Дәріс№4.Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылығы бар заттарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерінен қорғауға қажетті шаралар жиынтығы болып табылады.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, заттардың бақылаусыз жану процессі.
Ал, жану дегеніміз заттардың күрделі физико-химиялық айналу процесстерінің нәтижесінде, қарқынды түрде жылу бөліп сәуле шығаруымен жүретін химиялық реакцияны айтамыз. Көптеген жағдайларда жанудың пайда болып өрістеуі үшін, үш фактордың өзара әрекеттесуі қажет: жанатын зат, тотықтырғыш және оталдыру көзі. Ең көп тараған тотықтырғыш ауадағы оттегі болып табылады. Кейбір жағдайларда жану басқа тотықтырғыштармен (азоттың, озонның, кейбір галоидтардың қышқылдары), немесе жану өнімдеріндегі оттегімен (жарылғыш заттар, оқ-дәрі) қосылғанда да туындайды.
Ауада жану кезінде оттегінің концентрациясы белгілі бір мөлшерден (көлемнің 14-18) аз болмауы керек, тек кейбір заттар (ацетилен, этилен, сутегі, күкірт көміртегі ж.б.) оттегінің одан аз мөлшерінде (10 дейін) жана алады.
Жанудың гомогенді және гетерогенді түрлері болады. Гомогенді жануда бастапқы заттардың құрамы біркелкі агрегаттық жағдайда (газдар), ал гетерогенді жануда әртүрлі болады
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Өрттің адам ағзасына тигізетін қауіпті және зиянды факторлары:
Термиялық жарақаттар (жоғары температураның әсерінен күйік шалу);
Жанатын затқа байланысты жану процессі кезінде бөлінетін химялық заттардың (СО2, СО, азот тотығы және т.б.) әсерінен улану;
Ауаның температурасының жоғарылауы, түтін және ауадаға оттегінің концентрациясының азаюы, нәтижесінде дезориентацияға әкеліп өз бетінше эвакуациялануға кедергі келтіруі, есінен айрылып талу.
Қазіргі уақытта өндірістік, әкімшілік және қосымша объектілерде өртті сөндіру кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану маңызды роль атқаруда. Барлық өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды “Өрт қауіпсіздік” нормалары мен ережелеріне сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Олар қол жетімді және қолайлы жерде орналасуы керек, және адамдарды эвакуациялау кезінде бөгет болмайтындай болуы керек.
Өрт сөндіру құралдары:
Жылжымалы және тасымалданбалы өрт сөндіргіштер (огнетушитель) – ұнтақты, көбікті, көмір қышқыл газды.
Өрт сөндіру крандары.
Өрт сөндіру мүлігі (пожарный инвентарь)
Арнайы автоматты өрт сөндіру құралдары (спринкерлі, дренчерлі).
Егер, потенциалды жанатын зат немесе оталу көзін күнделікті технологиялық процесстен алып тастау мүмкін емес болса (мәселен күнделікті электр тоғына қосулы тұратын холодильник, қысқаша тұйықталу әсерінен коммуникацияларында өрт пайда болу мүмкін), онда берілген қондырғы немесе қондырғы орналасқан бөлме сенімді конструктивті және техникалық құрылғыларымен жабдықталуы керек. Яғни, өрт хабарлағыш (өрт дабыл) және өрт сөндіргіш құрылғыларымен жабдықталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |