Цифрландыруға әсер ететін технологиялар
Мобильді құрылғылар
Желіде жұмыс істеуге арналған смартфон, планшет пен ноутбуктердің дамуына байланысты web-беттерді көру, IP-телефония, бейнеконференциялар және мультимедиалық ағындарды тасымалдау сияқты әрекеттерді мобильді құрылғыларда орындауға болады.
Бұлттық есептеулер
Қазіргі таңда IТ-инфрақұрылымының едәуір бөлігін бұлтты ортаға көшіруге немесе ішкі бұлтты инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін озық әдістер бар.
≪Smart≫ city (≪Ақылды≫ қала)– қалалық мүлікті және қала көрсететін қызметтерді басқару тұжырымдамасы. Ол білім, көлік, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды басқару және тағы басқаларды қамтиды.
Тұжырымдаманың мақсаты– қала тұрғындарына қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, сондай- ақ адам капиталының сапасын арттыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.
Үлкен деректерді талдау платформасы. Цифрлық ұйымдар бизнеске маңызды аналитикалық ақпарат алу үшін жинауға, өңдеуге және талдауға болатын деректер терабайттарын тудырады.
Bigdata (Үлкен деректер) – деректер қорымен жұмыс істеу үшін дәстүрлі тәсілде жиі пайдаланылмайтын үлкен көлемді ақпаратты сақтау, ұйымдастыру және зерттеу әдістері. Көбінесе құжаттар мен бейнетаспалардың ретсіз жиынтықта орналасқанынан туындайтын қиыншылықты өңдеу арқылы толықтай жүзеге асырады және бәсекелестердің қызметін талдауға, өз клиенттері
туралы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл қызмет көрсету деңгейін
жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға, қызметтер немесе өнім сапасын арттыруға,
сатуды ұлғайтуға әкеледі.
Заттар интернеті. Процесті автоматтандыру арқылы нарыққа шығудың жаңа жолдарын ашуға әрі шығындарды айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
Ақпаратты құқықтық қорғау
Мақсаты:
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Ақпаратты құқықтық қорғау.
Blockchain технологиясы
Қоғамды жаппай цифрландыруға көшірудің артықшылықтары бар, алайда оның қиыншылықтары да қатар жүреді. Осы орайда ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы ерекше назарда. Ақпараттық қауіпсіздік ақпараттың және барлық ұйымның оның иелеріне немесе қолданушыларына бағытталған әдейі немесе кездейсоқ зиянды әрекеттерден қорғалғандығын білдіреді. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең алдымен олардың салдарын жоюға емес, қауіп-қатердің алдын алуға бағытталуы тиіс. Мемлекет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттемелерін өз мойнына алады. Жеке ақпараттық кеңістікті қорғау дамыған ақпараттық технологиялар заманында маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы негізгі міндеттеріне ықтимал қатерлерді зерттеу, бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу жатады. Қоғамдық қатынастарға, елдегі саяси-әлеуметтік ахуалға ақпарат қатты әсер етеді, ақпарат азаматтардың санасына еніп, оның ой-өрісі мен іс-әрекетіне өз ықпалын тигізеді.
Бүгінде ақпараттық қауіпсіздік «халықаралық қауіпсіздік» пен «ұлттық қауіпсіздік» сияқты кешенді ұғымдардан тұратын стратегиялық санатқа айналды. Ол – техникалық пен тілдік ақпаратты сақтау және қорғау, бұқаралық және жеке санаға ақпараттардың әсері, компьютерлік пен желілік қауіп-қатерлердің мониторингі мен жіктелуі және ақпараттық соғыстардың алдын алу мақсатында жүргізілетін саясат.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша заңнамалық шаралар елде осы саладағы тәртіпті реттейтін, регламенттейтін, сондай-ақ белгіленген нормаларды бұзғаны үшін, жауапкершілікті айқындайтын заңнамалық база құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық әрі нормативтік-құқықтық база төмендегідей:
ҚР заңдары: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы»,
«Ақпараттандыру туралы»,
«Мемлекеттік құпиялар туралы»,
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы»,
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»,
«Байланыс туралы»,
ҚР Қылмыстық Кодексі,
ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі,
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
20.12.2016 ж. №832 қаулысы),
Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы.
Бұдан басқа интеллектуалдық меншікті де қорғау қажет. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заң – «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»Қазақстан Республикасының Заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |