Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет10/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 
№5 дәрістің тақырыбы: Бастауыш сынып балаларының жас ерекшелігіне қойылатын 
педагогикалық талаптар. 
Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-
әрекет формаларын жиі ӛзгерту балалар зейінін тәрбиелеуге кӛмектеседі. 
1. Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде 
адам олақ, басы артық кӛптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда 
кӛрсеткеніміздей, бала оку-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар 
жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жӛнінде айта келіп: "Білім –бүкіл оқығандарың 
ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны", - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол – әдет, 
сенім, бағыт, дағды және қабілет – міне, нағыз білім – осылар! "Дағды,- деп кӛрсетеді 
психолог С.Л.Рубинштейн, - саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде кӛрінеді, 
ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады". 
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-катынас жасау барысында 
үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін кӛріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны 
ӛзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі корсетеді, 
түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің 
адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы – интериоризация деп аталады, яғни 
сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға ӛтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-
ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері 


зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны 
дәлелденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің калыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де 
(беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін 
ұйымдастыруға байланысты екені кӛрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік 
мүғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар 
қойылады? Олардың негізгілерін атап ӛтелік: 
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны 
қалыптастырудың ӛзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен 
ӛздігінен орындауға кіріседі; 2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы 
кӛргенін орындайды, бірақ бұл ӛлі сырткы, материалдық формада (мысалы, оқушының 
таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына 
қисайтып, шынтағын кӛтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); 3) 
әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сӛйлеп отырады). Бұл 
кезенде күрделі әрекеттер бӛліп-бӛліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір 
әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бӛліп-бӛліп жазып жаттығады); 4) 
әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы үйренеді, 
әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық 
қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5) дағды мен біліктіліктің толық 
қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда ӛздіктерінен қолдана алуларынан кӛрінеді. 
Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы — бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас 
бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің ӛзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет