыру; салыстыру, талдау, жинақтау, жіктемелеу, жалпылау және т.б. – ақыл-ой әрекеті тәсілдеріне машықтандыру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

«Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында»: «Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық жағдайына енгізу» екені атап көрсетіледі. Ал бұл мәселе өз кезегінде «оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді.

Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «аналогтарды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін көру», т.б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс–әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «іс–әрекет біліктері мен даңдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оқу әрекеті баланың ақыл – ойын дамыту жұмысымен тығыз байланыста математиканы оқытуда оқушылардың тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы да, саналы білім алуы олардың сол мақсаттағы ақыл – ой әрекетінің белсенділігі мен сапалылығына байланысты екендігін мұғалім әсте есте сақтауы тиіс.

Жаңа буын оқулықтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар ккелтірілген:


  • жаттығуларды механикалық және бір сарынды (үлгі бойынша) орындаудан бас тартуға негіз болатын, бақылау, салыстыру, қорытынды жасау және бірнеше альтернативті шешу нұсқаларын іздестіруді талап ететін дамытушылық сипаттағы жаттығулар жүйесі арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру,

  • шығармашылық жаттығулар арнайы жүйе құрайды, олар ерекше, дәстүрден тыс ойлауды, зейінділікті және ой тұжырымдай алуды талап етеді, сондықтан мұндай жаттығуларды орындау нәтижесі бағаланбайды, тек мадақталады (жасыл қоршаудағы жаттығулар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет