Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет17/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Бақылау сұрақтары:



  1. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың жалпы қағидаларына түсінік беріңіздер

  2. Өнімді кетірудің басты мақсаты неде?

  3. Тоңазытқыш технологиясы дегеніміз не?

  4. Биоз қағидасының ерекшелітері қандай?

  5. Гемибиоз дегеніміз не?



Дәріс № 3
Тақырып: Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Астық өнімдерінде болатын физикалық қасиеттерімен танысу.
Жоспар:Астық массасының сусымалылығы.

  1. Өздігінен сұрыпталуы.

  2. Астық массасының қуыстылығы.

  3. Астық массасының сорбциялық қасиеттері.

  4. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбасталу

қасиеттері.

  1. Ұн мен жарманың физикалық қасиеттері.

Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық массасының барлық қасиеттерін тәжірибеде келесідей екі топқа бөледі:

Астық қабылдау мекемелеріне алуан түрлі дақылдардың астық топтары әртүрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б.түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. стық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға-сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады
Негізгі компонент - астық тобы деп аталған дақылдың /бидай, арпа ж.б/ дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Ол аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезеңі де әр мезгілде жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет