VGA порты (Video Graphic Adapter) графикалық контроллермен (процессормен)
басқаратын мониторды (дисплейді) қосу үшін пайдаланылады.
IEEE 1394 (FireWire) – сандық бейнекамера немесе фотоаппараттарды қосуға арналған
порттар. Оның ерекшелігі – ені 3-5 мм болатын кішкентай, жылтырақ жалпақ қосқыш
(оның екі стандарты бар). Порт тек дуплексті режимде жұмыс істейді, яғни камерадан
компьютерге ақпарат енгізуді ғана емес, сонымен қатар компьютер бағдарламасының
көмегімен (мысалы, Windows Movie Maker) камераның параметрлерін басқаруға мүмкіндік
береді. Осы порттың көмегімен FireWire интерфейсі бар теледидарды да қосуға болады.
Қазіргі заманғы компьютерлердің айтарлықтай ерекшелігі, FireWire-порттары тікелей
аналық платаға (motherboard), яғни комьютердің негізгі платасына орнатылады,
сонымен қатар онда процессор мен жады орнатылған. Компьютер өндірушілер
мультимедиялық ақпараталмасуға қажет порттарға үлкен мəн береді. Мұндай жағдайларда
компьютердің техникалық сипаттамалары əдетте: «FireWire on board (бортында)» деп
көрсетеді.
HDMI (High Definition Multimedia Interface) – компьютерге теледидарды немесе басқа
бейне жабдығын қосуға мүмкіндік беретін интерфейс жəне порт, (HD – High Definition), ол
бейнелеудің ең жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. HDMI қосқышы USB қосқышына
ұқсайды. HDMI-порт барлық заманауи портативті компьютерлер жиынтығына кіреді.
Bluetooth – ұялы телефондардың компьютеріне, органайзерлерге, сондай-ақ
құлақаспаптарға, плейерлерге жəне көптеген пайдалы құрылғыларға сымсыз қосылуға
арналған құрылғылар (радиобайланыс арқылы). Bluetooth ерекшелігі – компьютерден
алыстаған кезде де (мысалы, 10-15 метрден аспайтын болсаңыз да) компьютермен
телефоныңыз қосылып тұрады. Bluetooth 5 жаңа стандарты сигналды тарату ауқымын,
тасымалдау жылдамдығын, сондай-ақ уақыт бірлігі үшін берілген деректердің санын
ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл интернет желісіне қосылған құрылғылардың
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, пайдалы ақпарат беретін түрлі маяктар мен
датчиктерді пайдаланудың келесі деңгейіне көшуге мүмкіндік береді. Bluetooth LE
технологиясын пайдаланау барысында байланыс арақашықтығы қазіргі уақытқа қарағанда
4 есе артып, жылдамдық 2 есе өседі. байланыссыз берілетін хабарлардың көлеміне келетін
болсақ, ол 8 есе артады.
Достарыңызбен бөлісу: |