Білім беру бағдарламасы Барлық білім беру бағдарламалары үшін


Пән бойынша қорытынды бағалау



бет10/12
Дата12.09.2022
өлшемі119.12 Kb.
#460569
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Силлабус Каз Т В1 2021-2022 исправ.

Пән бойынша қорытынды бағалау

Пән бойынша қорытынды бағалау ағымдық үлгерім бағасынан және қорытынды бақылаудан (емтихан бағасынан) тұрады. Ағымдық үлгерім бағасының үлесі қорытынды бағаның 40%-ын құрайды. Қорытынды бақылау бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60%- ын құрайды.


Пән бойынша қорытынды баға мынадай пайыздық көрсеткіш формуласымен анықталады:
Қ% = (1САБ + 2САБ) / 2 x 0.6 + E x 0.4
мұндағы:

1 САБ - 1-рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;


2 САБ - 2-рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші
Е - емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.



Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдың сандық баламасы

Пайыздық
мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А–

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В–

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С–

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

Ғ

0

0-24




ҮІІ. Академиялық мінез-құлық саясаты (академиялық әділдік қағидаларын қоса)



* Топты ауыстыру
Студенттер топты ESP үйлестіруші рұқсат берген соң ғана ауыстыра алады. Курс басталған соң екі аптадан кейін топты ауыстыруға рұқсат жоқ.


*Сабаққа қатысу саясаты
Студент барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды орындауға міндетті. Олай болмаған жағдайда, студент курстың барлық артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігінен айырылады. Оқытушы басты емтихандардың өтетін күнін ескертіп отырады, ал тапсырмалар курстың бағдарламасы бойынша жасалады.


*Сабаққа себептермен қатыса алмау
Студент сабаққа қатыспау себебін дәлелдермен негіздеп түсіндіруге жауапты. Келесі жағдайлар себепті деп саналады:
1. Университеттің жұмысына қатысу.
2. Жақындарының ауырып қалуы немесе қайтыс болуы.
3. Жарақат алу немесе студенттің ауырып қалуы.
4. Күтпеген жағдайлардың орын алуы.
Сабақты себептермен жіберген жағдайда оқытушы студентке тапсырмаларды, бақылау жұмысын, емтихан т.б. қайта тапсыруға мүмкіндік беруге міндетті.
Студент себепсіз жіберілген сабақты қайта тапсыруға мүмкіндік беруге міндетті емес.


*Сабақта жұмыс істеу
Сабақ үстінде жұмыс істеу оқу процесінің құрамдас міндетті бөлігі. Сабаққа қатысу алдын ала дайындықты және тақырыпты талқылауға белсенді қатысуды білдіреді.


*Сабақтағы жұмысқа қойылатын бағалар



90-100%

Студент сабақта әрдайым белсенді, өзгелермен, ортамен байланысы жақсы. Сабақ үстінде және үй тапсырмаларын әрдайым (100%) уақытылы орындайды. Жалпы сабаққа қатысуға әрдайым дайын, жеке қызығушылығы жоғары, көңіл қояды.

80-89%

Студент сабақта әрдайым дерлік белсенді және сабаққа оң көзбен қарайды, сабақта негізінен белсенді еңбектенеді. Сабақ үстінде және үй тапсырмаларының 80-85% -ын уақытылы орындайды.

70-79%

Студенттің қызығушылығы бар, сабақта еңбектенуге дайын. Кейде сабақ үстіндегі және үй тапсырмаларын (70-75%) орындамайды немесе уақытылы тапсырмайды.

60-69 %

Студент сабақта белсенді емес және өзгелермен топта жұмыс істемейді. Сабақ үстінде және үй тапсырмаларын (60-65%) сирек орындайды немесе уақытылы тапсырмайды.

50-59%

Студенттің сабақта тапсырманы толық орындауы сирек. Студенттің сабаққа және сабаққа қатысуға құлқы жоқ. Сабақ үстінде және үй тапсырмаларын (50-55%) сирек орындайды.

25-49%

Студент сабаққа мүлдем келмегендіктен немесе мүлдем дерлік келмегендіктен немесе сабаққа қатыспағандықтан оның еңбегін бағалау мүмкін емес. Сабақ үстінде және үй тапсырмалары ешқашан уақытылы орындалмайды.

Алғашқы апта барысында оқытушы сабаққа қатысу саясаты, сабақта орындалатын тапсырмалар, сондай-ақ оның оқу үлгеріміне әсері жайлы студенттерді құлақтандыруды өз міндетіне алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет