Презентация құру бағдарламасы – графика, мəтін жəне диаграммаларды пайдалану
арқылы пайданушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету қажет болған жағдайда
компьютерлік экранда слайдтарды дайындау жəне көрсетуде қолданылатын (мөлдір
пленкада, қағазда слайдтарды дайындау) электрондық бағдарлама.
Растрлық бейне – нүктелерден тұратын бейне.
Сайт (Site) – интернеттегі сервердің мекен-жайы. Жиі Web жиынтығын осылай атайды.
Салалық инновациялық жүйе – жеке бағыттағы (салада) инновациялық қызметке
бағытталған ұлттық аж (Ұаж) бөлігі.
Сандық бейне – цифрлық түрде ұсынылған электрондық бейне. Сандық бейнелеудің
үш негізгі түрі бар: растрлық графика, векторлық графика, фракталдық графика.
Сервер (Server) – деректерді қамтитын жəне басқа компьютерлерге қызмет көрсететін
желі торабы; желіге қосылған жəне ақпаратты сақтау үшін пайдаланылатын компьютер.
Смартфон – жеке электрондық көмекшілердің түрі – қалта дербес компьютерімен
салыстырылатын жетілдірілген функционалдығы бар ұялы телефон.
Сілтеме (Link) – берілген құжат аралық байланысты жəне басқақұжаттардың арасынды
байланысты (гиперсілтемені) құрушы құжат элементі.
Тақырып аумағы – нақты немесе қабылданған əлемнің берілген тұрғыда
қарастырылған объектілерінің жиынтығы.
Тегін бағдарламалық қамтамасыздандыру – бастапқы кодқа еркін қол жеткізуге
жəне келесі терминдерде пайдалануға болатын тегін таратылатын бағдарламалық
жасақтама: кез келген мақсат үшін бағдарламаны еркін орындауға; бағдарламаның
жұмысын еркін зерттеп, оны пайдаланушы қажеттіліктеріне бейімдеуге; қолданушыға
көмек ретінде көшірмелерді еркін таратуға; бағдарламаны ерікті түрде жақсартып, осы
жақсартуларды қоғам мүддесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Телекоммуникация желісі – өзара байланыстағы компьютерлер мен байланыс
құралдарының жиынтығымен құрылған, техникалық жəне ақпараттық ресурстарды
ұжымдық пайдалануға арналған ақпараттық алмасу жəне өңдеу желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |