Ұлттық инновациялық жүйе (ҰНЖ) – елдегі инновациялық қызметті дамытуды
қамтамасыз ететін заңнамалық, құрылымдық жəне функционалдық компоненттердің
жиынтығы.
Ұялы телефония – телефон байланысының сымсыз технологиясы. Ұялы телефония
адамдардың заманауи өмір салты мен ойлаудағы өзгерістеріне айтарлықтай əсер етіп,
оларды ақпараттық қоғамға тəн құралдармен қамтамасыз етеді.
Файл сервері (File Server) – қашықтағы пайдаланушыларға (клиенттерге) өз құрамында
сақталған файлдарға рұқсат беруге арналған компьютер.
Хаттама – ақпараттық-коммуникациялық технологияларда екі агент арасындағы өзара
іс-қимыл процесін нақты сипаттайтын тəртіп. Хост (host) – байланыс сұрақтарын жəне
желілік ресурстарға қол жеткізуді шешетін желі торабында орнатылған компьютер
(сервер).
Цифрлау – түпнұсқалық сандық емес деректерді, ұзақ мерзімде сақтау мүмкініндін алу
мақсатында, цифрлық формаға аудару.
Шифрлау – ақпарат мазмұнына қатынауды шектеу үшін ақпаратты кодтау.
Шлюз – əртүрлі хаттамалар арқылы екі желіні қосуға арналған бағдарлама, мұндағы екі
желі арасындағы деректер бір-бірімен алмасады.
Іздеу машинасы, іздеу жүйесі (Интернетте) – интернеттегі сайттар туралы ақпаратты
автоматты түрде жинайтын, жіктейтін жəне оны пайдаланушылардың сұрауы бойынша
беретін бағдарламалық жасақтама. Мысалы: AltaVista, Google, Excite, Northern Light жəне
басқалар.
Электрондық ақша – əдетте банктердің қатысуынсыз, электронды түрде ғана
қолданылатын жəне айналымдағы ақша.
Электрондық байланыс (Телекоммуникациялар) – тарату ортасына қарамастан,
электромагниттік тербелістер арқылы байланыс жасау.
Электрондық денсаулық сақтау – медициналық қызмет көрсету, медициналық
бақылау, медицина əдебиеті, медициналық білім, денсаулық сақтау жəне ғылыми
зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтау жəне онымен байланысты салалардағы
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың экономикалық тиімді жəне
сенімді нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |