Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру



Pdf көрінісі
бет21/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру. Қолданбалы бағдарламалар 
автономды түрде немесе бағдарламалық кешендердің немесе пакеттердің құрамында 
пайдаланылуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру – ДК-де қажетті 
жұмыстың орындалуын тікелей қамтамасыз ететін бағдарламалар: мəтіндік құжаттарды 
редакциялау, электрондық кестелерді құру, суреттер немесе бейнелерді салу жəне т.б. 
Қолданбалы бағдарламалар дестелері қолдану саласы бойынша проблемалық бағытталған, 
жалпы тағайындалған дестелерге жəне интеграцияланған дестелерге бөлінген 
бағдарламалар жүйесі. Қазіргі заманғы интеграцияланған дестелер бес функционалдық 
компоненттерден тұрады: тестілеу жəне кесте процессоры, ДҚБЖ, графикалық редактор, 
телекоммуникация құралдары. Қолданбалы БҚ мыналарды қамтиды:
1) 
MS Office офистік қосымшалар жиынтығы;
2) 
бухгалтерлік жүйелер;
3) 
қаржылық аналитикалық жүйелер;
4) 
іс қағаздарын жүргізудің интеграцияланған пакеттері;
5) 
CAD-жүйелер (автоматтандырылған жобалау жүйелері);
6) 
HTML редакторлары немесе Web – редакторлары;
7) 
браузерлер – Web-беттерді көру құралдары;
8) 
графикалық редакторлар;
9) 
сараптамалық жүйелер жəне басқалар.
Сервистік бағдарламаларының ең кең таралған түрлерінің бірі – архивтеуге жəне 
сақталған ақпаратты қысу арқылы жинақтауға арналған бағдарламалар.
Ақпаратты қысу – бұл файлда сақталған ақпараттың артықтығын азайтып, сақтау үшін 
аз жадты қажет ететін түрлендіру процесі. Файлдардағы ақпаратты қысу ондағы ақпарат 
артықтығын жою арқылы əртүрлі тəсілдермен жүзеге асырылады, мысалы, кодтарды 
оңайлату, ондағы тұрақты биттерді немесе қайталанатын символдарды немесе қайталану 
коэффициенті түрінде қайталанатын таңбалар тізбегін алып тастау жəне т.б. Ақпаратты 
қысу үшін қолданылатын бұл тəсілдерде түрлі алгоритмдер қолданылады. Бір немесе 
бірнешефайлдарды қысуға болады, олар қысылған түрде архивтік файл немесе архив деп 
аталатын файлдарға орналасады.
Архивтік файл – бұл арнайы ұйымдастырылған файл, оның құрамында қысылған немесе 
қысылмаған пішінде бір немесе бірнеше файл жəне осы файл атауы, құрылған күні жəне 
уақыты туралы қызметтік ақпарат сақталады.
Файлды жинақтаудың мақсаты əдетте дискідегі ақпаратты ықшамдауды қамтамасыз 
ету, уақытты қысқарту жəне компьютерлік желілердегі байланыс арналары бойынша 
ақпаратты тасымалдау құнын азайту. Сонымен қатар, файлдар тобын бір архивтік файлға 
жинақтау арқылы, оларды бір компьютерден екіншісіне көшіруді айтарлықтай 
жеңілдетеді, файлдарды дискілерге көшіру уақытын азайтады, ақпаратты рұқсатсыз 


22 
қолданудан қорғауға мүмкіндігін береді, компьютерлік вирустардан қорғауға көмектеседі.
Қысу дəрежесі пайдаланылған бағдарламаға, қысу əдісіне жəне бастапқы файл типіне 
байланысты. Ең жақсы қысылатын файлдар графикалық бейнелер жəне мəтіндік деректер 
файлдары, олардың қысу коэффициентінің 5-40% дейін жетуі мүмкін, қысылатын 
орындалатын бағдарламалар мен жүктеу модульдерінің қысу коэффициенттері нашарлау
– 60-90%. Архивтік файлдар айтарлықтай қысылмайды. архивтеу бағдарламалары 
қолданылатын қысу əдістерімен ерекшеленеді, бұл əрине, қысу коэффициентіне əсер етеді.
Архивтеу (жинақтау) – бастапқы файлдарды қысылған немесе қысылмаған түрде архив 
файлына орналастыру (жүктеу).
Архивтен шығару (архивті ашу) – архивтегі файлдарды архивке жүктелгенге дейінгі 
алғашқы түрде шығару. Ашу кезінде файлдар архивтен алынып, дискіге немесе жедел 
жадыға орналастырылады.
Қазіргі уақытта бірнеше ондаған архивтеу бағдарламалары қолданылады, бұл олардың 
функциялары мен жұмысының параметрлері бойынша ерекшеленеді, бірақ ең 
жақсыларының сипаттамалары шамамен бірдей. танымал бағдарламалардың қатарына 
шетелде құрылған: ARJ, PKPAK, LHA, ICE, HYPER, ZIP, PAK, ZOO, EXPAND
 
бағдарламаларын, сондай-ақ Ресейде құрылған AIN жəне RAR бағдарламаларын атауға 
болады. Əдетте файлдарды қысу жəне ашу бірдей бағдарламамен орындалады, бірақ кейбір 
жағдайларда бұл əртүрлі бағдарламалармен жасалады, мысалы, PKZIP бағдарламасы 
файлдарды қысады, ал PKUNZIP – файлдарды архивтен шығарады.
Архивтеу бағдарламаларының бір түрі, файлды архивтен шығаруға қажетті қандай да 
бір бағдарламаларды талап етпейтінін архивті файлды құру мүмкіндігін береді, себебі онда 
архивтік файлдар өздігінен ашатын бағдарламаны қамтуы мүмкін. Мұндай архивтік 
файлдарөздігінен ашатын файлдар деп аталады.
Өздігінен ашатын архивтік файл – бұл жүктелетін, орындалатын модуль, ол архивтеу 
бағдарламасын пайдаланбай файлдарды өздігінен ашуға қабілетті болып табылады. 
Өздігінен ашатын архив SFX-архив (SelF-eXtracting) деп аталды. MS DOS ішіндегі осы 
түрдегі архивтер əдетте *.EXE файлы түрінде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет