MS DOS операциялық жүйе (Microsoft фирмасы) 1981 жылы пайда болады. Қазіргі
кезде бұл ОЖ 6.22 жəне 7.0 нұсқалары бар (Windows 95 құрамында), сонымен қатар басқа
фирма дайындаушылардың басқа түрлері (DR DOS, PC DOS). Қазіргі кезде бұл
операциялық жүйе көптеген компьютерлерде орнатылған. 1996 жылдан бастап MS DOS
Windows 95 түрінде таратыла бастады – 32-разрядтты көпміндетті жəне көпағымды
графиктік интерфейсі жəне кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.
OS/2 операциялық жүйесі жүйелік қолданбалы архитектурасы негізінде IBM
фирмасында дербес компьютерлерге арналған, ал бұрын үлкен ЭЕМ арналған. Бұл
көпміндетті, бірқолданушылы, өте сенімді операциялық жүйе, ол қолданушының мəтіндік
жəне графикалық интерфейсін қамтамасыз етеді. OS/2:
• Қолданушының графиктік интерфейсін қамтамасыз етеді;
• Бірмезгілде бірнеше қосымша программалардың өңделуін;
• Бір қосымша программаның бірнеше есептерін бір мезгілде өңдейді,
яғникөп ағымдылық;
• 32-разрядтты мəліметтерді өңдеу;
• Мəліметтерді магниттік дискіге жазу барысында қысады;
• Жадыны қорғау.
OS/2 ОЖ ең басты ерекшелігі өнімді HРFS (High Perfomance File Ssystem) файлдық
жүйесі болып табылады, мəліметтер қорының серверлерінің алдында артықшылықтары бар
(Ms DOS-тан бөлектігі файлдардың ұзын аттары мүмкін), мультипроцессорлық өңдеуді –
Intel жəне Power PC типіндегі 16 процессорға дейін. OS/2 Warp нұсқасы мультиортамен
жəне Интернет желісіне қатынас қосымша болып енгізілген, VoiceType сөзді тану жүйесі,
Интернет арқылы пошта жіберетін Lotus Notes Mail шоғырланған ортасы. OS/2 –да
қолданбалы программалар орындалады
Windows 3.1 жəне Win32s, бірақ Windows 95 немесе Windows NT ортасында қосымша
программалар орындалмайды.
Көпқолданушылы жəне көпміндетті Unix операциялық жүйесінің болашағы үлкен, бұл
операциялық жүйе Bell Laboratory корпорациясында құрылған. Берілген операциялық жүйе
ашық жүйелер принципін жəне бір есептеу жүйесінің əртүрлі техникалық жəне
программалық құралдарының мүмкіндіктерін іске асырады.
Unix ең маңызды қасиеттерге ие:
• қосымша программалардың бір кампьютерден екінші кампьютерге тасмалдау;
• бір компьютерден басқа компьютерлерге тасымалдануы;
• ЭЕМ үлестірілген мəліметтердің таралуы;
• RISC процессорларымен сəйкестігі .
Достарыңызбен бөлісу: |