Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»



бет9/12
Дата09.09.2022
өлшемі60.04 Kb.
#460459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Практика

1. Ылғалдылығын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: кептірілген таза шыны бюкс,құм, шыны таяқша, кептіргіш шкаф, эксикатор, аналитикалық таразы.
Жұмыстың орындалу тәртібі. 20-25 г құм салынған бюкс массасын 0,001 дәлдікпен өлшейді. Құм үстіне 5 г ұсатылған ет салып, тағы да бюкс массасын өлшейді(m), осы өлшенген массалардың айырмасы ет сынамасының дәл массасын көрсетеді. Бюксті кептіру шкафында 102-105 ° С темп-да 2 сағ. кептіреді. Бюксті кептіру шкафынан шығарып, 20-30 мин эксикаторда суытып, массасын өлшейді.
Кептіру шкафында 1 сағ тағы кептіріп, эксикаторда суытып, массасын өлшейді. Кептіру процесін қатар орындалған өлшеулердің айырмашылығы ± 0,001 гр төмен болғанға дейін жүргізіледі. Бюкстің соңғы массасы - m2. Ет ылғалдылығын келесі формуламен есептейді:
х1=(𝑚1−𝑚2)/(𝑚1−𝑚)×100%
Мұнда : х1-ылғалдың мөлшері, %;
m1- кептіргенге дейін өлшенген бюкс массасы, г;
m2- кептіргеннен кейінгі бюкс массасы, г;
m- шыны таяқшасы бар бюкс массасы, г;


2. Еттің майлылығын анықтау. МЕМСТ 23042-93 талаптарына сай ет майлылығын нәтижесінің дәлдігі жоғары арбитраж әдіспен, яғни Сокслет әдісімен анықтайды. Бұл әдіс ет майын арнайы еріткіш көмегімен экстракттап, еріткішті жойын, майды тұрақты массаға дейін кептіруге негізделген.
Қажетті құрал-жабдықтар: сокслет аппараты, су шашқыш сорғы, шыны бюкс, кептіру шкафы, фильтрлеуші қағаз, эксикатор, күкіртті эфир н/е дихлорэтан, су моншасы, аналитикалық таразы.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Ылғалдылығын анықтағаннан қалған, яғни кептірілген ет сынамасын бюкске салып, кептіргішшкафта 105°С темп-да 1 сағ кептіреді. Ет сынамасын фильтрлі қағаздан цилиндрлі (гильза) салып, екі шетін қайырып жабады. Гильзаның массасын ±0,001 г дәлдікпен өлшеп, Сокслет аппаратының эксикаторына жайғастырады. Сокслет аппаратының қабылдау колбасының 2/3 көлемін еріткішпен толтырады. Қабылдау колбасын эксикатормен жалғастырады да, су моншасына орналастырады. Экстракттау процесін 6 сағаттай уақыт, яғни еріткіш тамшысы фильтрлі қағаз бетінде майлы дақ қалдырмағанша жүргізеді. Гильзаны кептіру шкафында 50-80°С темп-да 30 минуттай ұстап, массасын өлшейді.
М=(а-б)/с*100%,
мұндағы, а- гильзаның экстракттау алдындағы массасы, г;
б- гильзаның экстракттау процесінен кейінгі массасы, г;
с- ет сынамасының массасы, г.
Сокслет аспабының эксикаторына 5 гильза жайғастырып, ет майлылығы ретінде осы 5 анықтаудың арифметикалық ортасын қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет