Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік
салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің
функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсілі – зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным
әдістерімен
танысуға
жәрдемдеседі,
оқушыларда
танымдық
қызығушылық
қалыптастырады.
Соңғы жылдары оқыту процесінде
интербелсенді әдістер кеңінен қолданылып жүр.
Интербелсенді әдіс – үйретуші мен үйренушілердің ӛзара
әрекеттесуін оқытудың
негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер (inter – аралық,
бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi). Ӛзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi
шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi. Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында
мұғалiм мен оқушы арасында ӛзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе,
«интерактивтi‖ деп атаймыз. Интерактивтi сӛзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы
әңгiмелесу, талқылау түрiнде ӛтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа
қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек
ақпаратты
беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды ӛз бетiнше табу дағдысын меңгерту
екендiгiмен байланысты. Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу болып
табылады:
ӛзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
шешендiк ӛнерiн жетiлдiредi;
танымның мәнiн түсiнуге кӛмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық
болмайтынын);
сыни ойлау дағдыларын дамытады;
ӛз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.
Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен
нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші
кезекте ӛзінің әрекеттері мен ӛз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде кӛне қытай
ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең –
ұмытып
қаламын, кӛрсетсең – есте сақтармын, ал ӛзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел
бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді
әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде танылады. Интербелсенді
әдісте оқушылар тӛмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
ӛз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
ақпаратты ӛздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
ӛздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
пікірталастарға қатысып, ӛз ойы
мен пікірін дәлелдеу;
шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын
болу керек:
бірлескен жұмыс;
танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
рӛлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
ақпараттың әртүрлі кӛздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.)
презентациялар,
тренингтер,
интервью,
сауалнама т.б.
Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда жалпы орта білім
беретін мектептерге қойылған талаптарға сүйенеміз. С.А. Кӛшімбетова ӛз зерттеуінде
оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану мына жағдайда:
– әрбір оқушының жеке даму ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, оқытудың саралап
оқыту әдісі мен жеке танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру үшін дамыта
оқытуды жүзеге асырса;
– әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығы мен білімге деген сенімін арттыру үшін
деңгейлеп оқыту жүзеге асырылса;
– әрбір оқушы білімінің берік, тиянақты, сапалы болуы үшін модульдік оқыту жүйесі
жүзеге асса ғана тиімді болатынын кӛрсетеді.
Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушының ӛзара
байланысты әрекеттерінің бірізділігі. Сол арқылы білім
мазмұны меңгертіледі және
меңгеріледі», – деп дұрыс кӛрсетіледі. Оқыту әдістерінің түрі мектептегі окыту жүйесіне
байланысты түрлі кезеңдерде ӛзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25
тамыздағы қаулыда оқыту әдістері 4-ке бӛліп кӛрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2)
оқулықты пайдалану; 3) ӛздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту
әдістері. Ал белгілі ғалым, дидактик Р.Лемберг "Дидактические очерки" кітабында
мектептегі оқьггу әдістерін 10 түрге бӛліп кӛрсетеді:
ауызша мазмұндау, байқау,
оқулықпен жұмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының
хабарлауы, практикалык жұмыс, кӛркем ӛнерді пайдалану. Ғалымдар Д.Әлімжанов пен
Ы.Мамановтың 1965 ж. "Қазак тілін оқыту методикасында" окыту әдістерінің 6 түрін
кӛрсетеді: Байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау.
БМҚТОӘ-де оқыту әдістерін негізінен 3-ке топтап кӛрсетеді. 1) балалардың оқу-таным
әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі
(мотивация) жасау,
әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру
әдістері. Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа сӛздік,
кӛрнекілік жӛне практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді);
индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), ӛздігінен орындау,
мүғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді). Ал II топқа
балалардың кызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік
туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық
тексеру және ӛзін-ӛзі тексеру әдістері енеді. Ана тілін оқыту- барысыида бүл әдістердің
қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің ӛзі айқындап алып, іріктеп қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: