131
зерттеулердің нəтижелері, вакцинациялар, дəрідəрмектерді
тағайындау, емдеу əдістері
жəне электронды түрде жинақталатын өзге де мəліметтер.
Электрондық кестелер – компьютерде кесте түрінде сандық есептеулерді құру жəне
сақтау бағдарламалары.
Электрондық коммерция –
коммерциялық ұйымдар, үй шаруашылықтары, жеке
тұлғалар,
мемлекеттік органдар, басқа да коммерциялық жəне коммерциялық емес
ұйымдарды
тарта отырып, тауарларды жəне қызметтерді сату немесе сатып алу үшін
коммерциялық қызметтегі акт-ны пайдалануға негізделген электрондық бизнес
салаларының бірі.
Электрондық кітап – серверде немесе ықшам дискіде орналасқан гипермəтін немесе
гипермедиа жүйесі.
Электрондық өзара əрекеттесу ортасы – бірін-бірі өзара
іс-қимыл кезінде билік
органдарының ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ азаматтардың немесе бизнеске тиесілі
сыртқы жүйелердің өзара əрекеттесуін қамтамасыз ететін стандарттар, нұсқаулықтар мен
əдістер жиынтығы.
Электрондық пошта – компьютер мен байланыс құралдарын пайдаланып, бағытталған
хабарламаларды беру тəсілі.
Электрондық сандық қолтаңба – жасанды көшірмеден
қорғауға арналған сандық
құжаттың көшірмесі. Ол жеке кілт көмегімен құжатты криптографиялық түрлендіру
нəтижесінде құрылады жəне қол қою кілті мен иесінің сəйкестігін анықтауға, сондай-ақ
осы цифрлық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.
Электрондық тақта – желіде ақпаратты (хабарларды,
бағдарламалық
қамтамасыздандыруды) сақтау жəне ұсынудың ашық жүйесі. Кез келген пайдаланушы
электронды тақтадан ақпаратты ала алады немесе оған мəліметтерін жібере алады.
Қашықтықтан оқытуда электронды тақталар телекөпір немесе
виртуальды аудиторияны
ұйымдастыру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: