7.2. Практикалық сабақтар
1 тақырып. «Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар» курсына кіріспе
Практикалық сабақтың жоспары
Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Қазіргі ғылыми әдебиеттегі «педагогикалық технология» түсінігі.
Оқыту технологиясының сипаттамалары.
Қазіргі оқыту технологияларына қойылатын әдістемелік талаптар.
Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар
Әдістемелік нұсқау: Ғылыми зертеу еңбектерімен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Тақырып бойынша семинар сабағына жақсылап дайындалып, ауызша талдау қажет. Тақырыпты ауызша еркін талдаған білім алушы жоғары бағаланады. Әр аптаның тақырыптарын уақытымен орындап отыру қажет. Сараптау талдау жұмыстары негізінде қабілеттерін дамыту.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер: 1,12,16, 20,21.
2 тақырып. Тарих сабағында ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың жалпы негіздері
Практикалық сабақтың жоспары
Қоғамдық-әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы.
Мектептің немесе сыныптың ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың теориялық негіздері, ұйымдастырудың шарттары.
Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты.
Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны.
Әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; тақырыпқа байланыстысын сұрыптап, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап жазып, мүмкіндігінше конспект жасаңыз,талдауға дайындалыңыз.
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер: 2,12,16, 20,21.
3 тақырып. Білім берудегі технологиялық тәсіл
Практикалық сабақтың жоспары
1. Оқыту технологияларының тиімділігінің көрсеткіштері.
2. Оқытудың технологиясы мен мазмұны.
3. Технология және оқыту модельдері.
Достарыңызбен бөлісу: |