Білім беру бағдарламасы аясында оқытушылар біліктілігінің артуы республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы



бет14/23
Дата09.06.2016
өлшемі3.75 Mb.
#124201
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Орайлы тұста еске алу артық емес,Ұлт тәуелсіздігі - білім-ғылым жүйесіне де кең өріс ашты. Елімізде білім-ғылым ісін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар да өмірге еркін енді. Мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыттарынан:

- біріңғай білім беру саясатын жүзеге асыру:,

- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

- білім беру ісіне электронды оқыту жүйесін енгізу:

- білім-ғылым жүйесін халықаралық деңгейге көтеру;

- ғылыми-техникалық және инженерлік элитаны жүйелі қалыптастыру;

- оқу-білім ісінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру;

- оқыту жүйесінің жоғары сатысы,әрі ғылыми кадрларды дайындауда- магистратура мен докторантураға маңыз беру;

- білім-ғылым саласына инновация мен технологияны кең көлемде енгізу;

- адам капиталына баса назар аударып, қоғамдағы һәм өмір- тұрмыстағы орын-үлестеріне көп көңіл бөлу;

- орта және жоғары мектептің өзіндік бағыт, ерекшеліктеріне сай қалыптасуы мен дамуына мол мүмкіндіктер ашу;

- білім мен тәрбие ісінің қатар өріс алып, өзара баюы мен толығуын қамтамасыз ету;

- ұстаз-оқытушы мәртебесін көтеру;

- электронды Һәм қашықтан оқытуды жүзеге асыру;

- қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, т.с.с. кең орын алды. Адам өмірі мен еңбегінің мол мүмкіндіктері көрсетіледі. Ақыл-парасатқа кең жол ашылады.Білімнің нәрі,ғылымның нұры жан-жақты көрініс береді. Бұдан, сөз жоқ білім мен ғылым – қос қанат, адам еңбегінің жемісті нәтижесі екендігі айқындала түседі.

Алайда, ойласу ретінде бірер жайтты алға тартудың қисынды тұстары бар деп білеміз. Осы реттен келгенде, академик С. Қирабаевтың төмендегі ой-пікірінің айрықша мәні, зор негізі бар деп айтуға болады:

«Ең алдымен, ғылымды басқару жүйесі жөнінде. Ғылым деген қоғамдық сананың өзіндік ерекшеліктері мол, ең бір күрделі саласы. Оны ғылымның қара жұмысын атқарған, проблемалары мен ішкі қыры мен сырын жақсы білетін, оны терең түсінетін адамдар ғана басқара алады. Ол чиновниктік басқаруды көтере алмайды. Білім және ғылым министрлігінің ғылым жүйесіне іштей кіре алмай, одан ылғи да сырт қалатын себебі де осында...

Екінші мәселе- ғылыми кадрлар дайындау хақында.Бұрын бұл мәселе кандидаттық,докторлық диссертациялар қорғау жолымен шешіліп келгені белгілі.Қазір Қазақстанда мұндай қорғаулардың мөлшерден тыс көбейіп кеткені,сондықтан ол жүйені жойып,халықаралық стандартқа – магистратура,философия докторы атағына қорғау жүйесіне көшу ұсынылып отыр.Мен білім министрлігінің бұл саладағы позициясын жақсы түсінемін.Толып кеткен атаққұмарлардың жолын кесу керек.Бірақ,біз осыған қалай жеткеніміз жайлы ойлануға тиіспіз ғой...

Ендеше осының жолын іздеу керек.Мүмкін болса,таза ғылым жүйесінде,ғылыми зерттеу институттары мен жоғары мектептерде істейтін адамдар үшін ғана қорғау мерзімін ұзартып,қалғандарына тиым салу қажет болар.

Бұлай шешу қазірдің өзінде-ақ ғылым адамдары арасына тарай бастаған өсек-аяңды тиюға көмектесері даусыз.Олар: билік басшылары,парламент мүшелері,министрлер,әкімдер түгел қорғап бітті.Енді диссертациялық кеңестерді жаба беруге болады деп жүр.Билік жүйесінде қызмет істейтін адамдардың қалай қорғағанын зерттеп қою да басшылық ойына түссе дейміз ... « (Нағыз академиктер бүгінде «академикпіз» деп айтуға ұялатын болды («Қазақ» , 2010, 7-14 мамыр).

Қоғамда, өмір-тұрмыста кеңінен көрініс тапқан білім – ғылым жүйесіндегі көпке белгілі ортақ шындықтың бір сыры осы.

Бұдан басқа,атап айтқанда Қазақстанға ұлттық ғылыми орталықтың қажеттілігі,басты капитал- адам факторы екендігі барынша бедерлі көрсетіліп,анық айтылып келеді //Белые пятна науки; Интеллектуальный прорыв. - «Аргументы и факты», 2010, 30 июнь- 6 июль//.

Ақиқатында, білім-ғылымға көзқарастың, ықылас-ынтаның төмендегенін жасыру қиын. Ал, керісінше ғылыми атақ, дәреже алуға «құштарлық» еселеп артты. Бұл бағытқа қатысты әр алуан себеп, салдар айтуға болар. Қилы уәж де келтірудің қисыны жоқ емес. Сөйтсе-дағы жас ұрпақтың оқу-білім ісіне сергек қарағаны жөн-ақ. Қазіргі кезеңде орта мектепті бітірушілер оқу жылының екінші бөлігінде – ұлттық бірыңғай тесілеу науқанына дайындықты бастап жібереді. Апталап, айлап сұрақ-жауапты жаттауға, соны есте сақтауға ,жоғары балл жинаудың басқа да амал-тәсілдерін қарастыруға мықтап бет бұрады. «Көрмейін десем көзім бар» деген халықтық қағидатты еске түсірсек,кез-келген ата-ана,мектеп бітіруші түлектер ап-анық айтады. Нәтижесін ақпарат құралдары жариялап-ақ жібереді. Онда, бірінің орнына бөгде біреулердің «еніп кетуі», бірінен-бірі көшіру, әр алуан ақпараттық технологиялардың көмегін пайдалану, дайын тест үлгілерін қолға түсіру, т.с.с. жыл өткен сайын «жаңаша сипат» алып келеді. Анығы сол, жас ұрпақ осы «тиімді бағытқа» бейіл танытып үлгерді. Өмірін, ақыл-парасатын, іс-әрекеттерін де осы бағытқа бұрды. Жаңа технологиялар, интернет жүйесі-«тиімді бағытқа» екпін де, серпін де беріп келеді.Өмір талабы,уақыт бедері осыған саяды.

Осындай бағыт, көзқарастың жекелеген үлгі-өрнектері жоғарғы оқу орнындағы қысқы, жазғы сессияларында қаз-қалпында қайталанады. Осы реттен келгенде, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Білімді бақылау мен бағалау, Білім беру бағдарламалары, Оқу жоспары, сабақ кестесіне енген негізгі пәндер т.б. назардан тыс қалады. Осы орайда, ұстаз-оқытушының айлар, жылдар бойы жинақтаған тәжірибелері мен дайындығы,оқу –әдістемелік бағыттағы қызметтері, күнделікті сабақ, дәріс үстіндегі тақырып табиғатына қатысты ізденіс арналары, көзқарас мұраттары мен баяндау, жеткізу жолдары кімге арналады? Нәтиже, көріністерін қалай бағалаға болады? Оқу бағдарламалары мен оқу құралдары тест тапсырмаларынан толық көрініс таппайтынын ескерсек, ұстаз-оқытушының педагогикалық-әдістемелік шеберлігінің өлшемі не болуы тиіс? Білімді бағалаудың басты бағыты мен өлшемі тест тапсырмаларына негізделетін болса, қоғамдық һәм жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық бағыттардағы пәндер тізбесі, оқу жоспары мен сабақ кестесі т.с.с. сапалық мазмұны мен құрылым жүйесі қаншалықты мәнді болар екен? Керісінше, тест тапсырмалары негізгі оқулық арқылы дайындалатынын ескерсек, бұл тұста білім мазмұны, сабақ сапасы алдыға шығуы керек.Несін жасыралық, білім мазмұны мен сапасының негізгі бағалау өлшемі,қорытынды көрсеткіші- тест жүйесіне негізделетін болса// орта және жоғары мектеп бойынша// басты мұрат- оқулыққа,сол арқылы дайындалатын тест тапсырмаларына маңыз берілуі керек.Оқу мен оқыту ісі осы бағытқа бұрылып,барлық әрекет,басымдықтар осы салаларға жатқызылуы тиіс.Бұл тұста,сөз жоқ жаттау мен жаттығу ісі алдыға шығады. «Оқу-инемен құдық қазғандай» деген ежелгі тәмсілдің қасиет-құдіреті құмға сіңген судай,ізім-қайым жоғалады.Жадыңда сақтау,көңілге тоқу сынды арман-аңсарлары да өз-өзінен қиял дүниесіне айналады...

Осы орайда,бір бағыт пен тақырыптар төңірегіндегі мың сан оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік, бақылау-пысықтау, дидактикалық-практикалық,жаттығу жұмыстары т.с.с. негізгі нәтижелері мен қорытындыларының қаншалықты қажеттілігі бар?! Ұстаз-оқытушылардың өмірі мен еңбегі, ізденісі мен тәжірибесі, әсіресе қазіргі кезеңде керексіз Һәм жарамсыз болғаны ма?! Қоғамның қымбат қазынасы – адам капиталының, ақыл-парасатының, осының бәрі-баршасының қайнар көзі - кітап пен қағаздың обал, сауабы ше?!

Білім-ғылым саласындағы сапасыздық пен салғырттық ( мысалы, орта және жоғары мектеп, оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары т.т.) әр кез-ақ қоғам алдына көлденең тартылып келеді. Артық-кем тұстары барынша ашық, жария үлгіде жүйелі жеткізіліп жүргені де жасырын емес ( Е.Айғалиұлы « Рухани дүниеге бай жаңа қазақты қалай тәрбиелейміз? ( «Заман- Қазақстан», 2010, 28 қаңтар), Ж.Әшімханұлы «Батырлардың жауға емес, жолбарысқа шапқаны несі?» («Жас қазақ», 2010, 29 қаңтар), А.Сабыров «Оқу сапасына қатысты он ұсыныс» («Айқын», 2010, 22 сәуір), Е.Қуандық «Ғылым докторы осындай болса, жетіскен екенбіз...», Қ.Шамақай «Саудаға салынған ғылымнан сауап бола ма?» («Қазақстан», 2010, 10 маусым, Ж.Мүсілім. Қазақстанда мың адамға бір ғалымнан келеді.- « Заң газеті», 2011, 21 қаңтар, С.Пірәлиев. Мен елімізде бір ғана Ұлттық Ғылым академиясының болғанын қалаймын.- « Алаш айнасы», 2011, 26 қаңтар, т.т.).


Орайлы сәтте еске алсақ, бұл тұстардан, әсіресе қоғамдағы, БАҚ жүйесіндегі педагог мәртебесінің төмендігі, тәлім-тәрбие ісіндегі келеңсіздіктер, ғылыми жұмыстардағы негізгі нәтижелер мен тұжырымдардағы тайыздық,дәйексіздік пен дерексіздік, теория мен практика арасындағы алшақтық, оқулық пен оқу-әдістемелік құралдардың сапасыздығы, тест тапсырмаларындағы жүйесіздік т.с.с. сын-мін ретінде көрсетіледі. Өмір-тұрмыстан, тәжірибеден алынған мысал-деректер адам мүмкіндіктерінің толық пайдаланбауынан, оқу-білім мен еңбектегі алшақтықтан,жауапсыздық пен салғырттық әсерінен орын алғанын әркім-ақ аңғарар еді.
Әр нәрсенің де негізгі нәтижелері, түйінді тұжырымдары болады ғой, әрине. Осы ретттен келгенде, білім-ғылым жүйесіндегі кереғар Һәм келеңсіз көріністерге айналған бейберекеттік пен жауапсыздық, сапасыздық пен салғырттық сырларының негізі де жоқ емес. Ол,әсіресе:
- орта және жоғары мектепте оқушы-студенттер ұлттық мұрат пен руханият қайнарларын ( мысалы, тарих пен таным, тіл мен дін т.т.) бойларына толық сіңірмегендіктен, білім жүйесі мен өмір талабы арасында ортақ байланыс болмағандықтан, жас ұрпақ оқу-білімді тәлім-тәрбие ісімен, өмір өрнектерімен, дәстүр өнегесімен сабақтастық үлгіде кең көлемде өрістете алмағандықтан өзгеше ойлап-сөйлеуге, әрекет етуге бейім тұрады;
- өмір мен оқулықтың, тест тапсырмаларының арасындағы айтарлықтай алшақтықтар, бір-біріне кереғар һәм өрескел қайшылықтар қалың көпшілікті де, жас ұрпақты да дәстүрлі ойлау жүйесінен жаңылыстырып, жеңіл оқу мен үстірт қабылдауға, лезде жаттау мен есте сақтау дағдысына оп-оңай бейімдеп,көбірек көңіл бөлінгендіктен, ақиқатын айту керек - жауапсыздық пен жасандылыққа, көзбояушылыққа кең жол ашылды;
- оқу бағдарламасына оқулық негізделеп, одан кейінгі тұстарда – оқу-әдістемелік кешен жүйесі әзірленсе, дайындық кезеңі мен бақылау-пысықтау жұмыстары жүйелі жүргізілсе, негізгі және қосымша әдебиеттер нақтылы берілсе, оқушы-студент осы бағытта білім мазмұны мен сапасына қол жеткізіп, ізденіс арналарын байыта түсер еді;
- орта және жоғары мектепте басты тұлға – ұстаз-оқытушылар құрамы. Өмір мен ұстаздық қызметтегі тәжірибені білім-білігімен ұдайы ұштастыратын – ұстаз-оқытушылар төңірегінде де қилы қауесет, кереғар ой-пікірлер көп-ақ. Бәрі-баршасын жоққа шығаруға келмес. Алайда, ұстаздық қызметтегі мол өмір тәжірибесі мен әдістемелік қырларын аялау мен бағалауға қатысты мәртебелі міндеттеріне құрмет төмендемеуі тиіс;
- бастысы, әрине білім-ғылым жүйесіне басым бағыттар беріліп, оқу мен оқыту ісінің адамзаттық маңызы айқындалып, оның өзі ұлттық мұраттар мен құндылықтарға негізделіп, тарих пен таным, тіл мен діл т.т. алдыңғы кезекке шығарылса, жас ұрпақтың ел мен жерге, туған орта мен қоғамға, адам сапасы мен құндылықтарға, еңбек мұраты мен тәлім-тәрбие арналарына құштарлығы мен сүйіспеншілігі еселеп артады. Дәстүрге адалдық танытады. Бүгін мен болашақты байыпты бажайлап, зейінді зерделейтін болады.
Қазіргі кезеңнің басты шындықтарының бірі осы.

Жасыратыны жоқ, білім-ғылымның дәстүрлі жүйесін жаңа ақпараттық технологиялар алмастыра бастады. Орта және жоғары мектеп жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес үлгіде құру, оның мазмұны мен сапасын жақсарту арқылы білім-білігі мол,тәлім-тәрбиесі жеткілікті жаңа тұрпатты мамандар даярлауды инновациялық негізде жүзеге асыруға басым бағыттар беру қажеттілігі күн тәртібіне қойылып келеді. Бұл тұста, атап айтқанда:

- оқу бағдарламаларын инновациялық тұрғыдан жүйелі жетілдіру;

- оқу құралдарында білім мазмұны мен сапасын алдыңғы кезеке шығару;

- бакалавриат пен магистранттарды даярлау мен оқыту ісін әртараптандыруға ден қою;

- оқушы – студенттерді тест тапсырмаларын жаттау мен орындаудан бұрын, оның бастау һәм қайнар көздері - кітапта, негізі - оқулықтарда орын алғанын анық та, айқын айтып түсіндіру;

- адам капиталының қуатты қаруы – білім мазмұны болып табылатынына маңыз беру;

- жаңа ақпараттық технологиялар жүйесін ұлттық білім беру салаларына енгізу арқылы қазақ менталитетін көтеру, адам сапасын алдыға шығарып, оның өсіп-есеюін, маман ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету, мәдени-рухани құндылықтарды ұдайы дамыту:

- білім жүйесі мен ғылым ісін интеграциялау, яки бірін-бірі байыту мен сабақтастыққа қол жеткізу;

- ең негізгісі, білім – ғылым жүйесі адам капиталының ақыл-парасаты, ізденісі мен еңбегі арқылы жүзеге асатындықтан, бұл бағыттардағы игілікті істер, ізгілікті қадамдар бүгін мен болашақтың көзімен байыпты сараланып, терең таным, тағылымды қырларымен қалың көпшілікке қызмет етсе, нұр үстіне нұр.Тұтастай алғанда,жоғары білім мен кемел ғылым жолында - елдік мұраттар мен құндылықтарға адалдық танытып,адам капиталы мен ұлттық менталитетті негізгі назарда ұстап,жас ұрпақты осы бағыттар төңірегінде батыл да еркін оқып-үйретіп, жауапкершілік жүгі мол жүйелі тәлім-тәрбие берсек,қазіргі кезеңнің талап-тілектеріне де,келешектің бел-белесті жарқын жақтарына да қарышты қадам жасауға әбден болады.

Жоғары білім мен кемел ғылымның // табиғаты мен тағылымы// өзара байланыс-сабақтастығына,оқу үдерісі мен зерттеу ісінің негізгі өлшеміне қатысты кейбір ойлар мен толғаныстардың үзік үлгілері,шынайы шындықтары осыған келіп саяды.

И.А. Тұтқышбай, Б.М. Тағаев

Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ

Академиялық инновациялық университеті
ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ
  Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп  Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні ғылым-білімді игеруде жатыр. Ал, өзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол үзгендер - тіршілік етіп жүрсе де жансыз адам деп айтуға тұрарлық. Неге десеңіз, адамның жаратылыс мақсаты –көріп білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Сондықтан Ғылым –тура жолға салатын маңызды құрал. Қазіргі таңда жаңалық ашушылардың емес еліктеушілердің қатары көбейіп кетті. Сол себептен бәрін өзгертетін рухы қайсар жандар қажет.

Ғылым игерудегі мақсат –білімнің адам баласына жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсетуі, Адам рухына сіңбеген ғылым –арам тер болып арқалаған ауыр жүкпен бірдей пайдасыз. Ал адамды жоғарғы мақсатқа жетелемеген таным-жүрек пен ойға артылған салмақ.

Осы орайда Түрік ақыны Жүніс Әміре былай деген:

Ғылым, білім, ізденіс -

Өз-өзіңді тануың.

Танымасаң өзіңді

Не пайда оқып жарығым?!

Сан салалы ғылым мен өнердің қай саласы да адамға пайдалы. Дегенмен оның бәрін бірдей игеріп, дәріптеуге пенденің ғұмыры келте, мүмкіндіктері шектеулі. Сол себепті әр адам өзі үшін, ұлты үшін қажеттілерін ғана үйреніп, іске асыруы тиіс.

Білім беру-жай ғана оқыту емес. Адамадардың көбісі мұғалім болғанымен, ал нағыз педагог ұстаздардың саны жоқтың қасы. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, мұғалімдер мен ұстаздар жаңалықтарды таратушы және шеберлікке шыңдаушы, ал нағыз ұстаз, - ол оқушының өзін – өзі тану қабілетін жетілдіріп, жеке дара ойлау мен қорытынды жасай білуде оқушының мінезін қалыптасуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі, төзімділік пен жауапкершілігін сезіну сияқты қасиеттерді бойына дарытуда жол көрсетуші адам. Ал тек жалақы үшін оқытып, шәкірттерінің мінезінің қалыптасуына қызығушылық танытпайтындарды ол соқырларды бастайтын көр соқыр деп атайды. Сондықтан ұрпақтың және ұлттың келешегі мұғалім өзін – өзі жетілдірудегі негізгі мақсатын айқындап алуы тиіс.

Сонымен қатар адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Осы орайда:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.



Ж.Ж.Руссо айтқандай Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ал Ы.Алтынсарин бабамыз айтқандай егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.



Мұхтар Әуезов Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Ғабит Мүсірепов Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.Ал Мәлік Ғабдуллин Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Жүсіп Баласағұни Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.

Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.



Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ.

Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Енді осы түсініктерге тоқталайық.

Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.

Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі.



Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. А.С. Макаренконың пайымдауынша; қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.

Балалар өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін толық шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғандары жөн. Оқушының қабілетін, әрине асыра бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш.



Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: “әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті.

Мұғалімге “әділетсіз” деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне-өзінің ұдайы талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.

Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды.

Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын.



Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Бұл, түбінде, «адам затын, адам атаулыны құрмет тұту парыз» деген пәлсәпалық қағидадан бастау алса керек. Бұл қасиеттен ада мұғалім балаға «кішкентай ойыншық», «әлі адам емес,есейгенде адам болады» деп, немесе нақты «пәленшенің баласы» деген өте қушық та саяз, пендешілік көзқараспен қарайды. Көзқарас қандай болса, тірлігі де сондай болады. Мұндай мұғалім баланың өз мінез-құлқын, бейім-дарынын, тұлғалық ерекшеліктерін айқын көре алмайды. Өйткені ол , шын мәнінде, балаға жансыз затқа қарағандай, «сырттай сипай» немесе «тым мәнсіз» көз тастап, оны көріп тұрып, көрмейді. Оған баланың ішкі жан дүниесіне қарай жол түбегейлі жабық.

Мұғалімнің екінші қасиеті – ақыл-парасат. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан мұғалім ең нәзік те мөлдір, бірақ, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы Әлемнің ішінде, осы Әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір Әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық»деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.

Мұғалімнің үшінші қасиеті – білім мен шығармашылдығы. Мұғалім өзінің терең білімімен ғана баланың таза жан дүниесіне шырақ жағып, оған мәнді мазмұн енгізеді. Ал білім – шексіз мұхит. Сондықтан «білемін» деген бос сөз, үздіксіз ізденіс, тынымсыз шығармашылық - мақсат. Шығармашыл ізденістің өзі білімдіден келіп шығады. Әсіресе дарынды да мінезді бала білімді мұғалімге жарыққа ұшқан көбелектей бар көңілімен ұмтылады, білімге сусап тұрады. Білімді бала білімді ұстаздан екені тағы аян.

Мұғалімге қажет білімнің өзі ауқымды. Баламен табысу үшін психология мен педагогика, биология мен анатомия, өз пәні бойынша ғылым, баламен айқын қарым-қатынас үшін жетік тіл мен мәдениет, анық ойлап, анық басу үшін математика, дүниетаным үшін философия мен физика және т.с.с. Шығармашылықсыз бұл білімнің барлығын игеру және жөнімен пайдаланудың өзі мүмкін емес.



Мұғалімнің төртінші қасиеті – жігерлілік пен еңбекқорлық. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал мұғалімде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Мұғалімнің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, ұстаз оның ойындағы надандықпен күреседі, «бабамыз маймылдың» жабайылығынан алып қашады. Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған мұғалім күндіз-түні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық беруге жұмсалмасын деңіз. Ұстаз жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді. Оны, әсіресе, ақыл-парасаты бар мінезді бала бірден-ақ сезіп, бойына сіңіріп, өзі де жігерленеді. Бойына білім тасқыны бұйырған баланың жанарлары жарқырап, санасында жанған шырақтың сәулелері нұрланып жүзіне шыға келеді.

Болашақ жас маман мұғалімнің қалыптасуы, жетілуі өзінен өзі болмайды. Ол үздіксіз еңбектің нәтижесі екені баршамызға мәлім. Мұғалімнің мамандығына құмарлануы оның өзінен де, тәрбиешілерінен де зор күш қуатты қажет етеді. Санамалай берсек, мұғалімнің тұлғасына жарасымды асыл қасиеттер легі таусылмайды. Оның барлығын қорытындылай, тоқетерін айтсақ



Білімді бала білімді ұстаздан, мінезді бала мінезді ұстаздан.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. – 2005. - №5 Б.55-56.

2. Тараз Ә. Ұстаздар – асыл тұлғалар: //Алматы ақшамы. – 1997. – 29 қазан

3. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов. Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. 2005
РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается роль интеллигенции а также значение их творчества и современные требования, которые предъявляются к профессиональной подготовке будущих учителей.


SUMMARY

This article examines the role of intellectuals as well as the value of their creativity and modern requirements that apply to the training of future teachers.

А.А. Умаров

Туркестан, МКТУ им. А. Ясауи


Г.П. Кадырбаева

Туркестан, ПрофКолледж «Туркестан А. Ясауи»



МОДЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ВУЗА

Проблема повышения качества образования – большая социальная проблема, решаемая на уровне государства. Качество образования не есть некое абстрактное свойство; высокое (достаточное) качество – это максимальное (достаточное) соответствие той задаче, которая должна быть решена в ходе подготовки специалиста данного уровня [3].

От уровня подготовки специалистов, их потребности в стране зависит, в большей степени, экономическое и социальное состояние государства в целом. В современном мире, в мире информационных технологий и глобализации общества требования к качеству образования значительно повышаются. И, в конечном счете, это – признание дипломов, полученных в одной стране международным сообществом, требование международных образовательных стандартов (требований участников Болонского процесса [9,10]), и т.д. Глава государства Нурсултан Назарбаев придает большое значение вопросу образования, это обеспечивается созданием открытого экономического пространства в Европе и Азии [8], поддержка образовательной программы Темпус [11].

Важность решения данной проблемы на уровне государства подтверждается следущими Правительственными документами: Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 года, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан [5], Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы [6], и другими источниками [1, 2, 3].

Большую роль в повышении качеством образования играет Президентская международная образовательная программа «Болашак», направленная на подготовку специалистов в ведущих ВУЗах мира. Следует сказать, что автор доклада – Умаров Амантур Амангельдыевич имеет непосредственное отношение к программе Болашак [7], прошедший научную стажировку в Институте пробем управления РАН (ИПУ РАН).

Одной из причин заметного понижения качества образования в высшей школе является уход наиболее квалифицированных кадров в другие области деятельности (в основном, в бизнес) из-за недостаточной социальной и финансовой оценки их труда.

В настоящее время идет процесс реализации Государственной Программы [6,11]. Разработка Программы вызвана необходимостью кардинальных преобразований, направленных на повышение качества образования, решение стратегических задач, стоящих перед казахстанской системой образования в новых экономических и социокультурных условиях.

ВУЗ, как и любая сложная кибернетическая система, имеет сложную структуру, функциональность и поведение. Решение поставленной задачи имеет многоцелевую, междисциплинарную природу, имеющей целью определения обобщенного критерия – показателя качества образования. Он состоит из социально-экономического, технического и педагогического критериев; при этом, сложным является построение целевой функции оптимизации. Это обусловлено, во-первых, тем, что все эти три составляющие имеют различные измерения и природу, и к тому же, их невозможно оценить в явном виде количественно. Тут целесообразно было бы применить нечеткую логику при оценке обобщенного критерия [23,24].

С социально-экономической точки зрения, это создание эффективной системы стимулирования труда профессорско-преподавательского состава (ППС) является важной задачей в современных условиях развития высшего профессионального образования в Казахстане и адаптации вузов к требованиям международной образовательной системы.

С технической точки зрения, это разработка автоматизированной системы управления (АСУ) ВУЗа, позволяющую оперативно выполнять анализ состояния ВУЗа и в результате обработки данных, получать объективную оценку для принятия решений (принцип «прозрачного» управления).

С педагогической точки зрения, это создание эффективной методики оценки знания студентов, позволящее стремлению к учебе.

Применение системного подхода к решению проблемы позволяет обобщить все эти составляющие в одно целое и рассмотреть настоящую проблему с единой точки зрения.


Научные исследования и технологии

В России по управлению организационными системами (ОС) известна школа академика В.Н. Буркова [16] (ИПУ РАН) в составе Д.А. Новикова, М.В. Губко, Н.А. Коргина, А.В. Кондратьева и др. Если сделать классификацию исследования задач управления ОС, то, например, проблемами стимулирования организации занимается Д.А. Новиков [23,24], проблемами планирования Н.А. Коргин [16], построением иерархических структур А. А. Воронин, М.В. Губко, С.П. Мишин [19], вопросами информационного управления А.Г. Чхартишвили [41].

Вопросами компьютерной поддержки принятий решений ОС занимаются Э.А.Трахтенгерц, А.В.Цветков, Г.С. Хулап, С.В. Сочнев [26,27] (ИПУ РАН).

В Казахстане вопросами управления ОС занимается школа академика А.А.Ашимова (Институт проблем информатизации и управления НАН РК) в составе Р.Бияшева, Д. Шукаева, Н. Кулжабаева [14,15].

В Узбекистане академиком В. Кабуловым была основан Институт кибернетики, являющийся сегодня центром IT в стране; его ученики - М.М. Камилов, Т.Ф. Бекмуратов, М.И. Эрматов, З.Б. Тукубаев и др. [28,29,30,31,32].

Исследования в США имеют прикладной характер, заключающийся в практической реализации и техническом проектировании систем управления; например, известны школы бизнеса и менеджмента (Г. Саймон [18], Дж. Маккарти (Стендфорд), Джексон М., Мейерсон Р. (Гарвард)) [42], там нашли развитие графические языки моделирования [1,17]:

а) SADT (Structural Аnalysis Design Techniques) – технология анализа структуры (декомпозиции) систем [18];

б) DFD (Data Floy Diagrams) – диаграммы потоков данных ;

в) UML (Unified Modelling Language) – унифицироннай язык моделирования;

и современные ИТ технологии:

а) OLAP технология – технология многомерных данных [26,43];

б) ГИС технология – географические ИС [17].

с) веб-технология (Интернет/ Интранет технология) [17].

В Японии хорошо известна школа умного менеджмента (Икуджаро Нонака, Хиротака Такеучи), она занимается в основном проблемами разработки систем искусственного интеллекта [21].




    Экономико-математическая модель

    стимулирования ППС и студентов ВУЗа

    Системный подход к решению проблемы заключается в создании модели такой человеко-машинной системы, позволяющей выполнять всесторонний анализ учебной работы ВУЗа, и на основе своевременного анализа и обработки данных, принимать объективные решения по стимулированию ППС, что, в конечном итоге должно обеспечить улучшение качества образования. При комплексной оценке должны быть учтен и человеческий фактор (в социально-экономическом и педагогическом аспекте), и технический фактор, то есть задача многокритериальная [22,25].



По данным результатов исследований из [20,24], самой эффективной системой стимулирования (СС) за индивидуальные результаты является компенсаторная СС (система К-типа), основанный на компенсации затрат агента, в данном случае ППС. Принцип компенсации затрат является достаточным условием реализации требуемого действия:



(1)



где х - план (задан из центра)

y - выполнение (действие агента)

В качестве СС в ВУЗе использована система К-типа. Проблема применения данной системы в ВУЗе вызвана сложностью определения точного значения у (показателя выполнения) в выражении (1) (рис. 1).




Рис. 1. - Входо-выходная модель управления
Например, в производственных отношениях определение этого значения не вызывает особых проблем, так как показатель объема производства – количественная оценка.

Показатель ВУЗа определяется не только количеством выпущенных студентов, но и их полученным качественным знанием. Именно качественная оценка считается важной характеристикой ВУЗа.

Главная причина этой проблемы – в неадекватной оценке работы ВУЗа, которая проявляется в техническом аспекте, то есть, в отсутствии автоматизации управления ВУЗа.

Также, ввиду многих случайных факторов (праздники, болезни ППС, и т.д.) точное выполнение плана – маловероятно; поэтому, автором было внесено некоторое изменение в выражение (1), которое заключается в замене величины несоответствия ее дисперсией:



(2)- функция дисперсии несоответствия плана и выполнения

(3) z*(x,y)=arg {z(x,y)} – показатель оптимального плана для центра, то есть минимального (допустимого) отклонения:




(4)

Таким образом, в модели будут стимулированы те сотрудники, которые с минимальным отклонением выполнят план; а те сотрудники, которые имеют максимальное отклонение, не будут стимулированы.

Данная система включает два вида стимулирования: материальное и нематериальное. Материальное представляет надбавку к окладу (премия, повышение в должности), нематериальное – грамоты, награды и почетные значки. Те ППС/студенты, кто качественно выполнил основной или учебный план (проведение/посещение занятий и выполнение заданий в составе учебного плана, включающие практические, лабораторные задания) получат нематериальное вознаграждение, и, соответственно, за хорошо выполненную вспомогательную (творческую работу) ППС/студенты получат материальное вознаграждение (см. табл. 1).
Таблица 1. - Показатели работы ППС/студента1

Учеб

ный план


Показатель



Творчес

кая работа



Показатель

K5

У ППС -

К1

(показатель

плана)


К2(показатель

посещаемости)



Задается ранг (норматив)

К5 (ранг)

К3(показатель

успеваемости)



У студентов -

К1

(показатель

плана)


К2(показатель

посещаемости)



Задается ранг (норматив)

К5 (ранг)

К3(показатель

успеваемости)


В задаче критерий К – обобщенный критерий, он включает в себя критерии К4 и К5. К4 – педагогический критерий, он состоит из внешнего критерия К1 и внутренних К2 и К2, то есть K1(K2,K3). К5 – социально-экономический критерий (материальное вознаграждение) (рис. 2 и 3).

Ниже приведены таблицы перевода первоначальных показателей состояния системы к обобщенным критериям (см. табл. 2,3,4,5 и 6). В работах [16,24] доказано, что оптимальной считаются СС, в которых выполняются условия типа:

(5)

Из таблицы 8 видно, что величина вознагражденияудовлетворяет условию (5).

Следует подчеркнуть, что алгоритм стимулирования подробно описывается автором в [40].

Таблица 2. - Перевод показателя посещаемости в критерий К2



Нижняя граница

Верхняя граница

Качественная

оценка

0

0,4

плохо

0,41

0,6

удов

0,61

0,8

хорошо

0,81

1

отлично

Таблица 3. - Перевод показателя успеваемости в критерий К3



Нижняя граница

Верхняя граница

Качественная оценка

0

49

плохо

50

74

удов

75

89

хорошо

90

100

отлично

Таблица 4. - Показатель творческой работы ППС (критерий К4)





Творческая работа

Балл

1

Доклад, статья утвержденная ученым советом ВУЗа (внутри)

До 10

2

Учебное пособие, утвержденное ученым советом ВУЗа (внутри)

10 - 20

3

Доклад, статья, опубликованная за рубежом

21 - 40

4

Учебное пособие, утвержденное грифом Министерства Республики Казахстан

41 – 60

5

Участие в Международных конкурсах, Государственных программах и проектах (программа «Болашак»)

61 - 70

6

Защита диссертации

71 - 80

7

Победа в Международных конкурсах, Государственных программах и проектах

(программа «Болашак»)



81-100

Таблица 5. - Показатель творческой работы студентов (критерий К4)





Творческая работа

Балл

1

Участие с докладом на конференции ВУЗа (внутри)

0 - 20

2

Участие с докладом на конференции в ВУЗах масштаба страны

20 - 40

3

Статья в журнале

41 - 60

4

Участие в программах, олимпиадах и проектах масштаба ВУЗа или масштаба страны

61 – 80

5

Победа в программах, олимпиадах и проектах масштаба страны (например, в программе «Болашак»

81 - 100

Таблица 6. - Перевод показателя по творческой работе ППС/студентов в обобщенный критерий К5 (ранг)



Нижняя граница

Верхняя граница

Ранг

Материальное вознаграждение

0

20

5



21

40

4



41

60

3



61

80

2



81

100

1




Рис. 2. - Дерево целей для ППС Рис. 3 - Дерево целей для студентов


Рассмотренная в работе модель управления учебным процессом имеет следующие особенности:

  1. кибернетический (системный) подход к решению проблемы;

  2. многокритериальная оптимизация в управлении качеством образования;

  3. использование эффективной системы стимулирования ППС, на основе индивидуальной системы компенсаторного типа;

  4. использование новых IT технологий (OLAP), дающих возможность быстрого сбора и обработки данных, позволяющий выполнять всесторонний и многомерный анализ состояния системы;

  5. применение прозрачной системы управления, не позволяющей появлению негативных явлений (приписки, ложные отчеты, и т.д.), и обеспечивающей принцип открытого управления [16,23,24], имеющей целью в предоставлении открытого доступа к информации и центру, и любому сотруднику и студенту.

Разработка АСУ для принятия решений ВУЗа является сложной технической задачей. Следует сказать, что составные подзадачи этого проекта были подробно рассмотрены в следующих трудах автора и его научного руководителя:

  • вопросы проектирования АСУ в [28,35];

  • вопросы технического обеспечения в [27,34];

  • вопросы информационного обеспечения в [31,32];

  • вопросы программного обеспечения в [33,39];

  • вопросы стимулирования студентов (педагогический аспект, внутренняя модель) в [38];

  • вопросы производительности и обслуживания в [34,37];

  • вопросы реализации АСУ в [39,40].

Приведенная в работе комплексная оценка критериев в достаточной степени адекватно отражает состояние образовательной системы. Для повышения точности анализа можно добавлять другие критерии, учитывающие и многие стороны социального, педагогического, технического характера. Тогда задача будет иметь более сложную постановку, но, современные технические средства и IT позволяют реализовать такие решения. При этом, повышается стоимость разработки системы.

Необходимо подчеркнуть, что в данный момент идет процесс разработки АСУ в МКТУ им. А. Ясауи под руководством вице-президента по науке и международным отношениям профессора Т.П.Раимбердиева [12]. Исполнители – автор доклада и его ученики: студенты и магистранты кафедры «компьютерно-математического моделирования процессов и автоматизации».

Экономическая целесобразность от внедрения данной системы показывает, что затраты на разработку ПО будут намного ниже затрат, потраченных на покупку готового продукта. Причем, обучение и внедрение системы будет осуществляться своими специалистами, что обеспечит высокую безопасность и надежность. С другой стороны, в разработке и внедрении системы принимают участие студенты и магистранты ВУЗа, что улучшит их профессиональный уровень знания.

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ

1. Концепция стратегического развития Республики Казахстан «Казахстан – 2030». – Астана, 1998.

2. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003–2015 годы.

3. «Об образовании»: Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года №319-III.

4. Сайт Министерства образования и науки Республики Казахстан: www.edu.gov.kz

5. Стратегический план развития Республики Казахстан до 2020 года, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 г., № 922.

6. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы, Астана, 2010 г.

7. Договор № 874 об организации научной стажировки Умарова Амантура Амангельдыевича, Астана, 19/10/2009 г. (Президентская международная образовательная программа «Болашак»).

8. Декларация о формировании Единого экономического пространства Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации. 9 декабря 2010 года на заседании Межгоссовета ЕврАзЭС. (Высшего органа Таможенного союза). г. Москва.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет