Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


зембілдер бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар нені?



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

зембілдер бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар нені? деген бір ғана сұраққа 
жауап береді, бәрі де ала барды деген баяндауышқа қатысты болып тұр және бұлардың 
барлығы - еңбек құралдарының аттары. 
Келесі сӛйлемдер осы үлгімен талданып, пайымдау мәтіні құрастырылады. Мысалы, 
Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады деген сөйлемдегі қаз, үйрек бірыңғай мүше 
болып табылады. Өйткені бұлар ненің? деген бір сұраққа ғана жауап береді, бәрі де 
балапаны деген бастауышқа қатысты болып тұр және бұлардың барлығы – құс 
атаулары. 
Жай сӛйлемді оқыту барысында мұғалім ең алдымен сӛйлемнің басты қасиеттеріне 
ерекше тоқталған жӛн. Хабарлы, сұраулы, лепті сӛйлемдерді оқытқанда, оқушыларға бұл 
сӛйлемдердің әрқайсының қандай жағдайда, қандай мақсатпен қолданылатынын және 
олар ауызекі сӛйлеу тілінде немесе жазбаша текстілерде қандай мән беретінін
мағынасының жеткізе түсіндіру керек. Осыған орай, сол сӛйлемдердің айтылуындағы 
тиісті дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп, нақысына келтіріп, ашық, айқын, дұрыс оқуға 
оларды оқытудың интонациясы сӛйлемнің бүкіл мазмұны мен мағынасына сай келуі 
жағына айрықша кӛңіл бӛлінуге тиіс. . Сӛйлем мүшелері - сӛйлемнің ішкі бӛліктері. 
Сӛздер сӛйлемнің ішкі бӛліктері делінгенмен, олар сол сӛйлемді құрауда басты тұлға. Сол 
сӛздің қатысуы арқылы ғана сӛйлем құрала алады. Сӛйлем сӛзсіз құрала алуы мүмкін де 
емес. Міне, сол сӛйлемді құрайтын әрбір сӛздің ӛз орны, ӛз қызметі, ӛз мағынасы, ӛз 
қасиеті болады. 
Қазақ тіл білімінде сӛйлем құрайтын сӛздер сӛйлем мүшесі делінеді. 
(Т.Сайрамбаев). Грамматикалық мағынаға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып 
тұратын сӛздерді сӛйлем мүшесі дейміз. (М. Балақаев). Міне, осының ӛзі сӛйлем мүшесі 
туралы пікірдің әр түрлі екенін байқатады.... 
2. Сӛйлем мүшелері ӛзінің қызметіне қарай тұрлаулы, тұрлаусыз деп, құрамына 
қарай дара, күрделі, үйірлі деп, тұлғасына қарай бірыңғай деп бӛлінеді. 
Сӛйлемнің бірыңғай мүшелері туралы ұғым мектеп грамматикасынан белгілі.
Бірыңғай мүше болу үшін бір сӛйлемде бір мүшенің екеу не бірнешеу болуы шарт емес. 
Олар: 1-ден, ыңғайлас бір сұраққа жауап беруі шарт. 2-ден, сол сӛйлемдегі бір мүшемен 
ғана байланысты болуы шарт. 


Ғалым Р. Әміров: - Бірыңғай мүшелі сӛйлемдер- күрделі ойды, бірнеше сӛйлемді 
сыйыстырып берудің амалы. Оларды құрмалас сӛйлемнің функциялас сыңары деп те 
атауға болады. Кӛп жағдайда сӛйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау немесе құрмалас етіп 
тарату сӛйлеушінің сӛйлеу мақсатына бағынышты болады. Сӛйлемде кәдімгі 
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштан басқа да белгілі бір сӛздің мағынасын дәлдеп 
түсіндіріп тұратын ӛз алды ерекшелігі бар сӛздер кездеседі. Бұл сӛздер ӛзінен бұрын 
айтылған сӛзді айқындап, басқа сӛзбен түсіндіреді. Олар тілімізге айқындауыш сӛздер 
деген атпен енді. Құрмалас сӛйлемдер жай сӛйлемдегі сияқты, қандай да бір ойды білдіріп 
қоймайды, олар кем дегенде екі не одан да кӛп жай сӛйлемдерден құралып, бір күрделі 
ойдың желісін құрайды. Міне, осындай сӛйлемдердің құрамындағы әрбір жеке жай 
сӛйлемдер мағыналық, тұлғалық, структуралық ерекшеліктері болады. Құрмалас 
сӛйлемдер құрамына енген мағыналық, белгілі бір тиянақтылығы бар, сол тиянақтылықты 
тұлғалық жағынан кӛрсететін, сӛйтіп, бір құрылым түзетін синтаксистік қасиет қазіргі 
қазақ тілінде әбден орныққан. Ол осынысымен тіліміздің заңдылығында сипатталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет