Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет12/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 
№7-8 дәрістің тақырыбыҚазақ тілі пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі 
2016 жылдан бастап еліміздің барлық жалпы білім беретін орта мектептеріне 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәжірибеден ӛткен жаңартылған білім беру 
бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру 
ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе 
жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта 
жұмыс жасай білу, шығармашылықты қолдана білуге, функционалдық сауаттылықты 
дамытуға және оны тиімді жүзеге асыру үшін белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануға 
бағытталады. Оқу бағдарламасында білім мазмұнының жаңаруы критериалды бағалау 
жүйесін енгізу мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, құралдарын тиімді қолданумен 
ерекшеленеді. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық 
ерекшеліктері: 
- пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді 
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ, кӛлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді 
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 


- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері 
бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы 
бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы; 
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ, пәнаралық байланыстарды жүзеге 
асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы; 
- бӛлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, 
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; 
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде беруі. 
Жаңа оқулықтардағы білім мазмұнын құрайтын лексикалық тақырыптар барлық 
пәндерге бірдей ортақ болып келеді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтаса 
беріледі. Мәселен, «Менің отбасым және достарым» бӛлімінде «Ӛз отбасымның шежіре 
ағашын жасаймын», «Ӛмірбаян жаза аламын», «Сұхбат аламын» тақырыптарында 
берілген кӛркем және ғылыми-танымдық шығармалар оқушылардың отбасы 
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтеді. Оқу материалдары «Әдебиеттік оқу», 
«Дүниетану», «Кӛркем еңбек» пәндерімен сабақтастық байланыста берілген.
Бастауыш сыныптың оқу пәндерінде берілген лексикалық тақырыптар мазмұны. 
1-сынып 
2-сынып 
3-сынып 
4-сынып 
Ӛзім туралы 
Ӛзім туралы 
Жанды табиғат 
Менің Отаным – 
Қазақстан 
Менің мектебім 
Менің 
отбасым 
және достарым 
Жақсыдан 
үйрен, 
жаманнан жирен 
Адами құндылықтар 
Менің 
отбасым 
және достарым 
Менің мектебім 
Уақыт 
Мәдени мұра 
Қоршаған әлем 
Менің туған елім 
Сәулет ӛнері 
Мамандықтар әлемі 
Саяхат 
Тәні саудың – 
жаны сау! 
Ӛнер 
Табиғат 
құбылыстары 
Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Атақты тұлғалар 
Қоршаған 
ортаны 
қорғау 
Тағаммен сусын 
Қоршаған орта 
Су – тіршілік кӛзі 
Ғарышқа саяхат 
Тәні саудың – 
жаны сау! 
Саяхат 
Демалыс 
мәдениеті. 
Мерекелер 
Болашаққа саяхат 
Қазақ тілі оқулығында бастауыш сынып оқушыларының бойына рухани 
құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған ортақ тақырыптар 
мазмұнында ұлттық ерекшеліктер мен салт-дәстүрлерге баса назар аударылған. 
«Қазақ тілі» оқулығы (авторлары Ә.Е. Жұмабаева, М.Н. Оспанбекова) мен оқу-
әдістемелік кешен мазмұны және құрылымы жағынан жаңартылып, оқулықтағы 
материалдар халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана, дәстүрлерімізбен, елін, 
жерін қорғауда ӛмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен таныстыру арқылы 
оқушылардың ӛз атамекенін сүйіп, қадір тұтуын, аталар дәстүрін кӛздің қарашығындай 
сақтап жалғастыруын, туған жерін қорғау, табиғатты аялау сияқты қасиеттерді дамытуды 
кӛздейді. Жаңа бағдарлама пәндік білім, білікпен қатар, оқытудың тәрбиелік әлеуетін 
арттыруды кӛздейтін рухани құндылықтар мен дағдылардың қалыптасуына бағытталады: 
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», 
«еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «ӛмір бойы білім алу» сияқты жеке 
қасиеттердің дамуы білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың 
негізі болып табылады. Рухани құндылықтар мен дағдылар 
Рухани құндылықтар 
Дағдылар 
шығармашылық және сын тұрғысынан 
ойлау 
сын тұрғысынан ойлау 


қарым-қатынас жасау қабілеті 
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу 
қабілеті 
ӛзгелердің 
мәдениетіне 
және 
кӛзқарастарына құрметпен қарау 
проблемаларды шешу қабілеті 
жауапкершілік 
ғылыми-зерттеу дағдылары 
денсаулық, 
достық 
және 
айналадағыларға қамқорлық кӛрсету 
қарым-қатынас 
дағдылары 
(тілдік 
дағдыларды қоса алғанда) 
ӛмір бойы оқуға дайын болу 
жеке және топпен жұмыс істеу 
АКТ саласындағы дағдылар 
Оқу мақсаттарының таксономиясында оқу мақсаттары білім алушылардың 
ілгерілеуін кӛрсету үшін тиімді пайдаланылуы мүмкін. Критериалды бағалау жүйесінде 
оқу мақсаттары ерекше маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада 
құрастыруға мүмкіндік береді. Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары білім 
алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. 
ҚР МЖМББС күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін 
оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б. Блумның (1956) таксономиясы 
қолданылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау 
дағдыларының алты деңгейін болжайды: 
1. Білу – ӛтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды 
кӛрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу. 
2. Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды 
интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау. 
3. Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану. 
4. Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бӛліктерге ажырату, оның мәнін түсіну 
және меңгеру үдерісі. 
5. Жинақтау – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. Ақпаратты жаңа 
үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну 
арқылы жүйелеу. 
6. Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің 
жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын 
анықтайтын үдеріс. 
1. Тыңдалым және айтылым
Дағдылар 
Оқу мақсаттары 
1.1 Тыңдалған материалдың
мазмұнын түсіну 
 
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сӛйлеу, 
сӛз, сӛйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің 
мазмұнын түсіну 
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен 
негізгі ойын анықтау 
1.1.2.1 мұғалімнің кӛмегімен мәтінде кім (не) туралы 
айтылғанын анықтау 
1.3 
Тыңдалған 
материалды 
мазмұндау
1.1.3.1 мұғалімнің кӛмегімен оқиғаның ретін сақтай 
отырып баяндау 
1.4 Оқиғаны болжау 
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның 
иллюстрациясы бойынша болжау 
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік 
нормаларды дұрыс қолдану  
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сӛздерін қолдану
1.6 Тыңдаушының назарын 
аудару 
1.1.6.1 
сӛйлеу 
барысында 
сипаттау/салыстыру 
сӛздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын 
(ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, 
қарқынын, сӛз арасындағы кідірісті қолдану) 


1.7 
Тыңдалған 
материал 
бойынша ӛз пікірін айту  
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге ӛз кӛзқарасын жай 
сӛйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме 
құрап айту 
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме 
құрап айту
1.9 
Сӛздерді, 
дыбыстарды 
орфоэпиялық 
нормаларға 
сәйкес дұрыс айту 
 
1.1.9.1 сӛздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, 
жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс 
дыбыстау
1.1.9.2 
дыбыстардың 
мағына 
ажыратушылық 
қызметін түсіну
1.1.9.3 сӛздің буыннан тұратынын түсіну және сӛздегі 
буын санын анықтау 
2. Оқылым
Дағдылар 
Оқу мақсаттары 
2.1 Оқу түрлерін қолдану
1.2.1.1 сӛз/сӛйлем сызбасын оқу 
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін 
сӛздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын 
түсіну  
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы 
келгенін түсіну  
2.3 
Мәтіннің 
құрылымдық 
бӛліктерін ажырату  
1.2.3.1 мұғалімнің кӛмегімен оқыған мәтіннің 
тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау 
2.4 
Мәтіндегі 
сӛздердің 
мағынасын түсіну
1.2.4.1 мұғалімнің кӛмегімен қарама-қарсы мағыналы, 
мәндес, кӛп мағыналы сӛздердің мағыналарын 
ажырату
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя 
білу және жауап бере білу 
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя 
білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа 
жауап беру (мұғалім кӛмегімен) 
2.6 Мәтіннің түрлері мен 
жанрын, стилін анықтау  
1.2.6.1 мұғалімнің кӛмегімен әңгімелеу мәтінін/ 
ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (ӛлең, әңгіме, 
ертегі)/ стилін (кӛркем және бейкӛркем) ажырату
2.7 
Түрлі 
дереккӛздерден 
қажетті ақпаратты алу  
1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккӛздерден 
(сӛздіктер, 
анықтамалықтар, 
суретті 
кітаптар, 
энциклопедия) ақпараттарды табу 
2.8 Мәтіндерге салыстырмалы 
талдау жасау 
1.2.8.1 мұғалімнің кӛмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, 
әңгіме, ӛлең) және стильдегі (кӛркем және бейкӛркем) 
мәтіндерді салыстыру 
2.9 Дыбыс пен әріпті тану және 
ажырату 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет