14 тақырып Мектеп оқу бағдарламасына сай ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау
Практикалық сабақтың жоспары
Ғылыми тұрғыда тақырып таңдау мәселесін қарастыру.
Өзектілігін дәлелдеу, зерттеудің жаңалығы мен күтілетін нәтиже жайлы ақпарат беру.
Әдебиет деректерімен жұмыс.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (28-31)
15 тақырып Биологияны оқытуда қолданылатын оқытудың инновациялық әдістері
Практикалық сабақтың жоспары
Оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, оқушының зерттеу іс әрекетіне бағыт бағдар беру.
Зерттеу кезеңдерін анықтау.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (28-31)
16 тақырып Эксперимент жүргізу әдістемесі
Практикалық сабақтың жоспары
Биологиялық зерттеулердегі эксперимент түрлері.
Бақылау әдістері.
Зерттеуде қолданылатын қолжетімді құрал жабдықтар жайлы мағлұмат.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (28-31)
17 тақырып Зерттеу нәтижелерін талдау. Қорытындылау.
Практикалық сабақтың жоспары Теориялық материалмен эксперимент нәтижелерін саралау, салыстыру, қорытынды жасау.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер (28-31)
Тыңдаушының өзіндік жұмысы
№1. CLIL-ға кіріспе / жадта жаңғырту
Жеке презентациялар және кері байланыс. CLIL презентациялары.
Қатысушылар кейбір CLIL әдістерін жеке ұсынады.
Әріптестер мен жаттықтырушының кері байланысы
№2. Мобильді құрылғыларға арналған биологиялық қосымшалар, олардың сипаттамасы, скриншоттары және пайдалану нұсқаулары туралы презентация жасау. Бұл презентацияны биология мұғалімдерімен бөлісу және осы қолданбалардың қайсысын оқу процесінде пайдалануға болатынын талқылау.
№3. Мобильді құрылғылардағы қолданбаларды тауып, зерттеу. Табиғи қорықтарға, хайуанаттар бағына немесе ботаникалық бақтарға виртуалды экскурсиялар жасауға мүмкіндік беретін мобильді құрылғылардағы қолданбаларды тауып, зерттеу. Олардың мектеп біліміндегі мүмкіндіктері мен қолданылуын сипаттау.
№4. Веб-сайтты құру. Қосымша беттер мен мазмұн қосылған таңдалған тақырып бойынша веб-сайтты құруды аяқтау.
№5. Тәжірибені виртуалдандыру. Нәтижелерді интерпретациялауды және білім беру мақсатында виртуалды талдауды қолдану туралы қорытындыларды қоса алғанда, жүргізілген иммуноферменттік талдаулар туралы есеп жазу.
№6. Білім берудегі жобалау қызметі бойынша сызбанұсқа жасау. Тыңдаушылар жобалау қызметіндегі тәжірибесін қалыптастыра отырып, негізгі бағытты қолдануды ұсынамыз: оқу бағдарламасында қарастырылған әртүрлі арнайы пәндерді (кәсіби модульдерді) оқып үйрену үдерісінде жобалау қызметін қолдану және білім алушылардың болашақ кәсіби қызметіне байланысты шығармашылық жобаларды іске асыруға қатыстыру. Оқу процесінің, жеке сабақтың немесе сыныптан тыс жұмыстың моделін құру қажет болған жағдайда сызбанұсқа түрінде құрылады.
№7.Экологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құру. Идеяларды нақтылай отырып, мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігін жобалау әдісі арқылы қалыптастыру моделінде қамтылатын ұғымдар, яғни қазіргі биолог мұғалімнің тиімді және нәтижелі жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қажетті іс әрекеттерін мен көрсеткіштерін айқындау мақсатында педагогті даярлауға бағытталған модель жасау.
№8 Биологиядағы зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
1. Биологиядағы зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
2. Оқушымен ғылыми зерттеу тақырыбын таңдап алып, зерттеу жоспарын құрастыру.
3. Биологиялық зерттеу жүргізу әдістемесін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру
4. Жобаны саралау және қорғауға зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талдауын жасап, қорғауға дайындалу.
5. Биология сабақтарында инновациялық оқыту әдістерін қолдану арқылы мектеп оқушыларын ғылыми зерттеулерге ынталандыру жолдары
6. Биология сабақтарында ғылымға қызығушылық танытатын оқушылармен жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Тапсырма беру, бақылау жүргізу және іс әрекетіне бағыт бағдар беру жолдарын жоспарлау, талдау
7. Мақала бойынша жұмыс жасау.Мақала құрылымы. Тәжірибелік мақала. Мақала талабына сай жарияланымға рәсімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |