Білім беру бағдарламасы курс атауы «Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар»



бет10/23
Дата01.05.2024
өлшемі88.14 Kb.
#500245
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Тарихты-оқытудағы-ақпараттық-технологиялар

6.3. Практикалық сабақтар (Workshop)



Сабақтың атауы

Сабақ мазмұны

Сағат саны

Ескертпе

1

«Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар» курсына кіріспе

Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Қазіргі ғылыми әдебиеттегі «педагогикалық технология» түсінігі. Оқыту технологиясының сипаттамалары. Қазіргі оқыту технологияларына қойылатын әдістемелік талаптар. Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар

2



2

Тарих сабағында ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың жалпы негіздері

Қоғамдық-әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы. Мектептің немесе сыныптың ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың теориялық негіздері, ұйымдастырудың шарттары. Жобалаудың мәдени-инновациялық сипаты.
Жобалаудың адам ресурстарын дамытуда алатын орны.

2




3

Тарих сабағында ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың жалпы негіздері

Оқыту технологияларының тиімділігінің көрсеткіштері.
Оқытудың технологиясы мен мазмұны.
Технология және оқыту модельдері.

2




4

Білім беру ұйымдарын цифрландырудың өзекті мәселелері



«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы өзекті мәселелер.
Цифрлық білім беру ресурстары мен виртуалды лабораторияларды пайдалану (БілімЛэнд, күнделік кз) және т.б.
Цифрлық бағдарламалардың көмегімен цифрлық электронды ресурстарды жасау әдістемесі.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану жағдайында мектептің денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарында цифрлық білім беруді ұйымдастыру.

2




5

Тарихты оқытуда «Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)» қолданудың тиімділігі

Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәнін оқытудың заманауи аспектілері.
Тарихты оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Пәндік (мазмұндық), педагогикалық, технологиялық білім және аспектілері.
Мазмұнды (тарих) білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі.

2




6

Мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы сабақтарды дидактикалық қамтамасыз етуді дайындау әдістемесі

Білім беру үдерісін дидактикалық қамтамасыз етуді және ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы заманауи сабақтарды жобалау. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы STEАM-оқытудың (Science Technology Engineering Math – Сайнс Технолоджи Инжиниринг Мас) рөлі. Цифрлық білім беру ресурстарын және виртуалды зертханаларды пайдалану. Мектептегі технологиялар және сандық видео, аудио және подкастинг.
3D мұражайлардың заманауи технологиялар арқылы тарихты оқытудағы маңызы.
ZOOM, YouTube, әлеуметтік желілер эфирлерін пайдалана отырып онлайн сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі: жаңа тақырыпты түсіндіру, оқу тапсырмаларын орындау бойынша нұсқаулық. «Күнделік» ААЖ-мен жұмыс.

2




7

Оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану

Көрнекілік және көрсетілім әдісін қолдану. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Тарих сабағында картамен жұмысты ұйымдастыру. АКТ қолдану барысындағы санитарлық нормалар. STEAM-тарихи мәліметтермен жұмыс жасауды үйрету. Білімді бақылау және тексеру мақсатында көп функциялы Google-құжат, Padlet, ClassTime қосымшаларын пайда лану технологиясы.

2




8

Заманауи педагогтің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру, оқыту мен үйретуде АКТ технологияларды қолдану тиімділігі

Болашақ педагог мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудың басым бағыттары. Оқыту мен оқуда АКТ технологияларды қолдану тиімділігі. Тарих пәнінен электронды цифрлік контент құру.
Смарт техниканың кейбір мүмкіндіктері және оларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану.

2




9

Lesson Study/ Сабақты зерттеу

Lesson Study әдістемесінің тарихына шолу.
Lesson Study теориялық негіздері.
Lesson Study жоспарлау, өткізу, талдау.
Lesson Study өткізуде тарих пәнінің ерекшелігін ескеретін мәселелер.

2




10

Тарихты оқытуда дарынды және алымы нашар оқушылармен жұмыста ақпараттық технологияны тиімді қолданудың жолдары

Аксиологиялық, тұлғаға бағытталған, сараланған, іс-әрекет, жүйелік тұрғылар, оқытудың дидактикалық ұстанымдар.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі.
Дарынды оқушылармен жұмыс және даралай оқыту.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс.

2




11

Тарих пәндерін оқытуда АКТ қолдану арқылы бағалау үрдістері

Блум таксономиясы бойынша оққу мақсаты, бағалау критерийі, тапсырма жасаудың жолдары.
Ішкі және сыртқы уәжді дұрыс туындата алу. Кері байланыс. Рефлексия.
Тарихты оқытуда қалыптастырушы бағалау жұмыстарын ұйымдастыруда АКТ қолдану.
Тарих сабағында саралау тәсілін қолдану кезінде АКТ тиімді кіріктіру.
Күнделік.кз платформасындағы бағалауға қатысты талаптар.



2




12

Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы. ҚМЖ-ды жоспарлауда АКТ кіріктіру.

Сабақ. Сабақтың түрлері, типтері.
Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ жоспары және оның негізгі компоненттері.
Білім алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтау (оқытудың арнайы құралдары); Инклюзивті білім беру ортасы.
Сабақта қолданылатын жұмыс формалары, әдіс-тәсілдер, амалдарды АКТ арқылы тиімді ету жолдары.
«Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытуда белсенді оқу әдістерін қолданудың маңызы.

2




13

Тарихи сана мен ойлауды дамыту ерекшеліктері.

Тарихи сананы қалыптастырудағы өзекті мәселелер.
Тарихты зерттеп оқудағы өркениеттік көзқарас.
Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша білім мазмұны іқағидаттары: тарихилық принцип, ғылымилық принцип, спиральдік принципі.
Тарихи ойлау дағдылары мен концептілер және оларды тиімді жүзеге асыру жолдары.
Тарихи ойлау дағдыларын дамытуда ақпараттық тезнологияларды қолдану мүмкіндіктері.

2




14

Тарихты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда АКТ қолданудың тиімді жолдары.

1.Жады және оның түрлері. Сабақта жадыны дамытуға арналған жаттығуларды АКТ арқылы қолдану жолдары.
2.«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытуда белсенді интербелсенді ресурстарды қолданудың маңызы.
3.Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні.
4.Білім беру үдерісін дидактикалық қамтамасыз етуді және ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы заманауи сабақтарды жобалау.

2




15

Тарих сабақтарында оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс.

1.Оқу үдерісінде графикалық органайзерлер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
2.Оқулықпен, электрондық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс.
3.Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәсілдері.
4. Кейс-стади: wiki бетін тарих сабақтарында сабақтарында пайдалану.

2







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет