Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия



бет6/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ОТ Лек жинагы 2023

Өрт хабарлағыш жүйелері дегеніміз - өртті байқауға және хабарлауға арналған техникалық жүйелердің қосындысы. Олар жұмыс істеу принципіне байланысты негізгі 5 топқа бөлінеді:

  • Жылулық хабарлағыштар

  • Түтіндік хабарлағыштар

  • Жалындық хабарлағыштар

  • Газдық хабарлағыштар

  • Қолмен қосылатын хабарлағыштар

Ең алғашқы өрт хабарлағыштарды АҚШ ғалымдары Френсис Аптон мен Фернандо Диббл 1890 жылы ашқан болатын. Ол хабарлағыштар өрттің жылу әсерінен істейтін болған. Және сол кездегі хабарлағыштарда пайдаланылған жұмыс принцип әліде қолданылуда. Ол кездегі өрт хабарлағыш қондырғысының конструкциясында электрлі батарея, қоңырайлы күмбез, магнит және термостатикалық құрылым болған. Өрт пайда болған кезде одан бөлінетін жылу термостатикалық құрылымға әсер етіп, оның әсерінен магнитпен батарея арасы қосылып, кішкене балғаша қоңырау күнбезге соғады, нәтижесінде өрт туралы хабарлайды.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі және олардың салдарынан болған залалдарға өндірістердің басшылығы заңға сәйкес жауап береді
Сұрақ: Не себепті өрт сөндіру шелегі конус тәрізді?
Дәріс№5.Жеке қорғану құралдары және эргономикалық сипаттамалары.

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу мүшелерін, көзді, есту мүшелерін, басты, тері жамылғыларын улы заттардан, күшті әсерлі улы заттардың (КӘУЗ) буынан, аэрозольдерінен және тамшыларынан, радиоактивті шаңдардан, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндерден қорғау құралдары болып саналады. Жеке қорғаныс құралдары сипаты мен арналуына байланысты таңдалады (қорғау дәрежесіне), және де ластанудың түрі мен ластанудың дәрежесіне байланысты.


Жеке қорғану құралдарының келесідей түрлерге жіктеледі:

  1. Арнайы қорғағыш киімдер (пальто, тулуп, халат, күртеше және т.с.с.)

  2. Қолды қорғау құралдары (қолғап, перчатка және т.с.с.)

  3. Аяқты қорғау құралдары (етік, кебіс, голош, ботинок, туфли және т.с.с.)

  4. Көзді және бетті қорғайтын құралдар (көзілдірік, бетті қорғайтын қалқан)

  5. Басты қорғайтын құралдар (каска, шлем, дулыға, кепка және т.с.с.)

  6. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар (газқағарлар, респираторлар, маска және т.с.с.)

  7. Оқшаулағыш костьюмдер (пневмокостьюм, скафандр, акваланг және т.с.с.)

  8. Есту мүшелерін қорғау құралдары (құлақшын, тығын және т.с.с.)

  9. Жоғарыдан құлаудан сақтағыш құралдар (сақтандырғыш белдіктер, трос және т.с.с.)

  10. Тері жамылғыларын қорғау құралдары

  11. Кешенді қорғау құралдары

Жеке қорғану құралдары өндірістік ортада, құрылыс-монтаждау жұмыстарында және шаруашылық жүргізу жұмыстарында қолданылады, яғни жұмысшыларды өндірістік қауіпті және зиянды факторлардан қорғау үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет