Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет47/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Криптография – ақпаратты құпияда ұстауға әрі жеке тұлғаны растауға мүмкіндік беретін математикалық әдістер. Блокчейн онлайн-дүкен сайтында банктік картаның нөмірін енгізген кезде ұрлаудан қорғайтын криптографиялық кілттердің технологиясын қолданады. Бір цифрлық кілт блокчейнге тек сенің активтерің бойынша транзакция туралы деректерді енгізе алатыныңды растайды. Басқа цифрлық кілт (жария, барлығына қолжетімді) басқаларға бұл транзакция деректерін енгізгенін растауға мүмкіндік береді.
Хэш-функция – ерекше математикалық функция. Ол кез келген ұзындықтағы еркін деректерді кіруге қабылдайды, қатаң түрде белгілі бір ұзындықтағы әріптер мен цифрлар тұрған жолды қайтарады. Кез келген кіру жолының бір ғана шығатын жолы болады.
Бұл түрлену процесін хэштеу деп атайды.
Хэш-функцияның қасиеттері:
бекітілген хэш көлемі – кіру деректері қандай болатындығы маңызды емес, кез келген деректер үшін хэш ұзындығы әрқашанда бірдей болады;
болжауға болмайды – хэш бойынша ақпарат алуға болатын ешқандай алгоритм жоқ, тек хэш-функцияны қолданып, хэшті санау мүмкіндігі ғана бар;
қайталамайтын – егер хабарлама болса, кез келген хэш біржақты болады. Хэш-функция бойынша хэшті табуға болады, бірақ хэш бар болса да бастапқы хабарламаны анықтауға болмайды;
коллизияның жоқтығы – екі әртүрлі хабарламаға бірдей хэш берілгенде, нәтиже болмайды. Бұл хэш көлемі нақты бекітілгендіктен әрі барлық хэш-функцияларға сәйкес пайда болады;
көшкінді нәтиже – кірген ақпараттағы кез келген өзгерістен (әріп регистрін өзгерту, тіпті бір символды қосу, алу не өзгерту) мүлдем жаңа хэш пайда болады.
Сонымен қатар программалық қамтамасыз етілім барлық бөлінген деректер қорының көшірмелерін синхрондауды қадағалайды. Транзакция оны блокқа қосып, тізбекке блок қосқаннан кейін ғана жүргізіледі. Демек, блок тізбекке қосылған кезде, блокчейннің
күйі жаңартылады. Біреу сенің адресіңе транзакция жасаған немесе жасамағанын тексергің келгенде, блокчейннің күйін тексеруің керек. Мұны істеу үшін кітап жалпыға қолжетімді болуы керек. Мұнда бірдеңгейлі желілер көмекке келеді.
Егер блокчейн тек бір компьютерде сақталса әрі кенеттен ол ажыратылған болса, онда тізбек үзілуі мүмкін. Шын мәнінде, блокчейннің ағымдағы күйі бүкіл әлемдегі көптеген компьютердің көмегімен жүктеледі, синхрондалып ұсынылады.
Бұл компьютерлер «тораптар» немесе «нодтар» (nodes) деп аталады. Олар блокчейннің қауіпсіз әрі маңызды екеніне кепілдік беру үшін, бір деңгейлі желіде (peer-to-peer) бірлесіп жұмыс істейді. Осы тораптардың әрқайсысы блокчейннің толық, жаңартылған (өзекті) нұсқасын сақтайды. Жаңа блок қосылған сайын барлық торап өз блокчейндерін жаңартады. Бір деңгейлі желіні қолданудың белгілі бір артықшылықтары бар.

Мысалы, блокчейндегі барлық транзакциялардың дұрыс екенін қалай білуге болады? Блоктарда жарамсыз транзакциялардың жоқ екенін қалай білуге болады? Егер блокчейннің түрлі нұсқалары бар болса, олардың шынайы екенін қайдан білеміз?
Бұл қауіптердің барлығы консенсустық тетікпен шешіледі.
Оны қолдану бірінші кезекте, бір деңгейлі желінің арқасында мүмкін болды.
Бір деңгейлі желі тетігін 1999 жылы Napster (файлалмасу пирингтік желісі) қолданды.
Биткоиннің негізін қалаған Сатоши Накамото криптографияға негізделген консенсустық тетігі бар блокчейнді біріктірді. Консенсустық механизм тетіктердің бір-біріне сенбей және білмей, бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет