Желілік деңгей (Network layer). OSI үлгісінің 3-ші деңгейі мəліметтерді жіберу
жолын анықтау үшін арналған. Логикалық адрестер мен атауларды физикалық түрге
аударуға, қысқа бағыттарды, коммутацияны жəне бағдауларды анықтауға, желідегі
кемшіліктер мен бөгелістерді қадағалауға жауап береді. Бұл деңгейде маршрутизатор
сияқты желілік құрылғы жұмыс істейді.
Мəліметтер тобының деңгейі (Data Link layer). Бұл деңгей жиі каналдық деп
аталады. Бұл деңгей физикалық деңгейде желілердің өзара əрекет етуін жəне пайда болуы
мүмкін қателіктерді бақылауды қамтамасыз ету үшін арналған. Физикалық деңгейден
алынған мəліметтерді ол фреймдер ге жинақтайды, бүтіндігін тексереді, қажет болса
қателіктерін тексеріп, желілік деңгейге жібереді. Каналдық деңгей өзара байланыстарды
басқара отырып, бір немесе бірнеше физикалық деңгейлермен өзара əрекет ете алады.
Мұндай интерфейстердің мысалы: ODI, NDIS
Физикалық деңгей (Physical layer). Үлгінің ең төменгі деңгейі, олтікелей мəліметтер
тобын жіберуге арналған. Электрлік немесе оптикалық сигналдарды кабельге немесе
радиоэфирге жіберуді жəне сəйкесінше мəліметтер биттеріне сандық сигналдарды кодтау
əдістеріне сəйкес оларды қабылдау мен өзгертуді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда,
желілік тасымалдағыш пен желілік құрылғы арасындағы интерфейсті орындайды. бұл
деңгейдесигналдың концентраторлары (хабтар), қайталағыштары (ретрансляторлар) мен
медиаконверторлар жұмыс істейді. Физикалық деңгейді функциялары желіге қосылған
барлық құрылғыларда іске асады. Компьютер жағынан алғанда физикалық деңгейдің
функциясы желілік адаптер немесе тізбектелген порт арқылы орындалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Телекоммуникациялық технологиялар?
2. Интернет технологиясы?
3. Хаттамалар түсінігі?
Əдебиеттер:
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб
Алматы 2021ж.
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova,
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”,
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 .
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., Турганбекова М.М.,
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020
4. Шевчук
Е.В.,
Шпак
А.В.,
Кольева
Н.
С.
ИНФОРМАЦИОННЫЕ
64
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо,
2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition –
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge,
MA, COPYRIGHT © 2014.
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash
ICT,Almaty,Bastay2017
Достарыңызбен бөлісу: |