Білім беру бағдарламасы: 6B07312 Жер кадастры және жерге орналастыру, 6B08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы


Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет2/9
Дата09.10.2023
өлшемі33.74 Kb.
#480197
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Силлабус МАТЕМАТИКА (1)

1.2 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:


Пәнді оқытудың мақсаты математикалық модельдерді пайдаланатын пәндерді игеру үшін негізгі база болып табылатын негізгі ұғымдар мен әдістерді меңгеру, студенттерде қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде математикалық әдістерді қолданудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеттері:


- студент пәннің негізгі ұғымдарын білу, теорияны түсіну және дәлелдей білу, Осы курстың математикалық аппаратын қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын меңгеру керек

1.3 Оқыту қортындысы

Оқыту нәтижелері Дублиндік дескрипторлар негізінде білім берудің тиісті деңгейіндегі құзыреттер арқылы көрсетіледі.

Қалыптасатын негізгі құзыреттер
Оқыту нәтижелері (түйінді құзыреттілік бірліктері)

білім бағдарламасы


пәндер
KK6 - Кәсіби қызметте және жер ресурстарын зерттеу, игеру және қорғау кезінде қажетті ғылыми зерттеулер мен инженерлік іздестірулерді жүзеге асыру қабілеті (6B07312)
РО10 - Жер ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша жобалау, жобалау алдындағы және болжамды материалдарды әзірлеу кезінде, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау кезінде әртүрлі әдістемелерді қолдану мақсатында жердің геологиялық құрылысы, топырақ түзудің негізгі процестері, топырақ типтері мен типше, метеорология, климатология, гидрология, геоботаника, жер кадастрының негіздері, жерге орналастыру және егіншілік бойынша білімге ие болу (6B07312)
- «Математика » пәні бойынша формулаларды және қасиеттерді, символикаларды, шексіз аз шамаларды салыстыру теориясын, сонымен қатар, сызықты алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін, координаталық әдістерді, бір және көп айнымалыларға байланысты функцияларды дифференциалдық және интегралдық есептеулері есептерін шешудің негізгі әдістерін біледі.
- «Математика І» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендерді салыстырмалы талдауында, сонымен қатар комплексті инженерлі салаларда қолданады.
- Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, физикалық, адамгершілік, мәдени, интеллектуалдық келешегін түсіну қабылеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті.
- Орындаушылардың жеке топ мүшесі ретінде немесе жеке дара мүшесі қызмет көрсетіп, соның ішінде пәнаралық жобаларды орындау және басқару қасиетін көрсете отырып, , кәсіби қызмет жүргізу нормаларына және кәсіби этиканы ұстанушылықты, жеке тұлғалық жауапкершілікті көрсете алу қабілеті.
- Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізіп, сонымен қатар, бар мағлұматтарды талдап және өз бетімен жаңадан техникалық құжаттандыру жасап; автоматтандыру және басқару саласында комплексті және инженерлі қызмет нәтижесін накты түрде баяндайды және қорғайды. Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет