Білім беру бағдарламасы БӨж тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдарының негізгі саяси ойлары



бет2/10
Дата11.10.2024
өлшемі149.9 Kb.
#504606
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Саясат @

1.Әулие Августиннің саяси ойлары
Әулие Августин** (354-430 жж.) – орта ғасырлық саяси философияның негізін қалаушы. Оның **«Құдай қаласы»** (City of God) еңбегінде, мемлекет пен Құдай арасындағы қарым-қатынас, қоғамдағы әділеттіліктің негіздері және адамның әлсіздігі туралы терең ойлар жазылған. Августин, мемлекет тек Құдайдың заңдарына негізделуі тиіс деген пікірде болды. Оның көзқарастары, әсіресе, билік пен діннің арасындағы қатынас мәселесінде шешуші рөл атқарды. 
Августиннің саяси ойлары, оның моральдық және этикалық принциптеріне негізделіп, мемлекет пен қоғамның түпкілікті мақсаты – Құдайға қызмет ету екенін көрсетеді. Бұл идея, орта ғасырдағы христиан қоғамының саяси құрылымына әсер етті. Августин, адамдардың өміріндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын атап, мемлекет басқарушыларын адамгершілік және моральдық жауапкершілікке шақырды.Августиннің ойлары орта ғасырда теократиялық билік жүйесінің негізін қалыптастырды, мұнда мемлекет діннің бақылауында болады. Оның пікірінше, билік иелері Құдайдың өкілдері болып табылады, сондықтан олар халықты адалдықпен басқаруға міндетті. Августиннің философиясы, кейінгі дәуірлерде христиан діні мен мемлекеттік басқарудың арасында терең байланыс орнатты.
Августин өзінің шығармаларында философияға назар аударып, осы ғылымды ерекше құрметтейтінің айтады.Ол өзінің дүниетанымын христиандық діншіл – мифологиямен бірге философиялық қоршаған ортада болып жатқан әрекеттерді философиялық тұрғыда қабылдауды ұсынады. Августиннің пікірінше философия текнағыз діннің дәлелі. Философия ол даналық емес, ол даналыққа деген махабатты білдіреді,- деп жазды Августин,-…..Құдайдың даналығы, адамзатқа қол жетпейтін мұра,- деп сөзін аяқтады.Оның ойынша тек дін ғана адамның небір жақсы тіпті керемет қасиеттерін аша алады, сол кезде ғана адам құдайдын құдіретін көре алады. Философиялық фундамент ретінде Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.397 жылдан бастап Августиннін аты Құдайға деген «махабаттың» белгісіне айналады, ал өзі болса христиан қауымына белгілі аты шыққан Шіркеудің беделді мүшесіне айналады. Осы кездері Августин өзінің ең бір тамаша барлығы керемет деп санайтын «Шындық» деген кітабы өмірге келеді. Ол өзінің кітабында өзінің христиан дінің қабылдағанша қалай өмір сүргенің, өмірде біраз адасқанын тек христиан діні оны өмірдің дұрыс керкмет жақтарын ашқандығы туралы бар шындығын әлемге жариялайды. Августин өз қалған өмірін христиандыққа арнап адамдарды дұрыс жолға қоюға бағыт – бағдар береді шіркеулерді жақсарту үшін өзін аямай еңбек етеді , сонымен қатар ересиямен де күреседі және осынын барлығына да уақыт таба алатын болған. Августин христиандардын барлық кемшілігін жоюға барлық үлесін қосты ол христиан дінің жамылып басына келгендікті істеуге жол бермей ондай адамдарды шіркеуге жоюды ұсынды. Осы мәселелерге байланысты көптеген жинаналыстар жасады 401 жылда 411 жыл аралығында жеті собор жиналысы өтті.
«Құдайдың қаласы туралы». Ол Аспан және Жер деген екі қала туралы ол екі қала адамзаттын пайда болысымен пайда болған және адамдардын өмірімен тығыз байланыста болады.
Бұл екі қала жын –шайтан пайда болысымен пайдаболған және олар бір – біріне жақындығы соншалық олардын тарихын жеке – жеке емес бір болып айтылады. Адамзат тарихын таза адмдар және жоғарғы тап адамдары деп бөлуге келмейтіндей бұл екі қаланын тарихы да бөліне алмайды. Бұл екі қалалар махабаттан жаралған . Жер қаласы — өзіне деген махабатын құдайға деген махабаттан жоғары қояды. Аспан қаласы – құдайға деген махабатын барлынан , өзінен де жоғары деп санайды.Қазіргі заманда бұл өте сирек және бұл қалалар ешқашан болып және өмір сүріп көрген жоқ. Үшінші қала – шайтандар қаласы. Бұл қала ешқашан өмір сүріп көрген де емес . Ол үшін шайтаннын жерді билейі керек Құдай тұрғанда ондай жағдай ешқашан болмайды. Шайтан өзінің бостандығын 3,5 жылға ғана алаалады . Бұл жылы антихрис келіп адамзаттын тарихы бітеді. Ол жылдары да шайтан жерді бағындыра алмайды , өйткені нағыз христиан дін өкілдері өған жол бермейді.3,5 жылды Құдай шайтанға өз қаласын салу үшін емес . адамдардарды қандай мықты жауды жеңгені туралы білсін деп береді, бұл адамдардың өзіне деген сенімділігін арта түсіреді және ешқашан қорықпай өз мақсаттарына жетуіне үйретеді. Бұл үлкен жеңістен кейін ең соңғы күн, сот күні келеді. Бұл күні құдайға сенген және табынған барлық адамдар тіріледі және құдайға табынбай өмір сүрген адамдар шайтанмен жолынан адасқан періштелермен бірге тозаққа түсіп өмір бойы күнәлары үшін ешқашан тыным таппай жауап береді.Августин қала туралы емес, а ол қаланы құратын күнәхарлар туралы айтады, ол күнәхарлар соттан кейін өмір бойы тозақта қиналумен өтеді. Барлық дұрысталған адамдар ең мықты марапаттауға «Құдайдың қаласында» өмір сүретін болады. Барлық адамда өз кінәсі болады, кінәсіз адам болмайды , өзінің жолына түскенше адам адасып жүреді.Бұл қала өмір бойы шексіз өмір сүреді.Бұл қалаға түскендер адамболмайды , жанадан періштелер болады , және алар идеалды түрде болады.Олар мәңгілік құдайдың қасында болады, бірақ олар ешқасан өздерінің атарын да не басынан кешкенің ешқашан ұмытпайды. Олардың өмір сүретін дүниесі басқаша болады, сот күнінен кейін жер отпен тазалып снын орнына басқа қала салынады бұл құдайдың қаласында тек періштелер ғана өмір сүреді, бұл қалада күнәхарларға орын болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет