түсініктілік, жеңілден
ауырға
қарай ұстанымы, оқушылардың психикалық дара
ерекшеліктерін ескеру ұстанымдарын қоса, тоғыз түрлі ұстанымын ұстанады. Ф.Ш.
Оразбаева «алдын-ала болжау ұстанымы сабақтастық ұстанымына алдыңғы сабақта
ӛтілген материалдың толықтырылатынымен ұқсас болғанымен, оның айырмашылығы
алдыңғы сабақта оқытылатын материалды меңгертудің
тиімділігін алдын-ала болжап,
бастауыш сыныптарда ӛтілген тақырыптар жоғары сыныптарда толықтырылып
ӛтілетініне сүйеніледі. Сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бӛлім бір-
бірімен сатылап байланысады», – деп ерекшелігін кӛрсетеді.
С. Қазыбаев дидактикалық ұстанымның тоғыз түрін беріп, оларда белгіленген
талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынатынын айтады да, кейбір
пәндегі оқу материалының түріне, олардың ӛтілу кезеңдеріне
қарай ерекшеліктер
болатынын, соның ішінде, кӛрнекілік ұстанымының (грамматиканы оқытуда таблица,
схеме, карточка, техникалық құралдар) ана тілін оқытуда ӛзгеше қолданылатынын
кӛрсетеді [ 8 б.].
Әдіскер Ә. Исабаев ұстанымдарының басқа әдіскерлердің ұсынған ұстанымдарынан
ерекшелігі – оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымын
басшылыққа алуы
.
Ал
Ш. Әуелбаев, Ә.
Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова бірлесе жазған «Ана
тілін оқыту әдістемесінде» (1-сынып) бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне қарай: оқытудың түсініктілік, есте берік сақтау, оқушының ӛзіндік
ерекшеліктерін есепке алу, тәрбиелік ұстанымдарын белгілейді [7-10 бб.].
Сонымен, ғалымдардың ұстаным туралы пікірлерін жинақтай келе, дидактикалық
ұстанымдар жүйесінің құрылымы ӛмір
талабына сәйкес сараланып, толықтырылып,
ӛзгеріп отыратыны байқалады. Аталған ұстанымдардың барлығы да білімнің жан-жақты
тиянақты, жүйелі, саналы, бірізді, терең, сапалы т.б. берілуін мақсат етіп, қазақ тілін
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: