Ақпараттық қауіпсіздікті іске асыру үшін, ақпараттық саладағы нысандарды құқықтық тұрғыдан қорғаудың үш негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады:
1. Бірінші бағыт
• азаматтар мен ұйымдардың ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін;
• жеке адамның рухани және интеллектуалдық даму деңгейін;
• адамгершілік пен эстетикалық идеалдарды;
• қоғам дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын;
• мемлекеттің ақпараттық егемендігі мен тұтастығын зиянды, қауіпті әрі сапасыз ақпараттың әсер етуінен, тексерілмеген, жалған ақпаратты, қате ақпаратты, жеке адамның өміріне, қоғам мен мемлекеттің дамуына қауіп төнгені туралы ақпаратты жасырудан, ақпаратты тарату тәртібін бұзудан қорғау.
2. Екінші бағыт. Құпия деп бекітілген мәліметтер мен жеке басқа қатысты мәліметтерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, байланыс және телекоммуникация құралдарын бөгде адамдардың заңсыз әрекетінен қорғау.
3. Үшінші бағыт. Ақпараттық салада ақпаратты тарату, іздеу, алу, беру мен қолдану құқығы; интеллектуалды меншік құқығы; ақпараттық ресурстарға және құжатталған ақпаратқа, ақпараттық жүйелер мен технологияларға меншік құқығы.
Blockchain технологиясы
Блокчейн биткоин сияқты цифрлық монета негізіндегі технология ретінде белгілі. IBM, Microsoft және Intel сияқты ірі компаниялар бизнеске арналған бір құрал ретінде блокчейн негізіндегі шешімдерді ұсынады. Технологиямен жұмыс істеуге тартылған басқа корпорациялардың арасында американың Goldman Sachs банкі, Nasdaq қор биржасы, әлемдегі ең ірі офлайн-ритейлер Walmart пен Visa төлем жүйесі бар.
Блокчейн – бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты сақтау технологиясы.
Blockсhain қазақ тіліне аударғанда блоктардың тізбегін білдіреді.
Бұл технологияға арналған негізгі компоненттерді қарастырайық.
Олар: жеке блокчейн, бір деңгейлі (пиринг) желілер және консенсус тетігі.
Блокчейн – деректерді құрылымдау тәсілі.
Блокчейн – бөлінген деректер қоры1, яғни бөлінген жүйе. Басқаша айтқанда, деректер қоймасы ортақ процессормен байланысты емес. Блокчейн – блоктар деп аталатын реттелген жазбалардың тізімі.
Цифрлық медициналық картотеканы көз алдыңа елестет. Мұнда әрбір жазба бірегей құру уақыты бар блокқа ұқсас. Жүйе дата ауыстырылмайтындай етіп, бұл күнді өткен датамен ауыстыру мүмкін емес етіп әзірленген; яғни диагностика мен емге қатысты барлық жазба хронологиялық тәртіппен жүргізілуі қажет. Ақпаратты тек дәрігер мен емделуші ғана көре алады, әрқайсысының жеке кілті бар. Үшінші тұлға, мысалы, әкімші немесе шақырылған маман емдеуші дәрігер немесе науқастың рұқсатымен ғана жазбадан ақпарат ала алады. Осылайша, медициналық деректер базасы – блокчейннің оңайлатылған аналогі.
Блокчейн қалай жұмыс істейді?
Блокчейн блоктары ақпаратпен толықтырылады. Әр келесі блоктың уақытша белгісі мен әуелгісіне сілтеме болады. Жаңа блок ең соңғы уақытпен белгіленген блоктан соң қосылады. Осылайша тізбек қалыптасады.
Қолданушылар өздеріне тиесілі тізбектің бөліктерін ғана өзгерте алады. Кіру құқықтары кітапта кез келген бетте қандай да бір ақпарат өзгергенін тексеру үшін, шифрлеу немесе криптография жүйесінің көмегімен бақыланады. Бұл сипат маңызды жазбаның сақталуын бақылау үшін, блокчейнді жақсы деректер құрылымы ретінде қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |