Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


«Математикадан оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ) талдау»



бет7/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
математика 1 к

«Математикадан оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ) талдау»

Оқулық – математикалық білім беру мазмұнын айқындайтын және нақтылайтын негізгі оқу құралы.

Оқулықтың ерекшеліктері:

- онда әр математика сабағына сәйкес келетін материалдар беріледі, яғни оқулықты құрастыруда сабақтық принцип сақталады;

- жаттығулар білімді жүйелі түрде меңгертуге, білік пен дағдыны жетілдіруге бағытталған:

а) жаңа материалды оқытуға дайындау бағытындағы жаттығулар;

б) жаңа материалмен таныстыруға арналған жаттығулар;

в) білімді тиянақтау және игерілген материал деңгейін тексеруге арналған жаттығулар.

- жаттығулар жүйесі бастауыш мектеп математика курсының нақты мәселелерін оқыту әдістемесін анықтайды;

- жаттығулардың әр түспен берілуі мұғалімге тапсырманы орындауға қатысты талаптарды айқындауға және сабақта оны тиімді түрде қолдануға көмектеседі.

а) қызыл түс – жаңа ұғым және онымен байланысты материалдарды игеруге арналған жаттығулар;

б) қара түс – қайталауға арналған жаттығулар;

в) көк түс – дамыту сипатындағы жаттығулар;

г) жасыл түс – шығармашылық сипатындағы жаттығулар;

д ) белгілеулер:  - жасырын сан; - жасырын амал таңбасы; * - жасырын қатынас таңбасы;

- тапсырмаларды орындау ретін мұғалім өзі анықтайды, өзіндік жұмысқа, топтық және дербес жұмысқа арналған тапсырмаларды мұғалім өзі таңдайды, яғни оқулық материалдарын іріктеу мен оны үйлестіру шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырылады.

- жаттығуларды механикалық және бір сарынды (үлгі бойынша) орындаудан бас тартуға негіз болатын, бақылау, салыстыру, қорытынды жасау және бірнеше альтернативті шешу нұсқаларын іздестіруді талап ететін дамытушылық сипаттағы жаттығулар жүйесі арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру,

- шығармашылық жаттығулар арнайы жүйе құрайды, олар ерекше, дәстүрден тыс ойлауды, зейінділікті және ой тұжырымдай алуды талап етеді, сондықтан мұндай жаттығуларды орындау нәтижесі бағаланбайды, тек мадақталады (жасыл қоршаудағы жаттығулар);

- оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланыста жүргізуге арналған материалдарды тиімді таңдап алуды ескеру:

а) сурет мазмұнының қоршаған ортамен байланысы;

б) оқушыларды еңбектің қарапайым түрлерімен таныстыру, еңбек әрекетіне оқушылардың араласуына ықпал ету;

в) өз халқына, туған жеріне, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншіліке тәрбиелеу;

г) ұлттық өнер, салт пен дәстүр, мәдениетті сүю және бағалауға баулу;

д) географиялық және экономикалық мәліметтер мен деректер, этнографиялық факторларға көңіл бөлу;

е) оқулықтың әліппемен (сауат ашу) пәнаралық байланысы, нақты біліктік деңгей мен оқу жылдамдығының сәйкестігі;

ж) тәрбие тақырыбында әңгіме құрастыруға болатындай мүмкіндік жасау мақсатымен оқулықтың қосар бетіндегі сурет мазмұнын ортақ тақырыпқа сәйкестендіру; сурет мазмұнының жыл мезгілдеріне сәйкестігі, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

ОӘТ құрамына тағы мынадай құралдар енеді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет