Жұмыстың мақсаты: Сүттің қышқылдылығын анықтауды үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: колба, пипетка, груша, NaOH, дистилденген су, фенолфталеин ерітіндісі, индикаторлық қағаз, стакан, рН-метр.
Жұмыстың теориялық негізі:
Мемлекеттік стандарт бойынша (МЕМСТ 13264-677) шаруашылықтардың мемлекетке өткізетін сүтінің қышқылдығы 20°-тан аспауы керек. Бірінші сортты сүттің қышқылдығы 16-180, екінші сортынікі— 19-200, ал сортқа жатпайтын сүттің қышқылдығы 21° болуы шарт, қышқылдығы 21°-тан асқан сүттi мемлекет қабылдамайды. Базарда немесе басқа жерлерде сүттің қышқылдығы жаз уақытында 20°-тан, қыс уақытында 22°-тан артпауы керек.
Титрометрлік әдіс. Қышқылдықты Тернер градусы бойынша белгілейді. Тернер градусы 100 мл сүттi бейтараптауға қанша мл децинормалды күйдіргіш натрий кететіндігін көрсетеді. Сыйымдылығы 150-200 мл колбаға 10 мл сүт құйып, оған 20 мл тазартылған су қосып, үстінe фенолфталеиннің спирт ерітіндісінің 3 тамшысын тамызады да, жақсылап араластырады. Сонан соң қоспаның үстіне сал қызғылт түсi бір минут бойы сақталғанша бюреткадан сілтіні тамыза береді. 10 мл сүттi бейтараптауға кеткен сілтінің мөлшерін 10-ға көбейтіп, Тернер градусымен анықталатын сүттің титрлік қышқылдығын табады.
Индикаторлық әдіс. Қағазға көлденеңінен жол-жол етіп жағылған бромкрезолпурпурдың 1 %-дық спирт ерітіндісі индикатор болады. Мұндай индикатор қағазын зауытта дайындап шығарады. Оны малдәрігерлік дәріханадан алуға болады.
Cүттi жақсылап араластырып болған соң, индикатор кағаздың бір шетін оның ішіне салады. Шамамен жарты минут өткеннен кейін қағазды суырып алып, үстіндегі артық сүттi сілкіп тастайды да, көлденең жолақтардың түсін (индикатор) сүттің қышқылдығының градусын анықтайтын эталонмен салыстырады. Сөйтіп, сүттің қышқылдығын индикаторлық қағаз бен межелік эталонының бірдей болуы арқылы анықтайды.
Индикаторлық кағазбен желінсау аурумен ауырған сиырды анықтауға, сүтке сода араласқандығын анықтауға болады, ол уақытта кағаз үстіндегі жолдар қара көк түске боялады. Сауылу қарсаңындағы сиырдың сүтi де индикатор қағазына осындай түс береді. Бұл қағазды күндіз пайдаланса, оның түсінің өзгеруін анық көруге болады. Қағазды сақтағанда немесе пайдаланғанда оның мал қорасы мен зертханада болатын аммиак иісіне сезімталдығын естен шығармау керек. Ондай қағазды аузы жақсы жабылған банканың ішіне салып қояды, пайдаланғанда қолмен немесе кішкентай қысқашпен (пинцет) алады.
Достарыңызбен бөлісу: |